Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құмырсқа еңбекқор жәндік

Мақсаты: Еңбекті адамзат тарихындағы құндылық деп бағалап, құрметтей алатын өмірлік жағдайларда қолдана білетін елжанды тұлға қалыптастыру.
Қолданылған технологиялар: АКТ, дамыта оқыту технологиясы, ойын технологиясы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ой - қозғау,топтық жұмыс.
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер.
Барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де <<Сіз>>
Кішіге де <<Сіз>>
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз.
Ребус.

Шешуі: еңбек
Демек , бүгінгі тақырыбымыз не туралы?

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
<<Еңбекқор>> деп қандай адамды атайды?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Ауа, су , тағам. Ауа, су - табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні -нан. Нан еңбекпен келеді. Тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, денсаулық бәрі, бәрі еңбекпен келеді.
<<Ас атасы - нан>> деген мақал бар. Ендеше <<Қайдан келдің бауырсақ?>> көрінісін ортаға салайық!
Дастарханға шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрды көзін сап.
-Қайдан келдің бауырсақ?
Деп сұрады қуыршақ
-Дүкеннен келдім нан сатқан
Деді оған бауырсақ
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан
-Наубайға келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдім кең жақтан
Жер - анам менің көсілген
Диқандар мені өсірген.
-Балалар көрініс не туралы?
-Көрініс бауырсақ туралы.
-Дастарханға бауырсақ қалай келеді?
Балалар сендердің үйлерінде бауырсақты апаларың мен мамаларың неге пісіреді?(қазанға май құйып пісіреді)
Дұрыс айтасыңдар. Ендеше нан туралы кім өлең айтып береді?
Нан қиқымын шашпаңдар.
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
Ойын. <<Қайдан келдің бауырсақ?>>
Шарты:Бауырсақ қайдан келгені жайлы барлық суреттерді ретпен орналастыру.
Егін-диірмен-наубайхана- дүкен- дастархан
Сиқырлы терезеге назар аударайық. Сендердің алдарыңда әр түрлі суреттер тұр. Қайсысының бауырсаққа қатысы бар?
(қазан)
Қаншама еңбекпен келген нанды қастерлеп , қадірлейік!
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Көрді допты жолдағы
Олай шығып қарады
Бұлай шығып қарады
Үлкен тау деп ойлады?

-Өлең не туралы?
- Өлең құмырсқа туралы.
-Ол қайда бара жатты?
-Ол жұмысқа бара жатты.
-Біз құмырсқаны қандай жәндік деп білеміз?
- Құмырсқа еңбекқор жәндік.
А) Құмырсқалар адамдар сияқты өз илеулерін қорғайды, бірігіп, бірлесіп еңбек етеді. Құмырсқалар жәндіктердің арасындағы ең дамылсыз еңбек ететіндердің бірден - бірі.
Ә) Бір жұп құмырсқа бір жыл ішінде 120 мың жәндік, 150 мың жұлдызқұртты жейді. 5 млн ағаш зиянкестерін жейді.
Б) Дүниеде бал беретін құмырсқалар да бар. Олар бал жинау кезінде аралар сияқты жер кезіп, шірне жейді. Ондай құмырсқалар Австралияда кездеседі.
В) Құмырсқаның емдік қасиеті де бар. Оның уы адамға қауіпті аурулардың көпшілігін жаза алады.
Міне, еңбекқор құмырсқалар туралы мағлұмат алдық. Дүниеде қыбырлаған жәндіктерге дейін еңбек етеді.
Құмырсқалардың еңбекқорлығы жайлы бейне - сюжетті көрейік!
Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білеміз?
Еңбек, еңбек бәрін жеңбек.
Ер дәулеті - еңбек.
Еңбек түбі - береке.
Еңбексіз өмір - сөнген көмір.

-Балалар, қандай еңбек түрлерін білесіңдер?( үй жинау, қар күреу, сабақ қарау т.б)
-Адамдарды кімдер емдейді?
-Дәрігерлер. Дәрігерлердің жұмысы өте ауыр. Дәрігер болу үшін көп еңбектену керек.
- Ал сендер өскенде кім болғыларың келеді?
-Аңсаған армандарына жете берулеріне тілектеспін. Осы армандарына жету үшін не істеу керек?
-Көп еңбектену керек.
Ендеше, еңбекқор бала қандай болу керек? Мына қағазға еңбекқор баланың бейнесін салып, өз ойларыңды жазып көріңдер.
Ал өмірде жалқаубектер де бар. Олар қандай балалар? Екінші топ жалқаубектердің бойындағы қасиеттерді сипаттап жазады.
Оқушылар қағазға еңбекқор бала мен жалқаубектің бейнесін сызып, олардың бойындағы қасиеттерді жазып, өз ойларымен бөліседі.
- Біз кімнен үлгі алу керекпіз?
оқушы:
Гүл өсірсең терлеп
Мұның аты - еңбек
оқушы:
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты - еңбек.
оқушы:
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Дұрыс айтасыңдар ,балалар.
Білім терең теңіз бе?
Білім, еңбек егіз бе?
Осы екеуі деңіз де
Рухани азығым
Дейді - атам білімді
Еңбекпенен сен ізде
-деп айтқандай еңбек бар армандарына жетелейді, мұратыңа жеткізеді.
Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерінді, тілектерінді мына парақшаға жазайық!
Жарайсыңдар, балалар! Сендердің қазіргі ең басты еңбектерін -оқу, білім алу. Жақсы оқысаңдар -келешекте үлкен бір маман иесі болып , ата - ана үмітін ақтап, бар армандарыңа жетерсіңдер.

Ұқсас жұмыстар
Құмырсқа мен көгершін
Шегіртке мен құмырсқа жайлы ақпарат
Абай "шегіртке мен құмырсқа". ана тілі пәнінен ашық сабақ
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Құмырсқаның қанағаты. жоспар
Қарлығаш әулие
ІІІ деңгей
Ғажайып моншақтар әлемі
Құмырсқа мен бидай дәні ертегісі
Жәндік атауларының топтастырылуы
Пәндер