Сандық заңдылықтар бойынша логикалық тапсырмаларға арналған дамытушылық ойын сабақ жоспары

Күні: Сыныбы: Сабақтың тақрыбы: Сандық заңдылықтары Сабақтың мақсаты:
- Қызықты тапсырмалар арқылы сандық заңдылықтары туралы білімдерін толықтыру ;
- Тез ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өмірмен байланысын жақсарту;
- Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Ойын сабақ Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке. Қолданатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, ішінара ізденіс, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, зерттеу . Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі; Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару II. Өткен материалды қайталау :
1. «Кім жылдам?»
Логикалық есептерді шығару III. Жаңа сабаққа әзірлік Сабақтың тақырыбын, мақсатын, хабарлау. IV. Жаңа сабақ. №1. Әр қатардағы сандар қалай орналасқанын мұқият қара. Әр қатарды кем дегенде 12 сан болатындай етіп жалғастыр
1. 1, 3, 5, 7,
2 . 1, 4, 7, 10,
3 . 40, 38, 36, 34,
№2 Тақта шоколад 6 шаршыдан тұрады. Шоколадты жеке бөліктерге бөлу үшін неше сындыру керкек? №3 Жарас Ақылбектің баласы, ал Ақылбек Кәрімнің баласы. Жарас Кәрімге кім болады? №4 Үш қаланың әрқайсысында екі екі қаламен байланыс жолы салынған. Сонда барлығы неше жол бар?
V. Пысықтау . Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
123456789 987654321
VI. Бекіту кезеңі. Нені үйрендік? VII. Үйге тапсырма. Сіріңке ішінен «үй» құрастырылған. Ол басқа жаққа қарайтындай етіп, 2 шидің орнын ауыстыр, суретін салып көрсет.
VIII . Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.