Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Үлкендермен сәлемдесу

Сабақтың тақырыбы: <<Сәлем-сөздің анасы>>
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ізеттілікке,сыпайылыққа,әдептілікке,достыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Оқушыларды үлкендермен амандасуға,бір-бірімен сәлемдесуге,бір-біріне ізет,сый-құрмет көрсете білуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жүрекшелер, шарлар, көңіл-күй топтамасы
Сабақтың әдістері: баяндау, топтау, көрнекілік, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Марта:Сәлем-арабтың <<тыныштық>>, <<бейбітшілік>> мағынасындағы <<ассалам>> сөзінен шыққан.Тегінде,әдеп,адамшылық амандасудан басталады.Сәлемдесудің мәні-ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою,өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану,ниеттерінің ақ,адал,таза екенін білдіру.
Нармина:Мұсылмен халқында амандасу <<Ассалаумағалейкум>> деген сөзден басталады.Ол <<Сізге Алланың нұры жаусын>> деген сөз екен.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып,алдыменсәлем береді.Ал сәлем алушы <<Уағалейкумассалам>> деп оң қолын береді
Айнұр: Сәлемдесу - барлық халық да адамгершілік қарым-қатынастың алғашқы бастауы, кілті сияқты сезіледі. Қазақ халқында сәлемдесу рәсімдері күрделі. Әсіресе, үлкенге сәлем беру реті-жауаптырақ. Соны әркім қатаң сақтауға керек.
Ерсейіт: Барып сәлемдесу реті кез келген уақытта, кім көрінгенге барып сәлем бермеген, бұрында.Бір ауылдағы немесе бір туыстықтағы бір жасы үлкен, ел-жұртқа сыйлылығымен танылған адамдарға ғана әдейі уақытын арнап, сапар етіп сәлем беруге баратын болған. Немесе, ауыл адамдарының ішінен біреулер оқудан, әскерден, т.б. сапардан келіп жатса, жасы үлкендерге сәлем беріп шығу борыштарлығын өтейтін болған.
Ұлан:Қазақта ешқандай шаруасыз, арнап сәлем беру рәсімі-ертеден қалыптасқан ізеттілік. Оны көбіне бір туыстықтың адамдары, құдандалы, жекжат, дос-жарандар атқарып жататыны халқымызда әлі жалғасып келеді. Міне, қарап отырсақ, сәлем беріп бару реті- баратын адамның жасы, немесе жолы үлкен болу шарттылығына байланысты екен.
Ерұлан: Үлкендермен сәлемдесу
Егер сәлем беретін адамның ата жастағы, аға жастағы болса, қайда кездессең де, бұрылып қасына келіп сәлемдесу орынды. Егер азамат жасы үлкен ер адамдарға- <<Ассалаумағалейкум, ата>>, немесе <<ассалаумағалейкум, аға!>>-деп сәлем беріп, екі қолын бірдей ұсынады. Ал, сәлем алушы- <<уағалейкумассалам>>,-деп екі қолын немесе бір қолын берсе де айып емес.
Ерғалым: Жасы қатар адамдармен сәлемдесуі.Жасы қатар адамдар кездесе қалса, қайсысы сәлемдесуге бұрын ыңғайланса да артық емес. Егер, екеуі сәлемдесуге ыңғайланып жатса, өте дұрыстық болады. Қатар адамдар бір-біріне <<сәлематсыз ба>> деп амандасады да қояды. Кейде жастардың айы-күніне дейін белгілі болып жатса <<мен сәлемдік үлкенмін>>- деп екіншісінен сәлем дәметіп жатады.
Дарын: Жасы кішілермен амандасу.Жасы кішілермен сәлемдеспейді, амандасады. Жасы кіші байқамай, сәлем бере алмай жататын жайлар кездеседі. Ондай да <<Ау, пәленшежан-ау, амансың ба, үлкен жігіт болдың ба?>> деп, өзіне қаратып амандаса бастайды. Сол кезде ол да <<байқамай қалыппын-ау, ассалаумағалейкум>> деп сәлемін беру артық емес.
Шегебай: Жүзі танысқа сәлемдесу.Түрлі жүріс-тұрыс ретінен (жұмысқа, шаштаразға, моншаға, киноға, т.б.) жүріс ыңғайластығына байланысты кездесіп тұратын адамдар болады. Олардың аты-жөнін білмесең де, кездескенде бас изесіп амандасып өте беруге болады.
Қуатқан:Бір үйге кіріп келгенде оның үй иелері жасы кіші адамдар болса да, сырттан кіруші <<Ассалаумағалейкүм>>- деп үйге сәлем беріп кіруі керек. Мұны шаңыраққа сәлем беру деп те атайды. Қазақта шаңырақ қашанда үлкен саналған. Сосын барып, үй ішіндегі адамдар жасының ретіне қарай, өздері сәлемдесе бастайды.
Еркебұлан: Сондай-ақ,адамдар көлік үстінде (ат, машина) кездесе қалса, тек көліктен түсіп амандасулары қажет. Көлік үстінен амандасуды қазақ әдепсіздік деп түсінеді. Сәлем беруші жас адамның үлкен кісіге екі қолын бірдей ұсынуы-ықыласыммен сәлемімді беремін, дегенге мегзейді. Сәлемін беріп, оң қолын кеудесіне басып, басын июі-ақ жүрегіммен сәлемімді беріп тұрмын, басын июі-ілтипат етемін-дегенге мегзейді.
Жеткерген:Ең бастысы-кішінің үлкенді сыйлау борыштарлығы халқымызда сәлемдесу рәсімінде де қарастырылған екен. Кіші үлкенге сәлем бермесе, оны әдепсіз деп сөккен ғой. Сонымен бірге, сәлемдесу әңгімелері- әрбір қозғалыстың өзіндік сипатына қарай өзгеріп отырады. Мысалы: бір жігіт әскерден келсе, біреу оқудан келсе, біреу бір мақсатты сапардан келсе, біреу көшіп келсе, соның әрқайсысының тақырыбына сай аман есен әңгімелері айтылып жатады
1-оқушы: Әкем: <<Үлкен кісіні көрсең, оны танысаң да, танымасаң да алдымен сәлем бер>> деп отырады.
2-оқушы: Халқымыздың төбе биі Төле би <<Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал орнынан тұрып сәлем береді>> деген сөзі бар.
3-оқушы: Ислам діні сәлем беруді, рұқсат сұрауды шариғатқа кіргізген. <<Сәлем - Алланың жердегі есімдерінің бірі>> делінген. 347-хадисінде.
4-оқушы: 91- хадисінде <<Біріңмен-бірің сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім махаббаты оянады>> делінген.
5-оқушы: <<Егер сізге сәлем берілсе, сіз одан жақсырақ, болмаса тап өзіңдей етіп жауап қайтарыңыз>> (86-аяттан).
Мұғалім: Қандай жағдайларда сәлем беруге тыйым салынады.
А қ ы л ә л і п п е с і
1-оқушы: Ата-ананың тілегі-
Адам болып өскенің .
2-оқушы: Адамдықтың белгісі-
Адал болып өскенің
3-оқушы: Әдептілік дегенің-
Әрқашанда керегің.
4-оқушы: Әсемпаздық дегенің-
Әуре-сарсаң әлегің.
5-оқушы: Тәртіпті бала - сүйеніш,
Төбең көкке жетеді.
6-оқушы: Тәртіпсіз бала-күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
7-оқушы: Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
8-оқушы: Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
9-оқушы: Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген.
10-оқушы: Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
11-оқушы: Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
12-оқушы: Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
13-оқушы: Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
14-оқушы: Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
15-оқушы: Көршілерді көргенде,
Сыйлап сәлем беремін.
16-оқушы: Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
Есіңде болсын:
Сыныпқа кіргенде әуелі мұғалімге,сонан соң жолдасыңа амандас
Сыныпқа үлкендер кіретін болса,орындарыңнан тұрып амандас
Көліктен түсіп амандас
Көршілеріңмен жылы амандас
Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе

Ұқсас жұмыстар
Жасы кішілермен амандасу
Сәлем түзелмей
Достар бейнеленген суретті боя
Сәлем берем үлкенге
Тестерді ойын ретінде өткізу
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Рахмет балалар
Гранит. Әктас
Үлкенге құрмет
Басқа балаларға қатынасы
Пәндер