Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы
Қазақстан РеспубликасыБілім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы
Н.Төреқұлов атындағы №8 орта мектебі
Тақырыбы:М.Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы.
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 11
Пән мұғалімі: Уксикбаева Айнұр Мырзабайқызы
М.Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы. (11 – сынып)
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ ақыны, біртуар
тұлғасының
бірі Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық
дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен
сусындату. Балалардың поэзияға, қазақ әдебиетіне
деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге, ақын
жырларынан үлгі
алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып сұлулық
пен махаббатты тануға, адамгершілік пен
мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре
білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту; өз ойын
еркін,
жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру;
ізденушілік қабілетін дамыту; ғылыми ізденіске
жол ашу; логикалық ойлау қабілетін, сана –
сезімін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Коммуникативтік (қарым – қатынастық),
проблемалық, жартылай ізденушілік, аудармамен
жұмыс, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу өнері, математика, география,
қазақ тілі, орыс тілі, тарих.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклеттер, плакаттар,
ақын
портреті, қосымша газет – журналдар, кітаптары.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, түгелдеу. Өткен
сабақты естеріне түсіре отырып,
үй тапсырмасын сұрау.
1. Ә.Нұрпейісов қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Ұлы Отан соғысынан кейін қандай ордендермен марапатталды?
3. Ол қай жерлерде білім алды?
4. «Қан мен тер» трилогиясы қандай кітаптардың жиынтығы?
5. Трилогияда қандай әлеуметтік жағдай суреттелген?
6. Трилогияның басты кейіпкерлеріне сипаттама бер.
7. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» роман – трилогиясы қандай тақырыпқа
жазылған?
8. Жазушының осы роман – трилогиясындағы жеткізетін ойы, толғандырған ел
тағдыры.
Жаңа сабақ:
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы
Қазақ поэзиясындағы аса көрнекті ақындарының бірі – Мұқағали
Мақатаев. Оның жырлары сұлулық сезіміне, терең ойға, көркем образдарға
құрылған үздік лирика болып табылады.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9 ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек
ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. 1948 жылы орта мектепті
бітірісімен, мәдени – ағарту саласында түрлі қызметтер атқарады. Мектепте
әдебиет пәнінен сабақ береді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып
істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға араласады.
1. Алматы Шет тілдер университетінің неміс тілін
2. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін
3. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтын бітірді.
Қазақ радиосында диктор, «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз»
журналында редактор болып қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар Одағының
поэзия секциясында әдеби кеңесші міндетін атқарды.
Ақынның алғашқы өлеңі 1948 жылы жарияланды. 1954 жылы «Жұлдыз»
журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде өлеңдер топтамасы жарық көрді. 1964
жылы «Ильич» атты поэмалар жинағы жарық көрді. 1966 жылы «Армысыңдар,
достарым», 1967 жылы «Қарлығашым» басылып шықты. Мавр(1969), «Дариға –
жүрек»(1972), «Аққулар ұйықтағанда»(1974), «Шуағым менің»(1975), «Реквием»
атты толғауын 1976 жылы дүние саларының алдында жазған.
І. «Сократ шеңбері»
Сұрағы:
1. Туған жері.
2. Ұлы Отан соғысымен Мұқағалидың байланысы.
3. Білімі қандай?
4. Қандай тілдерді меңгерген?
5. М.Мақатаев кім?
6. Ол поэзияға қай жылы келді?
7. Ақындықтан басқа тағы қандай қырынан танылды?
8. Мемлекеттік сыйлық қай жылы, қандай кітабы үшін берілді?
«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық
пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын
күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған» – деп Т.Молдағалиев
айтқандай, М.Мақатаевтың әр өлеңі ой мен сезімнің бірлігінен жаралып,
оқырман жүрегіне жол тауып, ой – санасына ерекше әсер етеді.
Біреулермен жалғастырып жең ұшын,
Жасап жүрсем жаным сүймес келісім.
Барлығы да Поэзия сен үшін! – деп жырлаған азамат
ақын тек поэзия үшін жаралған жан еді.
Мұқағали өлеңдерінің өзгеше қасиеттілігі, ондағы сезімнің сыршылдығы
- өлең сөздің құдіретін Абайша сезіне білгенінен болатын. Ұлы Абай сынды
айналасынан «мұңдасар бір жан таппаған» сәтте, туған табиғатына табынып,
тау – тасына, мөлдір бұлағына, ақ қайыңына мұңын шақты.
Жапырақ – жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын ...
Келісесің бе, жас қайың? – деп әділетсіз өмірден
түңілген ақын бір сәт қайың боп өмір сүргісі кеп, осынау алмағайып дүниеге
соның (қайыңның) көзімен қарағысы келеді.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім – деп «Поэзия»
атты өлеңінде өнермен егіз жаралған ақын жаны осылайша егіледі.
ІІ. Кластер әдісі
ІІ. Суретке қарап мәтін құрау.
ІІІ.«Қандай өлең, кім айтқан?» - ойыны
«__________________» әнінің орындаушысы кім?
ІV. Махаббат диалогын оқыту.
«МАХАББАТ ДИАЛОГЫ»
– Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?
– Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
– Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
– Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
– Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?
– Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
– Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?
– Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін.
V. Портрет жасау
1. Бет пішімі –
2. Мұрны –
3. Көзі –
4. Қасы –
5. Ерні –
6. Құлағы –
7. Шашы –
8. Маңдайы –
9. Кірпігі –
10. Киімі –
VІ. Мұқағали жайлы мәтінге аударма жасау
Мукагали
Сегодня это имя символизирует казахскую поэзию. Мукагали ... Великий
сын великой казахской земли, казахского народа, щедро одаренный их любовью
и сам одаривший их ярким талантом. Что он писал о себе: «пройдут годы,
придет новое поколение, и но поставит нас на свои места. Испокон веков так
было, так есть, так и будеть! О себе скажу: я – ровесник поколения ХХІ
века, а может быть родственник еще дальних поколений».
VІІ. Венн диаграммасы
МҰҚАҒАЛИ
Алған білімі
Атқарған қызметі
Сабақты қорыту.
Бекіту.
Сабақты қорыта келгенде М.Мақатаев – ақындық, өнерпаздық аясы кең
шығармашылық тұлға. Оның лирикалары мен поэмаларында өз заманының шындығы,
бүгіні мен болашағы, жауыздық пен ізгілік, зұлымдық пен махаббат, қастық
пен достық, арамдық пен адалдық, қатыгездік пен адамгершілік атты сан тарау
тақырып тұтастық тапқан. Сондықтан да Мұқағали қалдырған мол мұра қашанда
халқымен бірге мәңгі жасайтын асыл қазына екені анық.
Біз бүгінгі сабағымызды ақын Фариза Оңғарсынованың «Мұқағалидай ақыны
бар халық – бақытты халық» деген мына сөзімен қорытындылаймыз.Олай болса,
сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың
бақытты ұрпағысыңдар. Ендеше, осы сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақынның
аса құрметтеген адамының бірі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін
тыңдайық.
Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма: Ақынның шығармаларын оқу, «Жан азасының»
үзіндісін жаттап келу.
-----------------------
«Аманат» 2000ж
АҚЫН
Райымбек
МҰҚАҒАЛИ
ҰОС(1941-1945)
Аудармашы
1962 ж
Жоғары
Ақын
Орысша, немісше
Ақиық- сыршыл
Ғасыр ақыны
Лирик
Дарынды
Ақын поэзиялары
Өлең – жырлары
Поэмалары
Аудармалары
Өлеңдері
(әнімен)
«Махамбет, Абайлар – ай!
«Жырлар жазам»,
«Қасым солай болмаса»,
«Есенин – Маяковский»,
«Музаға», «Қара өлең»,
«Әбілдаға», «Қайдан білсін?», «Поэзия», «Пушкинмен қоштасу», «Сырқат сыры»,
«Емханада», «Аққулар, қош болыңдар», «Үш бақытым», т.б.
«Ильич»,
«Мавр»,
«Аққулар ұйықтағанда»,
«Чили, шуағым менің»,
«Жан азасы», «Райымбек! Райымбек!»
Шекспир,
Дантес,
Лермонтов,
Пушкин,
Некрасов,
Уитмен
«Сәби болғым келеді»,
«Дариға»,
«Фарида қыз»,
«Есіңе мені алғайсың»,
«Өмір - өзен»,
«Атамекен»,
«Тоқта, балам, атаң келеді артыңда», «Саржайлау», т.б.
100 – ге жуық өлеңдері бар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz