Компьютерлік графиканың түрлері

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ

педагогикалық колледжі» МКҚК

Бекітемін

Директордың оқу

жұмысы бойынша орынбасары

А. Рахимжанова

___ 20__жыл

№__ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Оқытушы: Қамалиден Айгерім Сағындыққызы

Пән : Информатика

Мамандық : 0105000 - «Бастауыш білім беру»

Топ И-31 Күні

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторды оқыту әдістемесі

Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі

1. Ұйым-дастыру кезеңі
2. Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
1. Ұйым-дастыру кезеңі: 3
2. Тірек білімдерін қайталау: 20
3. Жаңа материал-ды баяндау: 20
4. Жаңа матери-алдарды бекіту: 15
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру: 20
6. Үй тапсырмасы: 5
7. Са-бақтың қорытындысын шығару: 7
8. Бар-лығы: 90

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту , аралас, қайталау, бақылау.

Сабақтың түрі жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға графика туралы түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік беру. Қолдану салалары. Оның түрлерімен таныстыру

Дамытушылық: студенттердің ой-өрісін, дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, таным ойлау қабілеттерін кеңейту сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылық пен ұстамдылыққа, бір-бірін сыйлауға баулу.

Пәнаралық байланыс: Математика, сызу, дене шынықтыру

Материалдық-техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

Негізгі әдебиеттер:

  1. «Информационные технологии» - Москва, 2013.
  2. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал
  3. Информатика негіздері журналы. №3 2014 ж

Қосымша әдебиеттер:

1. Информатика негіздері журналы №6 2013 ж

2. Информатика және біз. Алматы-2012ж

3. Информатика практикум - Алматы - 2006ж

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.

2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)

Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.

  1. Рower Point бағдарламасының терезесі неден тұрады?
  2. Слайд дегеніміз не?
  3. Бағдарламаны іске қосу жолдары қандай?
  4. Презентацияның қолданылу мақсаты.
  5. Презентация құру кезеңдерін ата?

3. Жаңа материалды баяндау

Жаңа материал анализ-синтез әдістері арқылы түсіндіріледі. Проблемалық жағдаят туғызу, шығармашылық тудыру арқылы оқушы қабілеті арттырылып, оқытушы тарапынан көмек көрсетіледі.

4. Жаңа материалды бекіту

Жаңа материал сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі.

  1. Corel Draw қандай графикалық редактор?
  2. Adobe Photoshop қандай графикалық редактор?
  3. Paint қандай графикалық редактор ?
  4. Компьютерлік графика нені оқытады?
  5. Компьютерлік графиканың негізгі қызметі мен анықтамасы қандай?

5. Білік-дағдыларын қалыптастыру (өзіндік жұмыс)

Өзіндік жұмыстарға тапсырма беріледі (ауызша, жазбаша түрде) .

  1. Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.

  1. Әр түрлі типті эллипс құралын пайдалана отырып, бұлттың суретін сал.

  1. 1. Шеңбер мен қисық сызықты пайдалана отырып, шәйнектің суретін сал.

6. Үй тапсырмасы

Өтілген тақырып бойынша пікірлесуге дайындық, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, деректер келтіру. Графикалық редакторды оқыту әдістемесіне қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру.

Графикалық редакторлардың түрлері тақырыпты оқып келу.

7. Сабақ қорытындысын шығару «5»___ «4»___ «3» «2» _ ___ _

Оқытушы

(Ф. А. Ә. ) қолы

ДӘРІС МАТЕРИАЛЫ

Компьютерлік графика

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

mhtml:file://D:\Temp\Мои Документы\казбек\для сайта\15.mht!http://project68.narod.ru/Integ/1/681/pic/sl.jpg

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар - графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

mhtml:file://D:\Temp\Мои Документы\казбек\для сайта\15.mht!http://project68.narod.ru/Integ/1/681/pic/dg.gif

Іскерлік графика - қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

mhtml:file://D:\Temp\Мои Документы\казбек\для сайта\15.mht!http://project68.narod.ru/Integ/1/681/pic/kg.gif

Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

mhtml:file://D:\Temp\Мои Документы\казбек\для сайта\15.mht!http://project68.narod.ru/Integ/1/681/pic/ig1.jpg

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

rg

Жарнамалық графика - теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.

ag

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік графика түрлері
Векторлық графика
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары
Компьютерлік графика түрлері. 7 сынып
Компьютерлік графика. 8 сынып
Компьютерлік графика туралы
Компьютерлік графика
Трапецияның орта сызығын табуға есептер шығарту. графикалық ақпараттарды кодтау
Графикалық ақпараттарды ұсыну
Тақырып - Компьютерлік графика түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz