Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Кескен халық бірлігі
Хаттамасы №
1.05.2018ж
Күн тәртібінде
1. Халықаралық ынтымақ күніне арналған <<1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні>> атты ашық сабақ және қабырға газетін шығару.
2. 1 мамыр - Қазақстан халқының Бірлігі мерекесімен құттықтау.
3. Студенттерге Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт-саналарын хабардар ету.
Жауапты:
Сөйлегендер:
1.
Шешім қабылданды:
1 мамыр Қазақстан Республикасының бірлігі мерекесін жыл сайын аталып, студенттер қауымы мерекелік кеш сыйлауын қадағалау топ белсенділеріне жүктелсін.
Қатысқандар:
<<1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні>> атты ашық сабақ
<<1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні>>
Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
1-жүргізуші: <<Бірлік бар жерде бақыт бар>>
<<Ынтымақ-достық кепілі>>
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз- Қазақстан.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 - желтоқсанда алды.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды.Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Елтаңбам қандай тамаша!
Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен <<Қазақстан>> жазуы жарқырай түскендей.
1 - жүргізуші:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым- жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
2 - жүргізуші:
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан,күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы.
Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды.Келбетіне көрік қосты,келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп,шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды.Қазақстан Республикасының өмірінде бұл - төртінші астана.Алғашқы астанасы- Орынбор қаласы, екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы- Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.
1 - жүргізуші:
Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !
Далам! Кең - байтақ.Сондықтан ғой,күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда- <<Ұшса құстың қанаты талады,шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы - айшылық, Қаратауы толғаған.>>
2 - жүргізуші:
Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.
Республика халқының саны 15 миллиондай.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.Бүгінгі жиналған ұлт өкілдері өздерінің бірлік, достық мерекесін тойламақ.
1 - жүргізуші:
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
2 - жүргізуші:
Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
1 - жүргізуші:
Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
2 - жүргізуші:
Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Ән: <<Ел қорғауға әзірміз>>
1 - жүргізуші:
Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
Түрік биі.
2 - жүргізуші:
Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос болдым қонақ ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.
1 - жүргізуші:
Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса - ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
<<1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні>> атты ашық сабағымыз өз мәресіне жетті. Назарларыңызға рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz