Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Арман керек адамға
Сабақтың тақырыбы: Арман керек адамға.
Мақсаты: Оқушыларға арман құндылығы туралы түсініктерін арттыру. Арманның мәні, арманға жету жолдары туралы өзіндік пікірін қалыптастыру. Арманға жету жолында оқушылар не істеу керек екенін үйрету. Өз армандарына сену және орындалатынына күмән келтірмеуге баулу.
Нәтижесі: Оқушылар шын армандай білсе арманына жететінін біледі.
Тәрбиелігі: Оқушыны өмір ағымына дайындау.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Бүгінгі <<Арман керек адамға>> атты семинар сабағымызға қош келіпсіздер! Ал балалар бүгінгі сабақты бастауға рұқсат етініздер, ең алдымен қонақтармен амандасып алайық. (оқушылар орындарынан тұрып қонақтармен амандасады). Сабақты бастамас бұрын мен сіздерге себетте тұрған мына конфеттерді таратқым келеді. Енді осы конфет бойынша сіздерді топқа бөлемін. Балалар мозайка құрастыру арқылы, тобымыздың атын білейік.
1.Топ: денсаулық тобы
2.Топ: қуаныш тобы
3.Топ : махаббат тобы
Әр топ өз тобын қорғап шығу үшін топ атауының мән-мағанасын толық жетік түсіндіріп айтып тапсырманы қорғап шығады.(кері байланыс). Әр оқушының дұрыс жауабына конфетпен бағалау.
2. <<Қарлы кесек ойыны>> әр сөздің мағанасына тоқталу. Оқушылар кезек-кезек қарлы кесекті бір-біріне лақтыру арқылы, қардың ішіндегі сөздерді алып оқиды. Қарлы кесектің ішіндегі сөздердің мағынасын түсіндіру.
Қарлы кесектің ішіндегі сөздер: теріс ойлар, реніш, сенімсіздік, ашу, қорқыныш, мұңаю, ызасыздық.
3. <<Таңдау еркі өзіңде>>. Слайд бойынша жұмыс.
Иә, арман ешқашан таусылмайды. Арманы таусылған адам бұл дүниелік емес. Ол түгілі қартайған шал-кемпірдің де арманы болады. Егер шын жүректен қалап, ниет етіп, талпынсаңыз, қалаған армандарға қол жеткізуге болады. Арманға жету шарты - тынбай еңбек етіп, ұдайы ізденіс үстінде болу.
Кез келген адамда өз арманы болады және сол армандарға жету үшін алдына үлкен мақсаттар қояды. Егер олай болмаса, <<армансыз адам қанатсыз құспен тең>> дегендей, ол алға ешқашан жылжи алмас еді. Осы орайда, сөз шебері, толымды талант иесі Шаханов Мұхтар ағамыз:
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға,- деп жырлаған болатын. (Видеоролик)
Иә, адамға үміт отын жандыратын ол - арман. Біз күн сайын <<Нағыз өмір>> туралы армандаймыз. Егер ертеңгі күнді ойлайтын болсақ, шындығында адамға арман керек-ақ, ол бізге бағыт, күш-қуат береді әрі үмітімізді жалғап отырады.
Әркімнің-ақ арманы бары анық, ал сол арманның орындалуы үшін не істеуіміз керек? Ең алдымен мақсат болу керек, содан соң арман картасын жасау керек. Ал ендеше дәл қазір сіздермен арман картасын жасап көрейік. (Оқушыларға ақ қағазбен карандаш, фламастер беріледі. Флипчарт Балалар өз армандарын қағаз бетіне түсіреді)
Ақ қанатты құсым деймін сені,
Аспаннан жерге түсірмеймін сені.
Мәрмәрден мәңгі мүсіндеймін сені,
Ей, Арманым! - деп өнерге өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты ақын Исрайыл ағамыз арманды ақ қанатты құсқа, мәрмәр мүсінге теңейді. ал, сендердің арман туралы ойларың қандай екен? Осы жерден сендердің арман туралы пікірлеріңді білсек қайтеді?!
<<Ыстық картошка>> ойыны. Мұғалім балаларға сұрақ қояды, балалар жылдам әрі нақты жауап беруге керек. Сұраққа кеш жауап берген оқушы немесе сұраққа жауап бере алмаған бала картопқа күйіп қалады. Картопқа күйіп қалған оқушы арман туралы білетінін(жұмбақ, мақал-мәтел, таппақ, нақыл сөз) айтып беру керек.
1. Дұрыс армандай білу өнер ме? (Армандар ақылға қонымды болса әрине өнер. Арманым орындалсын десең оқы,оқы,сосын әрекет ет)
2. Арман орындалу үшін не істейсіз? (Тәртіпті боламын, көп оқимын т.б өз ойын айтады.)
3. Армандар орындала ма? (Әрине армандар орындалады. Ол үшін сенім қажет және өзіңіз әрекет жасау керекпіз. )
4. Арманға жету үшін адам өзіне қандай мінездерді серік етуі керек?( Арманға жету үшін махаббат, энергия, күлу, қуаныш болу керек ең бастысы. )
5. Арман дегенді қалай түсінесің? (Арман - адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат.)
6. Теріс ойларға нені жатқызуға болады? (Реніш, сенімсіздік, күдік т.б)
7. Жақсы ойларға нені жатқызуға болады? (Қуаныш, махаббат, энергия, күлкі т.б)
8. Мақалды жалғастыр: Армансыз адам- қанатсыз ......(құспен тең)
9. Арман орындалу үшін армандар картасын жасау маңызды ма? (Иә)
4. Сергіту сәті: <<Жүректен - жүрекке>> Шаттық шеңберін жасап гүл ұсыну арқылы жақсы тілектер айту.
5. <<Ниет.Арман.Мақсат>> психологиялық жаттығуы. Оқушылардың сабақтан түйген ойларынының бекітіле түсуі үшін жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.
Шарты: Оқушы арманына жету үшін ортаға қойылған кедергілерден өту керек. Ол үшін оқушы әрбір кедергіні алу барысында арманға жетудің жолдарын айту керек.Сөйтіп,кедергілерден құтылып,арманына қол жеткізеді.Жаттығу соңында оқушыны қошеметтеу керек.
-Балалар,қазір біз <<Ниет.Арман.Мақсат>> атты психологиялық жаттығу орындаймыз.Бұл жаттығуды орындамас бұрын ортаға сіздердің араларыңыздан өзінің қандай да бір арманын айтқысы келетін оқушыны шақырғым келеді. (ортаға бір оқушы шығады,өзінің арманын айтады)Мен ортаға 3 орындық қойдым.Бұл орындықтар арманыңа жету үшін сенің алдыңда тұрған кедергілерің.Ал мен сенің арманыңмын.Ойлап көрші,осы кедергілерден өтіп,арманыңа жету үшін не істейсің? Кедергілерден қалай өтесің? Кедергілерден қалай өтсең де өзіңнің еркіңде.Мысалы: Арманыма жету үшін бірінші білім алауым қажет т.с.с (оқушыға қосымша сұрақтар қойылады)
1. Артқа қарашы,кедергілер орнында тұр ма?
2. Кедергілерден құтылдың ба?
3. Ол үшін не істеу керек?
(оқушы орындай алмаған жағдайда басқа оқушыны көмекке шақыруға болады)
6. Бағалау терезесі әдісі.
Қорытынды:
<<Адам болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға>> деп заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шаханов айтпақшы, артына үлгілі із қалдыру үшін адамға алдымен ойлы мақсат пен үлкен арман керек екен. Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан - жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық! Бүгінгі сабағымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz