Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Суреттегі табиғи денелерді ата

Күні: Сыныбы:
Сабақтың тақрыбы:Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады ?
Сабақтың мақсаты:
I. Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік беру .
II. Тез ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.Өмірмен байланысын жақсарту;
III. Жауапкершілікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, үлгі дәптер, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, суреттер Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Ойын сабақ Сабақтың формасы:Ұжымдық, топтық, жеке. Қолданатын әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, ішінара ізденіс, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, зерттеу. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау. Оқу құралдарын түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл аудару
Өткен материалды қайталау:
Суреттегі түнгі көрініске қарап,оларға ат қой. Суреттегі табиғи денелерді ата. Түн мезгілінде туған ойыңды әңгімеле. Айналадағы дүниені қалай танып білуге болатынын айт.
Жаңа сабаққа әзірлік Сабақтың тақырыбын, мақсатын, хабарлау. Сергіту сәті.
Жаңа сабақ
Табиғат - адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есеп-қисапсыз төгіп-шашып, ластап, бүлдіріп пайдалануға тиіс емеспіз. Ол - келер ұрпақтың мекен тұрағы, несібесі, көзбен көріп қызықтап, көңіл тойдыратын қуанышы. Осындай болашақ ұрпақтың несібесі, қуанышына нұқсан келтіретін, әрине, табиғаттың ауа, су, жер шектен тыс ластанудың арқасы дер едім. Әрине, оны ластайтын - адамдар, өзіміз. Сондықтан да біз, қай-қайсымыз болсақ та, біздің мақсатымыз да міндетіміз де адамдардың экологиялық ойлауын қалыптастыру, оларға экологиялық тәрбие беру. Экологиялық білім отбасында, балабақшада, мектептерде, кәсіпорындарда беріледі. Отбасынан бастап табиғатқа мейірбандықпен қарауға, оны бүлдірмеуге, суық қолдардың түрлі зиянкестіктер жасауға жол бермеуге тәрбиелеу арқылы қайта қалпына келтіруге болады. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігін әрбір адамның көз жеткізуі тиіс, және ол бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Біздің ата-бабамыз түгін тартса майы шығатын көк майсалы бел, арнасынан асып төгіліп жатқан өзен су, сылдырлап аққан бұлақ, қарағай мен қайыңы, емені мен шілігі, сыңсыған ну орман, қарақаты мен мойылы шілігі, жауқазыны, қызғалдағы құлпырған, аққуы ұшып қазы қонған, бұлбұлы сайрап, көкегі шақырған ұланғайыр дала, орасан зор байлық сыйлап кетті. Иә, ата-бабамыз бізге көк майсалы жер, таза ауа, таза су тастап кетсе, біз болашақ балаларға табиғатты осындай экологиялық нашар шиеленіскен түрде қалдыруымыз керек пе?
VI.Бекіту кезеңі. Нені үйрендік? VII. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

Ұқсас жұмыстар
Өлі және тірі табиғат
Дамытушылық Сабақтың типі
Бөлшектерді конструкциялау
Адам өмірінің кезеңдерін білу
Табиғат құбылыстары
Бейнелеу өнерінде табиғатты суреттейтін жанр
Ұқсас сандарды ата
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию
Геометриялық денелерден құралған натюрморт
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Пәндер