Түзету жұмысының барысы

Жеке түзету сабақ жоспары

Түзету бағдарлама: « Қатынас» саласы. Тіл дамыту.

Тақырыбы
Мақсаты
Түзету жұмысының барысы
Сағат саны
Тақырыбы: І - кезең
Мақсаты: 8 сабақ
Тақырыбы: «Мен түсінігін қалыптастыру»
Мақсаты:

- Жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, өзінің есімін және тегін білуге уйрету.

- Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

«Мен» түсінігі арқылы баланың өз-өзіне деген сенімін нығайту, өз пікірін ашып айтуын дамыту.

Түзету жұмысының барысы:

Түзету жұмыстары:

  • Өз есімін айтқызу.

Әдіс-тәсіл:

  • Ойын-сабақ, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекіліктер:

  • Заттық суреттер, өзінің суреті, айна, парақ, қарындаштар, балапан, қарға, бала, қыз.

Тапсырма:

  • Кім? Сұрағына жауап беру.

Ұйымдастыру барысы:

Сәлемдесу. Педагог баламен айна алдында отырады. Өзін таныстырады.

  • Менің атым - апай.

Баланы айнаның алдына отырғызып, өзін айнадан көрсету. Содан кейін оның есімін, жасының нешеде екенін сұрау.

  • Мына айнадан сен кімді көріп тұрсын?
  • Баланың жауабы (мені)
  • Сенің атың кім?
  • Бала атын айтады.
  • Сенің жасың нешеде?
  • Бала жасын айтады.
  • Жарайсын, сен өз есіміңмен жасыңды біледі екенсің!

Содан кейін балаға сурет беріледі.

  • Мынау кім?
  • Бала.
  • Қане оған ат қояйықшы.
  • Бала өз есімін қояды.

Баладан өскенде кім болуды армандайтынын, нені ұнататынын сұрау. Сұрау арқылы баланың әңгімелесу қабілетін кеңейту.

Тапсырма: Маман балаға екі-үш фотосуреттердің ішінен өзінінің суретін табуды тапсырады.

Ойын: «Суретті таңда»

Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.

Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.

Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, бала алдымен көріп алады. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру.

  • Қане мына суреттерде не бейнеленген, айтып берші?
  • Бала аттарын атап береді.
  • Енді, осы суреттерден «Б» - дыбысынан басталатын суреттерді бір жақа, «Қ»-дыбысынан басталатын суреттерді бір жақа жинастырайықшы.
  • Бала нұсқауды орындайды.

Егер бала тапсырманы дұрыс орындай алмай жатқан жағдайда, мұғалім көмек беріп, бірге орындайды

Артикуляциялық жаттығу: кәне, тілімізді жаттықтырайық.

«Түтікше» - ерінді алға қарай созу. 1-5, 1-10 секунд ұстап тұру.

«Ат шауып келеді» - тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек.

Қатемен жұмыс: Балаға қуыршақ беріледі. Бала оған ат қойып, турінің қандай екенін сипаттайды.

Ұсақ қол моторикасын дамыту: Қуыршақты киіндіру.

Сағат саны:

1апта:1

2 апта:6, 8

3апта:13, 15

4 апта:20, 22

5апта:27


Ұқсас жұмыстар
Балалармен тәрбие жұмыстары
Электрондық басқару блогы
Баланы түзету және дамыту
Сөйлеу дыбыстарын айту
Ермексаздар суреттері
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі
Сынып сағатының құрылымы
Материялық нүкте. Қозғалыс троекториясы. Жол және орын ауыстыру
«мөлдір» балабақшасындағы психологиялық қызметтің 2014- 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
Шәйнектің спираліндегі ток күшін анықта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz