Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Топтың сұрағы

Ана тілі
2-сынып

Сабақтың тақырыбы: БАЛА АБАЙ.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай
Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру.
2. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.
3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге,
ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы
қасиетерге тәрбилеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу,
сұрақтар қою, Венн диаграммасы, топпен жұмыс істеу әдістері.
Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің портреттері, қосымша
әр түрлі кітаптар, сюжетті таблицалар, Абай туралы карточкалар, ватман
қағаз, суреттер т.б. заттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма: Ғ.Қайырбековтің “Алғашқы қоңырау” өлеңін
мәнерлеп оқу және шығармаға сәйкес сурет салып келу тапсырылған. Екі, үш
оқушыға мәнерлеп оқытамын, қосымша сұрақ-жауап алынады. Ы.Алтынсарин туралы
т.б. сұрақтар. Сосын өздері салған суреттері бойынша әңгімелеп береді. Екі,
үш оқушыдан сұрау, тақтаға немесе қабырғаға суреттерді түгел ілу.
Жаңа сабақ: М.Әуезовтің “Бала Абай” әңгімесін оқимыз деп түсіндіріп
өтемін.
1. М.Әуезовтің “Абай жолы” романы туралы бірер сөз айтамын.
Қызығушылықты ояту. Ой қозғау. Мысалы: - Бала Абай деген кім деп
ойлайсыздар? Екі минуттай ойлану, серіктесімен ой бөлісу.
2. Сұрақ-жауап. Диалог. Оның қандай өлеңдерін білеміз, т.б. талдау
жұмысы. Енді бір бағанға жазу білетінімізді тізбектеп айтамыз, дәптерге
жазамыз: Абай – ақын, композитор, суретші, аудармашы, реалист-шыншыл т.б.
тізбектеп жазу. Ал енді, балалар, Абайдың балалық шағы туралы романнан
үзінді берілген, соны оқып беремін. Әңгіменің ұнаған, ұнамағанын сұраймын.
1. Мәнерлеп оқу (өзім).
2. Сұрақ-жауап.
3. Рольмен оқыту.
4. Кейіпкерлерді табу.
Енді түртіп алу жүйесімен жұмыс істеу v + - ? осы (- +) белгілер
бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі.
Оқушы түсінбеген сөз, сөйлем, сөз тіркестерін сұрайды, бір-бірімен ой
бөліседі. Сергіту сәті. Топпен жұмыс.
Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беру (3, 4, 5) арқылы түгел
балалардың жұмыс істеуіне жағдай туғызамын.
І. Топтың сұрағы. Бала Абайға мінездеме беріңдер.
ІІ. Топтың сұрағы. Абайдың әжесі мен анасына мінездеме беріңдер.
ІІІ. Топтың сұрағы. Байкөкшеге мінездеме беріңдер.
ІV. Топтың сұрағы. Барласқа мінездеме беріңдер.
V. Топтың сұрағы. Барлас Абайға қандай бата берді?
VІ. Мәтіндегі нақыл сөздерді тап, дәптерлеріңе жаз.
Топпен жұмыс жүргізіліп, топ басшылары жауап береді.
3. Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын құрайық. Екі кейіпкерді алып,
ортақ және ұқсамайтын үш қасиетін тауып жазу тапсырылады. Бұл жұппен жұмыс.
Жұптасу арқылы ой бөлісу.
Сабақты қорыту: Венн диаграммасы.

|Барлас |Байкөкше |
| | |
| | | |
|Ақын |1. Екеуі |Жыршы |
|Қартаң |де ер адам|Жастау |
|3. “Қобыланды |2. Екеуі |3. “Қозы |
|батыр” жырын |де жыршы |Көрпеш-Баян сұлу” |
|біледі | |жырын біледі |

Венн диаграммасына жалпы ойды қорытып, тақтаға ватман қағазға жазып
іліп қоямын. Жалпы таблицалар мен кітаптарға шолу. Сұрақтар қою. Абайдың
нақыл сөз, мақал, афоризмдерін сұрап өту.
Үй жұмысы: Мәтінді мәнерлеп оқу. 5-6 тапсырма.
1. Сөздік дәптермен жұмыс.
2. Авторлық дәптерлеріне Абай мен Мұхтарға Венн диаграммасын құрып келу
тапсырылады.
Бағалау кезеңі.

Ана тілі

2-сынып

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов. “Байлық”.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға байлықтың не екендігін түсіндіру,
әңгіменің мазмұнын ашу.
2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды ойлануға, өздері
ізденіп, сұраққа жауап беруге жол ашу.
3. Топпен жұмыс арқылы өз пікірін еркін айтуға үйрету.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Байлықтың қалай келетіндігін, еңбек арқылы
бәріне қол жеткізуге болатындығын, жалпы байлық дегеннің не екендігіне көз
жеткізу.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ
қою, Венн диаграммасы, түртіп алу жүйесі, топпен жұмыс, болжау, көрнекілік
стратегияларын пайдалану.
Сабақтың көрнекіліктері: М.Дулатовтың портреті, ватман қағаз, сюжетті
суреттер, қосымша кітаптар, карточкалар, т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй жұмысын тексеру: Мұзафар Әлімбаевтың “Сөз құдіреті” өлеңін 1, 2
оқушы мәнерлеп оқиды. Сонан соң 2, 3 тапсырма бойынша өздерінің жазған
шығармаларын оқиды. Шығармаға сәйкес салған суреттерін айтып, әңгімелеп
береді. Сыпайы, қатты сөздер туралы мақал-мәтелдер айтылады. Оқушылардың
салған суреттерін түгел қабырғаға ілемін.
Жаңа сабақ: Жаңа бөлім “Еңбек түбі – береке” атты тақырып туралы бірер
сөз. Өткен бөлімді пысықтап өту, “Байлық” тақырыбын өтетіндігіміз және
кіріспе бөлімінде еңбек туралы бірер сөз, автор М.Дулатов туралы айтылып
өтіледі, портретімен таныстырамын.
Қызығушылықты ояту: Ой қозғау: Байлық дегеніміз не? Оқушыларға уақыт
беріледі. Өз ойын дәптерге жазу, оны серіктесімен бөлісу. Ортақ ойды
тақтаға жазу байлықтың 2 түрін бөліп көрсетемін.
Байлық

|Материалдық: |Рухани: |
|Киімі, тамағы, төрт түлік малы, |Ақыл-ой, денсаулық, |
|машина, ақша, доллар, дүние-мүлкі |қайрат-күш, білімі, өнері, |
|т.б. |еңбегі, спортпен айналысу т.б.|

Өз ойларын қайталамай, бір-бірлеп айтып шығады. Оны тақтаға тізіп
жазамын. Балалардың ойын білген соң оқулықтың 116-бетіндегі “Байлық”
тақырыбына назар аударып, оқымас бұрын сюжетті, суреттерді магнитті тақтаға
іліп, балаларды жаңа сабаққа әзірлеймін. Болжау стратегиясы бойынша сұрақ
қойып, осы суреттің жаңа сабаққа байланысы бар екендігін түсіндіремін.
Сурет бойынша балалар тіл дамытып, әңгімелейді. Сосын тақырыпты мәнерлеп
оқып беремін. Өздеріне іштей оқытамын. Рольмен үш оқушы оқып шығады. Сонан
соң сұрақ-жауаптар айтылады. “Түртіп алу жүйесі” стратегиясы бойынша + v -
? түсінбеген сөздерді белгілетіп, сөздік жұмысын жүргіземін. Мысалы: жарлы
жігіт, мұңын шақты, қадірлі кісі, шәкірт т.б. сөздерге түсініктеме
беріледі.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді (қимылдармен орындайды).
Мағынаны тану: топпен жұмыс. Оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар
таратылады.
І топ: Жарлы жігітке сипаттама бер. Ұнай ма? Неге?
ІІ топ: Ұстазға мінездеме бер. Ұқсағыларың келе ме? Неге?
ІІІ топ: Бұл әңгіме туралы не ойлайсыңдар?
ІV топ: “Еңбексіз күнің жоқ” дегенді қалай түсінесіңдер?
V топ: Әңгіменің ұнаған жақсы жақтарын, ұнамаған жақтарын айтып бер.
VІ топ: Егер сендер жарлы жігіт (орнында) болсаңдар не істер едіңдер?
Топпен жұмыс талданып болған соң Венн диаграммасын құрамыз. Ол үшін
өткен сабақтардағы Д.Исабековтың “Өкініш” әңгімесіндегі басты кейіпкер
“Малқаржан” мен “Жарлы жігітті” салыстырамыз. Әңгімені еске түсіріп болған
соң оқушыларға әр топқа ватман қағаз таратылады. Топтарға ватман қағаз
таратылып, жалпы суреттер беріледі. Малқаржан мен Жарлы жігіттің ортақ 3
қасиетін және ұқсамайтын 3 қасиетін бөліп көрсетіп, шеңберге жазу.
Ой толғаныс: Венн диаграммасы.

|Малқаржан |Жарлы жігіт |
| | |
|1. Кішкентай бала | |1. Үлкен жігіт |
|2. Әжесінің еркесі| |2. Туған-туыстары |
| | |жоқ |
|3. Оқушы бала (2с)|1. Жалқау |3. Оқу бітірген, |
| | |ақыл |
|4. Қазіргі |2. Еріншек| тоқтатқан жігіт |
|замандағы оқиға |3. Ер бала|4. Бай мен жарлы |
| | |заманында болған |

Ұқсастығы/ Ұқсамайтын жақтары

Әр топ өз ойларын шеңберге жазады. Топ басшылары өз топтарының ойын
айтады. Соңынан жалпы шеңберді оқушылардың ортақ ойымен толтырамын. Қалған
оқушылардың еңбегі түгел тақтаға, қабырғаға ілінеді. Сабақты осылай қорытып
болған соң әңгіменің де идеясы – еңбек ету арқылы табысқа жетуге
болатындығы, адам бойындағы жақсы қасиеттерді жетілдіріп отыру керектігін
өздері және мұғалім айтып, пысықтайды.
Сабақты қорыту: Өздері білетін мақал-мәтелдер айтылады. Байлық түрлері
туралы. “Байлық дегеніміз не? Байлық дегеніміз ………” Көп нүктенің орнына
әркім өз ойын тізбектеп жазады.
Үйге тапсырма: “Егер мен жарлы жігіт болсам” атты әңгімені аяқтап,
әркім өз шығармасын жазып келеді және мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады.
Бағалау кезеңі.

Ана тілі

2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора (мысал). С.Сарғасқаев

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны
ұғындыру.
2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды сұрақ қою арқылы
жан-жақты ойлануға үйрету.
3. Топпен жұмыс, әңгіме кестесі, болжау стратегияларын пайдаланып,
өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп,
жаман қасиеттерден (қызғаныш, мақтаншақтық) аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ
қою, әңгіме кестесі (салыстыру кестесі), көрнекілік стратегияларын
пайдалану.
Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, сюжетті суреттер, қосымша
кітаптар, суреттер, дәрілік шөптер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма - Әбдрахман Асылбековтың “Түлкі мен тиін”
мысалын дұрыс түсіну, мәнерлеп оқу және мысалды болжау стратегиясы бойынша
өзгертіп, 99 айлалы қу түлкіні өлімнен құтқаруға (түлкіні ақылды етіп
суреттеу арқылы) әңгіме жазу, өздерінің суретін салып салып келу берілген.
Оқушылардын тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап алынады, мысалды оқиға
желісіне қарай бөліктерге бөліп әңгімелейді.
Рольмен оқыту. Түлкі мен тиінге мінездеме беру. Әр оқушы өз әңгімесін
оқып, салған суреті туралы айтып береді.
Болжау стратегиясы арқылы жазған, салған жұмыстары талданады,
тексеріледі.
Жаңа сабақ: Оқушыларға мақтаншақтықтан басқа адам бойындағы қандай
жақсы қасиеттерді білетіндіктері жайлы айтқызу.
Ақын туралы т.б. мақал, қанатты сөздер, Абай Құнанбаевтың өсиетті
сөздерін (Бес асыл іс) еске түсіріп айтады (оқулықтарды жаптыру).
Енді “Қызғалдақ пен қарасора” атты мысалды оқимыз. Бұл жаман әдеттің
бірін сынауға арналған, мысалдың авторы Сансызбай Сарғасқаев туралы қысқаша
мағлұмат беру, мысалдың қара сөзбен жазылғаны туралы айту.
Қызығушылықты ояту:
|- қызғалдақ |- қарасора |
|- өсімдік |- өсімдік |
|- гүл |- шөп |
|- әдемі, хош иісті |- иісі жоқ |
|- көктемде шығады |- көктемде шығады |
|- қызыл, сары |- жасыл, көк |
|- ауа, су, жарық, жылу керек |- ауа, су, жарық, жылу керек |
|- үйде, далада өседі |- далада өседі |

Білгенімізді тізіп айттық, енді мысалды оқимыз. Оқулықтың 85-бетін
ашамыз.
Мұғалім мысалды мәнерлеп оқиды, суреттерді көрсетеді. Сендерге ұнады
ма? Сұрақ-жауап арқылы талдау жұмысы. Мысалды талдау. Мысал не туралы?
Оқушылардың өздеріне іштей оқыту, одан кейін рольмен оқыту.
Мағынаны тану: v, +, -, ? белгілері бойынша жұмыс істеу. Оқушылардың
түсінбеген сөздерін, сөз тіркестерін, сөйлемдерін -, ? белгі бойынша
сұраймын.
Мысалы, Сұлутөр, үшкір-үшкір, күреңденіп, жыртып тастады т.б. сөздерге
түсініктеме беріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Сергіту сәті: Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық.
Ой толғаныс: Топпен жұмыс.
І топ: Қызғалдаққа мінездеме беру. Сендер қызғалдаққа ұқсағыларың келе
ме? Неге?
ІІ топ: Қарасора сендерге ұнай ма, жоқ па? Оған ұқсағыларың келе ме?
Неге?
ІІІ топ: Қандай дәрілік шөптерді білесіңдер? Неге олар дәрілік шөптер
деп аталады?
ІV топ: Қызыл кітапқа енген қандай өсімдік, аң, жануарларды білесіңдер?
Қызғалдақ қызыл кітапқа енген бе?
V топ: Қандай гүл түрлерін білесіңдер? Атаңдар.
Әр топқа 5 минут, топ басшысына 1,2 минут уақыт беріледі. Топпен жұмыс
талданып болған соң “Салыстыру кестесімен жұмыс істейміз”.

Тақтаға ватман қағаз ілінеді. “Әңгіме кестесі”
|1.|Мысалдың аты “Түлкі мен тиін” |Қызғалдақ пен қарасора |
|2.|Авторы Ә.Асылбеков |С.Сарғасқаев |
|3.|Оқиға орны – орманда |Далада |
|4.|Кейіпкерлер – түлкі мен тиін |Қызғалдақ пен қарасора |
|5.|Не үшін мақтанды? |Қызғанышпен |
| |Қулығымен жеу үшін | |
|6.|Кімдікі дұрыс? – Тиіндікі |Қызғалдақтікі |
|7.|Кейіпкер несімен ұнады? Неге? |Қызғалдақ әдемілігімен, |
| |– Тиін ақылдылығымен |қарапайымдылығымен |
|8.|Мысалдың соңында не болды? |Қарасораны диқандар жыртып |
| |Түлкіні қасқыр жеп қойды, |тастады, қарасораның іші тар |
| |өйткені түлкі ақылды болғанда | |
| |қасқырдан құтылар еді | |
|9.|Мазмұнының идеясы қандай? |Қызғаншақ болмау керек, |
| |– Ақылды болу керек, мақтаншақ|қарапайым да әдемі болу керек. |
| |болмау керек. | |

Екі тақырыпқа байланысты 9 сұраққа оқушылар жеке іздене отырып жауап
береді. Топтасып ой қорыту:
Бірінші мысал ақылды болуға, ал екінші мысал қарапайым, әдемі болуға
үйретеді екен.
Әдемілік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал-мәтел, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың алған білімін пысықтау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: “Менің гүлім” атты әңгіме жазу, суретін салу, мәтінді
мәнерлеп оқу тапсырылады. Сөздік дәптермен жұмыс.

Ұқсас жұмыстар
қанағат қарын тойғызар (ел аузынан)
Халық ауыз әдебиеті
Қанағат - қарын тойғызар. 3-сынып
Сабақта қолданылатын стратегиялар
Жігіттер информатика әлемінде
Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Unicode және ASCII символдарын кодтау кестесін салыстыру
Коуч тапсырмасы
Білім аукционы. сыныптан тыс
Пәндер