Негізгі буындағы информатика сабағында компьютер қолдануға арналған оқу-әдістемелік жоспар

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ

педагогикалық колледжі» МКҚК

Бекітемін

Директордың оқу

жұмысы бойынша орынбасары

А. Рахимжанова

20__ жыл

САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Оқытушы Қамалиден Айгерім Сағындыққызы

Пән: Информатиканы оқыту әдістемесі

Мамандық : 0111093 - информатика мұғалімі

Топ: И -41 Күні _

Сабақтың тақырыбы : Негізгі буындағы информатика сабағында компьютер қолдану туралы ұйымдастыру-педагогикалық нұсқаулар

Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі

1. Ұйым-дастыру кезеңі
2. Тірек білімдерін қайталау
3. Жаңа материал-ды баяндау
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
6. Үй тапсырмасы
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
8. Бар-лығы
1. Ұйым-дастыру кезеңі: 3
2. Тірек білімдерін қайталау: 20
3. Жаңа материал-ды баяндау: 20
4. Жаңа матери-алдарды бекіту: 15
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру: 20
6. Үй тапсырмасы: 5
7. Са-бақтың қорытындысын шығару: 7
8. Бар-лығы: 90

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту , аралас, қайталау, бақылау.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі-баяндау сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге негізгі буында информатика пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттерінің ерекшеліктерін түсіндіру, бірлесе отырып талдау жасау. Геннадий Анатольевич Звенигородский, Андрей Петрович Ершов және Юрий Абрамович Первин атты ғалымдардың информатика саласына сіңірген еңбектері жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ереже-сіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету. Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік : Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Өз ойын жүйелей алу дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика.

Материалдық-техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
  2. Исаев С. Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000
  3. А. Г. Гейн, А. И. Сенокосов, К. В. Тұрмағамбетова “Информатика” 2004 ж

Қосымша әдебиеттер:

1. Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением.

2. Задачи по программированию/ С. А. Абрамов, Г. Г. Гнездилова, Е. Н. Капустина, М. И. Семон - М. : Наука. Гл. ред. физ. -мат. Лит., 1988-224 с.

3. Касаткин В. Н. Информация, алгоритмы, ЭЕМ. - М. : Просвещение, 1991-192с.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (студенттердің сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру) Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.

2. Тірек білімін тексеру - сұрақ-жауап (топпен, жеке-дара, тапсырмаларды орындау, тесттер, кроссвордтар)

Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері арқылы студент білімі тексеріліп, өтілген материал тақырыбы өтілетін материалмен байланыстырылады.

3. Жаңа материалды бекіту сабағы

Қазіргі таңда компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық талаптарын анықтау орта мектептегі информатика пәнін оқыту мысалында қарастырылған. Алайда, информатика сабағында компьютерді пайдалану көкейтесті мәселе болса да қазіргі педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысаны ретінде аз қамтылған. Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздемесін Ж. А. Қараев ұсынған. Алайда, біріншіден, он жылдан астам уақыт бұрынғы компьютерлік технологияны педагогикалық бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері мүлдем өзгеше (төмен) болғандықтан; екіншіден, бұл жұмыста интернет желісі, электрондық оқулықтар мен виртуалды лабораториялар мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан; үшіншіден, танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттырудың тұтастай дидактикалық шарттарының жиыны анықталмады. Егер оқушылардың танымдық іс-әрекетіне компьютерлік технология пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен белсенділігі артып, шығармашылық пен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп білім сапасы артар еді, сонымен бірге оқу үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалану - олардың қазіргі заман талабына сай жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамға жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлігімен анықталады.

Білім беру үрдісі - ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын үрдіс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.


Ұқсас жұмыстар
Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Негізгі буындағы информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешені: құрылымы, түрлері және критериалды бағалау қағидаттары
Информатика пәнінің негізгі буындағы оқу-әдістемелік кешен: талаптары, құрылымы және түрлері
7-сынып информатика: Дербес компьютер құрылымы мен негізгі блоктарының қызметтері
Компьютер құрылғыларын оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
7-сынып информатика пәні: Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері - қысқа мерзімді жоспар
Информатика әлемінде сайысын өткізуге арналған оқу-әдістемелік сценарий
Дербес компьютер және оның негізгі құрылғылары
Негізгі буында информатиканы оқытудың мақсаты, мазмұны және әдістемелік негіздері
5-сынып информатика сабағының тақырыбы: Компьютер құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz