Архимед күші (§55) бойынша 7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Физика
Сұйықа батырылған денеге кері итеруші күш туралы білімдері мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабақ барысында оқушылардың пікір алмасуға, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
Кері итеруші күштің пайда болу себебін білу.
Сұйықа батырылған денеге кері итеруші күш туралы білімдерді есептер шығаруда қолдану
Математика
Есептер шығару барысында математикалық амалдарды қолдану.
Сабақ барысы
Құрал жабдықтар
(Ресурстар)
Сабақтың басы:
5-7 мин
Ұйымдастыру
- Амандасу
- Оқушыларды түгендеу
Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Сұрақ: Балалар! Неліктен кемелер суға батпайды?
Сабақтың ортасы
13-15 мин
Тәжірибе: Суы бар ыдысты алып оған жұмыртқаны саламыз, жұмыртқа батады. Екінші суы бар ыдысқа 1 қасық тұз салып араластырамыз, сосын оған жұмыртқаны саламыз. Жұмыртқа су бетінде қалқып тұрады. Бұл құбылысты түсіндіру.
Тұз салынған ыдыстағы жұмыртқаның батпау себебі: судың тығыздығы бірінші ыдысқа қарағанда көп болуы.
Архимед күші - тепе-теңдік жағдайдағы сұйыққа тұтастай немесе жартылай батырылған кез келген дененің бетіне төменнен жоғарыға қарай тік бағытта әсер ететін гидростатикалық қысым күші. Архимед күші ауырлық күшіне қарсы бағытталған.
Сұйықтықта немесе газда орналасқан дененің жүзуі, я болмаса батуы оның ауырлық күші 𝐹а мен Архимед күштерінің 𝐹𝐴 модульдерінің қатынасымен анықталады. Әр бір дене үшін келесі үш жағдай болуы мүмкін:
𝐹а>𝐹𝐴 болса, онда дене сұйықтыққа батып кетеді.
𝐹а<𝐹𝐴 жағдайында дене сұйық бетіне қалқып шығады,
𝐹а=𝐹𝐴 кезінде дене сұйық ішінде жүзіп жүреді.
Архимед заңы тұжырымдамасы: сұйықтыққа батырылған денеге оның сұйықтыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Сұйықтыққа батырылған денені ығыстыратын күшті Архимед күші (FА) деп те атайды.
Негізгі формулалар:
FА = ;
FА - Архимет күші [Н]
𝜌с - сұйықтықтың тығыздығы [кг/м^3]
𝑉д - дененің көлемі [м^3]
𝑔 - ауырлық күші үдеуі (𝑔=9. 8 Н/кг)
Оқушының аты-жөні:
Тест тапсырмасы:
1. Сұйыққа батырылған денеге қандай күш әсер етеді?
А. төмен басушы
Ә. төмен тартушы
Б. * кері итеруші
В. кері тартушы
2. Архимед заңы дұрыс жазылған теңдеу
А. *ҒА= pVg
Ә. ҒА= Vg
Б. ҒА= mVg
В. ҒА= mgh
3. Көлемі 1 м3 денені суға батырсақ қанша кері итеруші күш әсер етеді? Судың тығыздығы -1000кг/м3.
А. 1000Н
Ә. 100Н
Б. *1Н
В. 10Н
4. Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді?
А. *Дененің көлемі мен сұйықтың тығыздығына
Ә. Дененің ұзындығы мен еніне
Б. Дененің тығыздығы мен массасына
В. Дененің ұзындығы мен көлеміне
1. Емен ағашының суға толық батырылған кесегіне 9, 8 Н Архимед күші әрекет етеді. Осы ағаштың көлемі қандай? ρ=1000 кг/м3 (0, 001 м3)
Берілгені:
ҒА=9, 8 Н
ρ=1000 кг/м3
g=9. 8м/с2
V-?
Шешуі:
Fа = V
V= =0. 001м3
2. Керосинге батырылған темір білеушеге әсер ететін кері итеруші күш 20 Н болса, оның көлемі қандай? ρ=800 кг/м3 (0, 0025 м3)
Берілгені:
ҒА=20 Н
ρ=800 кг/м3
g=9. 8м/с2
V-?
Шешуі:
FА = V
V= =0, 0025м3
3. Көлемі 7, 5 дм3-ге тең тастың массасы 18, 7 кг. Осы тасты суда батырмай ұстап тұратын күшті анықта. ρ=1000 кг/м3(110 Н)
Берілгені:
V =7, 5дм3 = 0, 0075м3
ρ=1000 кг/м3
g=9. 8м/с2
m=18, 7кг
ҒА-?
Шешуі:
FА = ;
=2493, 3кг/м3
ҒА=(2493, 3-1000) *9, 8*0, 0075=109, 75Н
Ыдыстағы су, жұмыртқа, тұз.
Таратпалы материалдар (тест тапсырмасы, есептер)
Сабақтың соңы
2-3 мин
Оқушылар өз ойларын стикерге жазып көрсетеді
- Нені білдім, нені үйрендім
- Нені толық түсінбедім
- Немен жұмысты жалғастыру керек