Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жай бөлшек

Тақырыбы: Құрама есептер шығару (презентациясымен)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, екі амалмен шығарылатын есептерді талдау, шығара білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой өрісін - ынтасын, қызығушылығын арттыру, дамыту
Көрнекілігі: Слайдтар, парақшалар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау, бағалау №5 (слайдтан тексеру)
Оқушылар, бастауыш сынып бойынша қандай апталық жүріп жатыр?
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
1 - слайд. << Қызығушылығын ояту>> (Ауызша)
51 - 1 56 - 50 48 - 8 38 - 8 85 - 5
60+5 49+40 20+30 40+50 30+40
( жасырын тұрған жауабын көрсету арқылы қорытындылау)
Жаңа сабақ:
(күннің жадын жазу, тақырыбын жазу)
Өткенді пысықтау: Құрама есептер деген не?
№1 (Ауызша) 2 - слайд
(9 - 5)+3= 7 (17 - 7)+3 = 13 (10+50)- 30 =30
9 -(5+3)= 1 17 -(7+3) = 7 (10+50)- 30 =30
9 - 5+3=7 17 - 7+3 = 13 (10+50)- 30 =30
Нені байқадық? ( Жақша мен жауаптарына тоқталу)
Топтық жұмыс: 3 - слайд
1 - топ №2. 87 бет (оқып орындау)
2 - топ: №3 а) (1 амалмен орындалатын есеп құрастыру және шығару)
3 - топ №3 ә) (2 амалмен орындалатын есеп құрастыру және шығару)
Әр топтан 1 оқушы тақтаға орындайды.
4 - слайд
1 - топ: Болғаны - 30
Кетті - 10
Келді - 5
Сыныпта болды -?
Шешуі: (30+10)+5=25 Жауабы: Сыныпта 25 бала болды.
5 - слайд
2 - топ: №3
а) Қыз балалар - 7
Ұл балалар -?, 3 - еуі артық
Барлығы -?
Шешуі: 7+3= 10 Жауабы: 10 ұл балалар

№3
ә) Шешуі: (7+3)+7 =17
Жауабы: Барлығы 17 оқушы
(Бұл құрама есеп)
6 - слайд
Сергіту жаттығуы: (Оқып, орындау) Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Он саусағым орамды
Қала салсақ жол салсақ.
Тақтамен жұмыс №4 7 - слайд
1 оқушыға оқыту
а) Шешуі: 30+10 =40
ә) Шешуі: 40+20=60 - бұлар жай есептер

Бұл жай есептерді құрама есепке айналдыруға бола ма?
Шарты:
1к - 30м
2к - 10м
3к - 20м
Барлығы -?
Шешуі: (30+10)+20=60
Жауабы: 60 м

8 - слайд. Өз бетімен жұмыс №5
Тиісті жерге жақша қой:
10+60 - 40=30 70 - 20+10=60 100 - 50 - 50 = 0
70 - 20+10= 40 80 - 30 - 30 = 20 100 - 50 - 50 =100
(жауаптарын оқушылар слайд арқылы өздерін - өздері тексереді, бағалайды)

9 - слайд №7. Көпбұрыштардың периметрін тап:
3 топқа 3 тапсырманы беру
1) Көпбұрыш дегеніміз не?
2) Ал көпбұрыштың периметрі деген не?
а) Р=3см+4см+3см+4см
ә) Р=10cv
б) Р =8см

10 - слайд Тест
1. Қосудың қасиетін тап:
А) ауыстырымдылық ә) терімділік Б) еселік
2. 30 бен 50 - дің арасындағы толық ондықты көрсет:
А) 20 ә) 40 б) 60
3. Ең үлкен екі таңбалы санды тап:
А) 90 ә) 100 б) 99
Қорытындылау: Біз бүгін құрама есептер шығардық
Үйге: №6, 87 бет
№8, 88 бет
Сабақтың тақырыбы:
2 сынып
Білімдерін бекіту.

2 слайд
4 сынып
Теңдеу шешу және есептерді теңдеу құру арқылы шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
Есептеу дағдыларының қалыптасу деңгейін, құрама есептер шығара білу, өрнектерді салыстыру, теңдеудің шешу дағдыларын тексеру.

Балалардың есептерді арифметикалық және теңдеу құру арқылы шығару сияқты тәсілдері жөнінде білімдерін қорыту, есептеу дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылыққа баулу. Ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын, ауызша есептеу дағдысын дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, қайталау.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиалық проектор, презентация, салыстыру, санды, деңгейлік карточкалар, деңгейлік тапсырма парағы, бағалау парағы, кемелер, смайликтер, ролик, кесте.
Сабақтың барысы 3 слайд
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға алыстан қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық.
-Сабағымызды бастамас бұрын көңіл күйімізді орнатайық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Бүгін <<Білгенімізді қайталаймыз!>> деген мақсатпен жұмыс кірісейік.
Кіріспе әңгіме: Балалар, сендер дүниетану сабағында әлемнің жеті кереметімен таныстыңдар 4 сынып, еске түсіреміз.

Әлемнің жеті кереметі 4 слайд
1. Мысыр пирамидалары
2. Семирамида бағы (Вавилон)
3. Галикарнас кесенесі (Кіші Азияда)
4. Артемида ғибадатханасы (Эфес)
5. Родос алыбы (Родос аралы)
6. Зевс мүсіні ( Олимпия)
7. Александрия шамшырағы (Мысыр)
Мұғалім: Ал бүгін біз сендермен, Қазақстанның жеті кереметіне саяхатқа шығамыз. Жеті кереметті білу үшін бізге математикалық тапсырмалар көмектеседі, оларды орындай отырып, біз Қазақстанның жеті кереметімен танысамыз.
Ауызша есеп 5 слайд
6+5 = 300 * 4=
8+7= 720 : 8=
4+8= 800*2=
9+9= 900 : 3=
Әр дұрыс жауапқа фишка беріледі. (Бақылау парағын толтырындар)Ауызша есепті жақсы шешкен үшін, алдымызда Қазақстанның 1 кереметі
1 керемет :"Алтын адам" 6 слайд
1970 жылы Алматы облысы, Есік қорғанынан табылған. ІV ғасырда өмір сүрген Сақ ханзадасы, бойындағы қаруы да, киімі де жоғары сапалы алтыннан құйылған.
Жалпы салмағы 2,6 кг. Төрт мыңнан астам әшекей бұйымнан тұрады
Логикалық есеп 7 слайд
* Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр. (5 қоян)
* Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда, тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, оның массасы қандай болады? (2кг)
* Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? (4)
* Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? (1)

Әр дұрыс жауапқа фишка беріледі. (Бақылау парағын толтырыңдар)
* Логикалық есепті жақсы шешкен үшін, алдымызда Қазақстанның
2 кереметі

2 керемет "Қожа Ахмет Яссауи" кешені 8 слайд
Ортағасырлық сәулет өнерінің озық үлгісі. Түркістан қаласында оны парсы шеберлері салған. Күллі мұсылман баласының тәу ететін қасиетті мекеніне айналған ескерткіш. Қазақ хандары мен би, сұлтандары жерленген жер.
Үй тапсырмасын тексеру 9 слайд
Балалар, дәптерлеріңді ауыстырындар да қолдарыңа қара қарындаш алып, бір-бірлеріңді тексеріндер, бағаларыңды қарындашпен қойындар. Мен тексергенде өз бағамды жанына қоямын.

2 сынып
4 сынып

42 - 8 = 34
34 + 8 = 42

90 - 54 = 36
36 + 54 =90

64 + 6= 70
70 - 6 = 64

9 есеп - 23 бет

Берілгені:
1
І кондитер - 5 нан
ІІ кондитер - ? нан 750 нан
Әр кондитер - ? нан пісірді
Шешуі:
1) 750: 5 = 150 ( І кондитер)
2) 750 - 150= 600 (ІІкондитер)

Жауабы: І кондитер - 150 нан
ІІ кондитер - 600 нан

4 есеп (ә) - 36 бет

Үй тапсырмасын тексердік. Әр оқушыға фишка беріледі. (Бақылау парағын
толтырындар) Енді келесі кереметке аттанайық.

Қазақстанның 3 кереметі << Медеу>> мұз айдыны 10 слайд
Іле Алатауының бөктерінде 1691,2 м биіктікте. 1972 жылы салынған спорт кешені. Медеудің ауа райы, атмосфера қысымының төмендегі, күшті желді күндердің аз болуы т.б.табиғи жағдайы спортпен шұғылдануға өте қолайлы.

Дәптермен жұмыс 12 слайд
Ақпанның 14 - ті.
Сынып жұмысы

Өткенді қайталау 11 Слайд
<<Мысалдар құрастыр>> ойыны. Тақтада сандар жазылған үш дөңгелек бейнеленген, мысалы:

1 8 3 6 1 5

Оқушылар қосуға 2, азайтуға 2 өрнек құрастырады.

Салыстыр

17 * 10+7 1дм2см * 13см
19 * 20-1 1дм5см * 20см
Егер тапсырманы орындап болсандар

10 есеп - 25 бет

5 см
3 см 3 см 3 см

2 см
Р=
карточкамен жұмыс
Карточка 1
3+67 * 67+3
34-(18-9) * 75-7 (дәптерге сал)
Тексеру

1. Ойын <<Үндемес>> ойыны
Өрнектер: 9+5=14 7+7=14
5+6=11 8+6=14
7+4=11 9+4=13
Қайталау сабағы
N2 - қозғалысқа берілген есептерді теңдеу құру арқылы шеш.Теңдеу құру арқылы есепті шығару ережесімен таныстыру.
1. Сызбада белгісіз санды х деп белгілеңіз (ол үшін есептің сұрағын оқыңыз).
2.Есептің шарты бойынша тура теңдік құр.
3.Алынған теңдеуді шешіп, дұрыс-бұрыстығын тексер.
а) Теңдеу құру: 50 . х + 60 = 210
ә) Теңдеу құру: 50 . 3 + х = 210

Оқулықпен жұмыс
N3 есепке (тақтада) нұсқау. Есепті оқып шыққаннан кейін сұрақты белгілеп, белгісіз шаманы х деп белгілеңдер. Сосын есеп шартын тағы бір рет оқып шығып, өрнек пен теңдік құрыңдар.
х - дүкен
150 : х - бірнеше дүкенге әкелінді
20 + 30 - бірінші дүкенге әкелінді
150 : х = 20 + 30

Өздік жұмыс 4есеп
Сызбалар бойынша есептер құрастыр, шығар.
Әр оқушыға фишка беріледі. (Бақылау парағын толтырыңдар)
Енді келесі кереметке аттанайық.
12 слайд 4 керемет Бурабайдың табиғаты өте көркем, сұлу. Барлық елдерден келіп, біздің табиғатымызды тамашалап, демалып кетеді. Қазақстанның кішкентай Швейцариасы деп атайды.
13 слайд Сергіту сәті
-Балалар, алдарында деңгейлік тапсырма парағы бар және деңгейлік карточкалар. Солардың ішінен өзің шығара алатын деңгейді таңдайсындар, міндетті түрде бір деңгейді орындауың керек, егер тез шешсең, келесі деңгейлерді шешуге болады

14 слайд
Х - 20 = 5
Х-тің мәнінен 20-ны алғанда 5 саны шығады, яғни 20 санынан 5 артық болатын сан х-тің мәні болады. Ол 25 саны.
Х - 20 = 5 тексеру: 25 - 20 = 5
Х = 20 + 5 5= 5
Х = 25
Оқулықпен жұмыс

3 есеп(тақтада) Теңдеу шешу.

4есеп (тақтада)
1- жәшікте - 30 кг сары май ? кг
2- жәшікте -? 5 кг сары май
Шешуі: 30+(30+5)=65

Жауабы: барлығы - 65 кг

<<Қайықты кемеге жеткізу >> ойын-жарысы.
Мұғалім: мақсаты қай оқушы өз қайығын кемеге тез жеткізеді.
Ойынның шарты Әр оқушы жолындағы тапсырмаларды орындай отырып, қайығын бірінші болып кемеге жеткізу керек.
Марапаттау Кім бірінші қайғын кемеге жеткізеді 3 фишкаға ие болады, егер екінші болып келсе 2 фишкаға ие болады, ал үшінші келсе 1 фишкаға ие болады.

Деңгейлік тапсырма
Сендер қазір өздігінен жұмыс істейсіңдер.Сендердің парталарында деңгейлік есептер жатыр. Солардың ішінен міндетті түрде бір есепті шешулерің керек. Егер де бір есепті шешсеңдер, келесі есептерді шешуге болады.

1 деңгей:
үшбұрыш

2 деңгей:
шаршы

3 деңгей:
жұлдыз

Әр оқушыға фишка беріледі. (Бақылау парағын толтырыңдар)
Жақсы көп жұмыс орындадыңдар, енді келесі кереметке аттанайық
15 слайд 5 керемет
<<Байқоңыр>> ғарыш айлағы Тұңғыш жер серігі Байқоңыр ғарыш аймағында ұшырылды. Басқарылатын әуе кемелерімен ғарышкерлер космосқа ұшуын жалғастырып келеді.
16 слайд Сөзжұмбақ
17 слайд <<Ақтаудағы атом реакторы>> Каспий суын тұщы суға айналдыратын атом реакторы осы қалада.
18 слайд <<Математикалық жұмбақ>>
19 слайд <<Астана>> Есіл өзенінің сол жағалауына салынған Қазақстан Республикасының жаңа Астанасы. Астананы бәрің көрдіңдер, қандай ғимараттарды білесіңдер?
20 слайд Үйге тапсырма
2 сынып 4 сынып
6 есеп - 25 бет 7 есеп - 39 бет
7 есеп - 25 бет 8 есеп - 39 бет
Сабақты қорыту:
- Ал, балалар Қазақстаннан неше керемет таптық? (7 керемет)
- Балалар бүгін сабақта біз не білдік?
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Бағалау:- Жиналған фишкаларды санаңдар?
Релаксация <<Әлемнің жеті кереметі>>
1. Бір күні мектепте мұғалім апай: <<Әлемнің жеті кереметі>> бүгінгі күнде сендер оны қалай түсінесіңдер және де білесіңдер ме? - деп мұғалім оларды атап жазуды сұрады.
2.Бірнеше талас-тартыстан кейін тізімге түсті.
1. Мысыр пирамидасы
2. Тадж Махал
3. Үлкен каньон
4. Әйгілі Қытай қорғаны
5. Рим колизейі
6. Иорданиядағы Петрдің шіркеу кешені.
7. Перудегі Мачу - Пикчу инктердің ежелгі қаласы.
3.Балалар жазып болған соң мұғалім жұмыстарын жинап болған кезде, көзіне бір оқушы қыз түсті. Ол әлі жұмысын тапсырмады. Сонда: мұғалім апай: <<Саған тізім жасау қиыншылық тудырды ма?>> - деп сұрады.
Қыздың жауабы: Иә, әлемде кереметтер көп қой. Мен тізімді толықтыра алмай отырмын. Әлемде кереметтер өте көп! <<Өте жақсы>>, - деді мұғалім. Сен маған жұмысыңды көрсете ғой, мүмкін мен саған көмектесе алармын.
Сонда қыз біраз ойланып: <<Әлемнің жеті кереметі>> - олар:
1. Көру
2. Есту
3. Түйсіну
4. Дәм тату
5. Сезу
6. Күлу
7. Жақсы көру
Сол кездегі сыныптың тыныштығын-ай! Ешкімнің демі де естілмеді.
Алла тағала бізге берген барлық қасиеттерін. Біз бір бақыт деп білуіміз керек. Оның өзі де ғажайып кереметі емес пе
Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Жарияланды 9-05-2013, 14:24 Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға <<Жай бөлшектер, оларды оқу және жазу>> туралы түсіндіру. Оқушылардың есептер шығару дағдысын жетілдіру. Жай бөлшектердің оқылуын және жазылуын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын
арттыру. Ауызша, жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, компьютер слайды, тірек - сызбалар.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру
А) Сынып тазалығы, оқушылардың сабаққа қатысуы
Б) Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
ІІ Өтілген тақырыпты пысықтау <<Тест бойынша біліміңді тексер>>
І Топқа
1. Ең үлкен ортақ бөлгіш деген не? ЕҮОБ
Ж: а және в сандары бөлінетін ең үлкен натурал сан.
2. ЕҮОБ (6; 12) =
ЕҮОБ (15; 225) =
ЕҮОБ (16; 64) =
ЕҮОБ (4; 44) =
ЕҮОБ (5; 35) =
ІІ Топқа
1. Ең кіші ортақ еселік деген не? ЕКОЕ
Ж: Осы сандарға еселік болатын ең кіші натурал сан.
2. ЕКОЕ (3; 8) =
ЕКОЕ (2, 5) =
ЕКОЕ (8, 11) =
ЕКОЕ (6, 7) =
ЕКОЕ (10, 100) =

ІІІ Жаңа сабақ
1. Электронды оқулық арқылы түсіндіру
2. Мысалы: Жер телімі 9 бөлікке бөлінген. 4 гүлшіде - көк, 3 гүлшіде - сары,
2 гүлшіде - қызғылт жұлдызгүл тұқымы болады. Әрбір гүлші бір атызға ғана отырғызады. Сұрақ: Жер телімі бірдей қанша атызға бөлінді?
?- қызыл,?- сары,?- қызғылт
1/9; 4/9; 3/9; 2/9 бөлшектің алымы, бөлімі, оқылуын түсіндіру.
Ереже:
Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді. 1: 9=1/9
Бөлшек сызығы бөлу дегенді білдіреді.
4/9; 4 - бөлінгіш, 9 - бөлгіш
Бірнеше мысалдар арқылы тақырыпты түсіндіремін.
1 см қанша дм болатынын табайық:
1дм=10см. Демек, 1 дм - дің 1/10 бөлігі 1 см - ді құрайды.
Жауабы: 1 см=1/10 дм

Есептер шығару: №358 -№359 ауызша
№360 -№362 есептерді сурет бойынша орындап, жай бөлшектерді жаздыру.
№360 Әр шаршының боялған бөлігін жай бөлшекпен жазу керек.

№361
Фигуралар берілген.
Фигуралардың қандай бөлігі боялғандығын анықтап жазу керек.
№362
Фигураның боялған бөліктері жай бөлшекпен дұрыс көрсетілген бе?
1 - дұрыс 2 - дұрыс 3 - дұрыс емес 4 - дұрыс емес
№363
Алтыдан бес 5/6
Он үштен сегіз 8/13
Отыз сегізден үш 3/38
Қырықтан он бір 11/40
Тоқсан жетіден жиырма 20/97
Үш жүзден алпыс екі 62/300
№364 есепті орындау
2: 17=2/17 ------------- 72: 113=72/113
6: 19=6/19 ----------------- 324: 1001=324/1001
31: 100=31/100 ---------------- 500: 501=500/501
22: 25=22/25 ---------------------- 721: 999=721/999

Өздігінен жұмыс:
Әрқайсысың 5 жай бөлшек жазыңдар

№365
1) 2/23 = 2: 23 ----------------- 7/400= 7: 400
2) 10/47 = 10: 47 ------------------ 11/3462= 11: 3462
3) 65/73 = 65: 73 ---------------------- 400/523= 400: 523
4) 205/333 = 205: 333 ------------------ 1489/5555= 1489: 5555

Шығармашылық тапсырма:
Үш таңбалы сан ойлаңдар. 123
Ойлаған санға осы санның өзін тіркеп жаз. 123123
Екінші оқушыға бер.
Қағазға жазылған санды 13 - ке бөліп, шыққан санды үшінші оқушыға бер.
Ол санды 11 - ге бөліп, 4 - ші оқушыға бер.
4 - ші оқушы 11 - ге бөлінген санды 7 - ге бөліп, шыққан санды оқиды. Бұл сан бірінші ойлаған оқушының саны болады.
№366 есепті шығартамын.

ІУ. Қорытындылау:
1. Жай бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
2. Жай бөлшектің алымы нені білдіреді?
3. Екі натурал санның бөліндісін жазу тәсілдері қандай?
4. Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?
У. Үйге тапсырма:
№367 есеп
УІ. Бағалау: Оқушылар күнделігіне баға қою

Ұқсас жұмыстар
Үлестер. жай бөлшектер
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру
Үлес. математика 5 сынып сабақ жоспары
Жай бөлшектерді оқу
Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Дұрыс бөлшек әрқашан бірден кем
Дұрыс және бұрыс бөлшектер. 5 сынып
Жай бөлшекті бөлу
Ондық бөлшектерді қосуға және азайтуға есептер шығару
Аралас санды аралас санға бөлу
Пәндер