Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Домбыра физикасы

Домбыра физикасы
Уақыты: Сынып 9”А”
Сабақ тақырыбы: Домбыра физикасы
Мақсаты: білімділік: а) тербеліс туралы түсінік беру
ә) серіппе тербелісін графикпен кескіндеу.
б) статикалық тепе-теңдік туралы түсінік
тәрбиелік: ұлттық өнерге баулу, дыбыстың адам өміріндегі маңызын
ашу. Домбыраның құрылысымен танысу.
Этнопедагогикалық тәрбие беру.
дамытушылық: пәнге деген ынтасымен қабілетін дамыту, білімділік
танымдарынөмірмен байланыстыра отырып арттыру.
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, демонстрациялау.
Көрнекілік құралдар: домбыра, домбыра схемасы, серіппе жүктер, кодоскоп.
Пән аралық байланыс: тарих, этнопедагогика, қазақ тілі, ән-күй.
Сабақ барысы:
I. Кіріспе. Ертегі –аңыз.
Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан
баласын атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл
қосып жүреді екен. Мұны білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгенен
кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Ел сөзінен сескенген
ханжаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын
мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз-көрмес құлақ –естімес жерге
апарып, биік ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп
кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, қуара
бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін тоқтатады. Ел
ішіндегі өсек-сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз, егізін іздеп жолға шығады.
Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз
әбден қурап, қабығы түсіп шіруге айналған биік ағаштың түбіне қисая кетеді.
Оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса, “ән салып ”
тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз егізін
іздеп, түнде осы ағаштың түбіне келіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір
күні айналаға көз салмақ болып, басына шығам деп, ағашты құлатып алады.
Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында
бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан
қалған жұрнақ еді. Батыс жағыгдағы ішек бостау, шығыс жағындағы ішек
қаттылау тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыс байғұс бостау
тартылған ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлым-Мұңлық, тым зарлы
шығатындықтан қызым-Зарлық деп ата-ана қойып, күндіз түні қасынан тастамай
күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.
II. Домбыра құрылысы.
Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында
құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек,
ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін
жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап.
III. Жаңа сабақ
Статистикалық тепе-теңдік.
А) Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда
барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады.
а-табалдырық тиектің биіктігі
в-шайтан тиектің биіктігі
а1, а2- домбыра бойы мен ішектің арасындағы бұрыш.
L1-табалдырық тиектен домбыра түбіне дейінгі қашықтық.
L2- шайтан тиектен домбыра түбіне дейінгі қашықтық,
L-домбыра ұзындығы.

Егер домбыра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз.
1. Тепе-теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық.
2. Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді.
3. Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі
тербеліске ұшырайды.
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Дыбыстардың осындай ауытқуы
дифракция деп аталады. Міне осындай қарапайым құбылыстар арқылы домбыра
тербелісін түсіндіруге болады.
IV. Қосымша материалдар (есептер шығару).
1. Жиілігі 05Гц, амплитудасы 80 см болатын гармониялық тербеліс теңдеуін
жаз.
2. Амплитудасы 5см, преиоды 0,5с болатын тербеліс теңдеуін жаз.
3. Домбырадан төгілге күй неге құлаққа жетеді?
4. Алыста жүрген адамды шақырғанда дауыс күшейю үшін қандай амал істеу
керек?
5. Домбыра туралы басқа қандай аңыздар білесіңдер?
6. Тоғыз перненің тағылу себебі неде?
V. Оқушыларға домбырамен 1-2 күй ойнату.
VI. Оқушыларды бағалау.
VII. Үй тапсырмасын беру
VIII. Сабақты бағалау.

-----------------------


Ұқсас жұмыстар
Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Конференцияның мақсаты
10-11 сыныптарға арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Энергия. энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы. 9 cынып
Физикалық эксперементтік есептерді компьютерлік бағдарламалар көмегімен модельдеу
<< домбырам - асыл мұрам>>
Элементар физиканың негіздері
Домбыра халық даналығы ересектер тобы
Пәндер