Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жасы кішілермен амандасу

Тақырыбы: <<Сөз анасы - сәлем>>

Мақсаты:
:: Оқушыларды ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.
:: Оқушылардың сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыту.
:: Оқушыларды үлкендермен амандасуға, бір - бірімен сәлемдесуге, бір - біріне ізет, сый - құрмет көрсете білуге үйрету
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жүрекшелер, шарлар, көңіл - күй топтамасы
Жүру барысы:
1 Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сәлем - арабтың <<тыныштық>>, <<бейбітшілік>> мағынасындағы <<ассалам>> сөзінен шыққан. Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні - ең алдымен бетпе - бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза екенін білдіру. Мұсылмен халқында амандасу <<Ассалаумағалейкум>> деген сөзден басталады. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдыменсәлем береді. Ал сәлем алушы <<Уағалейкумассалам>> деп оң қолын береді.

Сәлемдесу - барлық халық да адамгершілік қарым - қатынастың алғашқы бастауы, кілті сияқты сезіледі. Қазақ халқында сәлемдесу рәсімдері күрделі. Әсіресе, үлкенге сәлем беру реті - жауаптырақ. Соны әркім қатаң сақтауға керек. Барып сәлемдесу реті кез келген уақытта, кім көрінгенге барып сәлем бермеген, бұрында. Бір ауылдағы немесе бір туыстықтағы бір жасы үлкен, ел - жұртқа сыйлылығымен танылған адамдарға ғана әдейі уақытын арнап, сапар етіп сәлем беруге баратын болған. Немесе, ауыл адамдарының ішінен біреулер оқудан, әскерден, т. б. сапардан келіп жатса, жасы үлкендерге сәлем беріп шығу борыштарлығын өтейтін болған.

Үлкендермен сәлемдесу
Егер сәлем беретін адамның ата жастағы, аға жастағы болса, қайда кездессең де, бұрылып қасына келіп сәлемдесу орынды. Егер азамат жасы үлкен ер адамдарға - <<Ассалаумағалейкум, ата>>, немесе <<ассалаумағалейкум, аға!>>- деп сәлем беріп, екі қолын бірдей ұсынады. Ал, сәлем алушы - <<уағалейкумассалам>>,- деп екі қолын немесе бір қолын берсе де айып емес.
Жасы қатар адамдармен сәлемдесуі. Жасы қатар адамдар кездесе қалса, қайсысы сәлемдесуге бұрын ыңғайланса да артық емес. Егер, екеуі сәлемдесуге ыңғайланып жатса, өте дұрыстық болады. Қатар адамдар бір - біріне <<сәлематсыз ба>> деп амандасады да қояды.
Жасы кішілермен амандасу. Жасы кішілермен сәлемдеспейді, амандасады. Жасы кіші байқамай, сәлем бере алмай жататын жайлар кездеседі. Ондай да <<Ау, пәленшежан - ау, амансың ба, үлкен жігіт болдың ба?>> деп, өзіне қаратып амандаса бастайды. Сол кезде ол да <<байқамай қалыппын - ау, ассалаумағалейкум>> деп сәлемін беру артық емес.
Бір үйге кіріп келгенде оның үй иелері жасы кіші адамдар болса да, сырттан кіруші <<Ассалаумағалейкүм>>- деп үйге сәлем беріп кіруі керек. Мұны шаңыраққа сәлем беру деп те атайды. Қазақта шаңырақ қашанда үлкен саналған. Сосын барып, үй ішіндегі адамдар жасының ретіне қарай, өздері сәлемдесе бастайды.
Ең бастысы - кішінің үлкенді сыйлау борыштарлығы халқымызда сәлемдесу рәсімінде де қарастырылған екен.
1 - оқушы: Айдос Әкем: <<Үлкен кісіні көрсең, оны танысаң да, танымасаң да алдымен сәлем бер>> деп отырады.
2 - оқушы: Асылзат Халқымыздың төбе биі Төле би <<Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал орнынан тұрып сәлем береді>> деген сөз
Мұғалім: Қандай жағдайларда сәлем беруге тыйым салынады.
Ақыл әліппесі
1 - оқушы: Ата - ананың тілегі -
Адам болып өскенің.
2 - оқушы: Адамдықтың белгісі -
Адал болып өскенің
3 - оқушы: Әдептілік дегенің -
Әрқашанда керегің.
4 - оқушы: Әсемпаздық дегенің -
Әуре - сарсаң әлегің.
5 - оқушы: Тәртіпті бала - сүйеніш,
Төбең көкке жетеді.
6 - оқушы: Тәртіпсіз бала - күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
7 - оқушы: Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
8 - оқушы: Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
9 - оқушы: Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген.
10 - оқушы: Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
11 - оқушы: Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
12 - оқушы: Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
13 - оқушы: Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
14 - оқушы: Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
15 - оқушы: Көршілерді көргенде,
Сыйлап сәлем беремін.

Есіңде болсын:
:: Сыныпқа кіргенде әуелі мұғалімге, сонан соң жолдасыңа амандас
:: Сыныпқа үлкендер кіретін болса, орындарыңнан тұрып амандас
:: Көліктен түсіп амандас
:: Көршілеріңмен жылы амандас
:: Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе

Ұқсас жұмыстар
Үлкендермен сәлемдесу
Басқа балаларға қатынасы
"Әдептен озбайық"
Əдептілік сөзден білінер
Пәннің әлеуетін арттыру мақсатында басқа пәндермен пәнаралық байланыс жасап оқытуды тәжірибеге енгіздік
Сәлем түзелмей
Менің досым. Сабақтың тақырыбы
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Әже мен қыз бала
Ата бәйтерек, бала жапырақ
Пәндер