Ток көздері

Сабақтың тақырыбы:
Электр тогы. Ток көздері
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік;
1. Оқушылардың электр тоғы туралы теориялық білімдерін қалыптастыру;
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;
а) электр тізбегінің элементтерін (ток көздері) салуды үйрету;
Дамытушылық;
- Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау.
- Сапалы ойлауды дамыту: дәлелдік, мақсаттық, қабылдау, бағалай білуге бейімділік, сыни ойлау.
Тәрбиелік:
Тұрақты ток өндіру мен пайдалану проблемаларымен таныстыру.
Көрнекіліктер:
Диагностикалық карталар, семантикалық карталар, карточкалар
Тәжрибелер:
- Денелердің зарядтталып, ток көзіне айналатынын эбонит таяқшасы және элоктроскоп арқылы көрсету.
- Әр түрлі ток көздері, галвонометр, жалғағыш сымдар, 1, 5 в эл. ламапсы.
- Метал шәугім, тұзды су, галвонометр, алюминий стаканмен жасалатын тәжрибе
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау, баяндау.
Құрал-жабдық:
1. Демонстрациялық:
а) электрофорн машина, гальваникалық элемент, аккумулятор, термобатарея, күн батареясы.
2. Лабораторялық:
а) ток көзі;
б) мыс, мырыш, көмір электродтар;
в) тұз ертіндісі;
г) вольтметр;
д) кілт;
е) жалғағыш сымдар.
Сабақ жоспары.
1. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
2. Сабақтың мақсатын қою.
3. Оқылатын материалмен жұмыс:
а) ток көздерінің жұмысын бақылау;
б) фронталді тәжрибе жасау.
5. Жаңа материалды тереңдету:
а) әртүрлі ток көздерінінің ерекшеліктері туралы қорытындылар жасау;
б) ток көзіндегі энергияның түрленісін қарастыру
6. Үйге тапсырма.
7. Қорытынды.
Сабақтың барысы
Бөлімі
Білім
І. Ұйымдастыру
Бағалау жүйесімен таныстырады. Диагностикалық картаға өз фамилияңды жаз. Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отырады.
1. Сабаққа оқушылардың назарын аудару .
Жалпы сұрақтар.
- Зарядталған бөлшектерді қозғалысқа келтіретін не?
- Электр өрісін қалай шығаруға болады?
- Денелерді қалай электрлеуге болады?
Үй тапсырмасын қарап шығу.
Дұрыс жауап бергендер өздеріне 2 ұпай қояды
- Электр өрісі.
- Денелелерді электрлеу арқылы.
- Үйкеліс жасау арқылы.
2. Сабақтың мақсатын қою (3 мин. )
- Қалта шамы ненің көмегімен жанады?
- Үйдеге электр шамы тоқты қайдан алады?
- Олай болса балалар электр тогы үздіксіз келіп тұру үшін оны шығарып тұратын көздер болады екен. Оны қалай деп атауға болады?
- Көшедегі электр жарығы кенет өшіп қалса, ол нені білдіреді?
- Ток деген не?
- Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Электр тогы. Ток көздері
- Электр батареяның көмегімен жанады.
- Электр станциясынан.
- Ток көздері.
- Бағандағы сымдарда ток жоқ екенін білдіреді.
- ?!
Түсіну
1. Электр тогы. Бұған дейін тыныштықтағы электр зарядымен таныстық. Іс жүзінде, яғни адам өмірінде реттелген қозғалыстағы эл. зарядтарының маңызы зор.
Еркін заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысын электр тогы дейміз.
Зарядталған денемен зарядталмаған денені қосатын өткізгіште электр тогы пайда болады. Ток зарядталған денеден зарядталмаған денеге қарай жүреді. Себебі зарядталмаған дененің потенциалы әрқашан төмен болады да, олардың арасында бағытталған электр өрісі бар болады. Осы бағытпен ток жүреді.
- сонымен, өткізгіште электр тогы жүру үшін басты шарт не деп ойлайсыңдар?
- Өткізгіште еркін заряд болмаса ток жүре ме?
- Электр өрісі қайда пайда болады?
қорытынды:
электр тогы жүріп тұру үшін:
- өткізгіштееркін зарядтарболу керек;
- еркін зарядты қозғалтатынэлектр өрісіболу керек;
- электр өрісін үздіксіз шығарып тұратынток көзікерек.
Дұрыс жауап бергендер өздеріне 2 ұпай қояды
Оқушылар өз ойларын айтады.
- электр өрісі,
- жүрмейді,
- зарядталған денелерде
2. Электр тогының әрекеттері.
Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады:
- Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (эл. шам, үтік, эл. плитка . . . ) кеңінен қолданыста екенін жақсы білеміз.
- Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ертіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ертінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стаканды көрсету)
- Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. Токтың бұл қасиеті электрмагниттік крандарда қолданылады.
- Токтың физиологиялық қасиеттері. Бұл қасиеттің бір атап өтерлігі, осы қасиеттің арқасында физикадағы ұлы жаңалық, электр тогы ашылған. Жануарлар денесінен ток өтсе онда бұлшық еттер жиырылады. Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.
- Ток көздеріне нені жатқызуға болады?
Сонымен қатар ток көздеріне мыналар жатады:
♦ Гальвани элементтерінде (эл. батареясы) - химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Бұл элементте қандай энегрия эл. энергиясына түрленеді?
♦ электрофор машинасында оның дискілері металл шеткамен үйкеліп зарядтар оң және теріс полюске жиналады да ток көзі пайда болады, яғни электр энергиясы өндіріледі. Қандай энегрия эл. энергиясына түрленеді?
♦ генераторларда магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің мехнаикалық энегрялары қолданылады.
♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядттар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болалады. Қандай энегрия эл. энергиясына түрленеді деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өз ойларын айтады.
- эл. батареялар. .
- ішкі энергия эл. энегр. түрленеді.
- механикалық энергия эл. энегр. түрленеді.
- жарық/жылу энергия эл. энегр. түрленеді.
3. Галвани элементінің ашылуы .
Италяндық анатом Луиджи Галвани 1786 жылы лабораториясында жануарлардың нерів жүйесін зерттеп жатты. Жаңа сойлыған бақаның аяқтарын мыс сымға байлап, жиегі темір балконға іліп қояды. Жел шайқап темір жиекке тигенде бақа аяғы жиырылатынын байқайды. Ол кезде ток жүргенде бақаның аяғы жиырылатыны белгілі еді. Әртүрлі металдармен тәжрибе жасай отырып олардың әсері де әртүрлі екенін көреді.
Физиолог болғандықтан Галвани бұл құбылысты дұрыс түсіндіре алмады, бірақ «Бұлшық еттердің қозғалысы кезіндегі электр күші туралы трактакттар» атты тәжрибесі туралы жазды. Ол еңбекті оқыған Алектсандро Вольта мынандай қорытынды жасайды. Галвани айтқандай бақаның денесінде «тірі» электр жоқ, оның бұлшық етінің жиырылуы екі өткізгішті жалғағанда пайда болған электр тогының бақа денесінен өтуінен болған деп дәлелдеді. Мұнда бақаның аяғы біздегі элоктрометрдің ролін атқарған. Осы тәжрибелерді жалғастыра отырып Вольта 1800 жылы күкірт қышықылына мырыш және күміс пластиналарды батырып, арасын қағазбен бөліп тұңғыш ток көзін жасады. Қазіргі кезде Галвани элементтері жетілдірілген. Мысалы оны қалта шамдарында үнемі қолданамыз.
4. Ток көзін жасау .
Соынмен ток көзін жасау үшін зарядттарды бөлу керек. Аттас зарядттар кулондық күш арқылы тебілетінін білеміз. Олай болса оң зарядтты оң полюске, теріс зарядтты теріс полюске қалай жинаймыз?
Ток көздерінде кулондық күштерге қарсы жұмыс істейтін бөгде күштер қолданылады. Галвани элементінде бөгде күштің ролін химиялық реакци күштері атқарады.
Бөгде күш жұмының зарядқа қатынасын электр қозғаушы күш (ЭҚК) деп атаймыз
.
Халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі Вольт.
.
ЭҚК ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады. Ток көздерінің полюстері «-»және «+» деп белгіленеді.
Қолдану
Қызықты тәжрибе : Метал шәугімге тұзды су құйылған. Шәугім жалғағыш сым арқылы галвонометрге қосылған. Галвономтердің екінші ұшы алюминий станканға жалғанған. Стаканға суды құйғанда галвонометр ток бар екенін көрсетеді. Осы құбылысты кім түсіндіреді?
Оқулықпен жұмыс.
Кестенің екі бағанын оқулықты және өз білгендеріңді пайдаланып толтырыңыз, үшінші бағанды үйден толтырып, келесі сабаққа әкелесіз. .
Мысалы былай:
Суда тұз ерігенде еркін зарядтар босап шығады да шәугімде электр өрісі пайда болып, ол ток көзінің бір полюсінің қызметін атқарады. Алюминий стакан ток көзінің екінші полюс. Құйылған су өткізгіш қызметін атақарады. Ток шамасы судың жуандығына, ұзындығына байланысты болады.
Ток көздері
(дұрыс болса оқушылар 2-6 ұпай жазады)
Анализ
Тақтамен жұмыс. Мына кесте бойынша есептерді тақатаға орындаймыз.
. . .
q= 10 Кл
А= 30 Дж
;
ع
=
ع =?
(дұрыс орындаған оқушылар 1-8 ұпай жазады)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz