Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құрметті студенттер

1 - жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар!
2 - жүргізуші:
І - ші курста аузын ашып, семинарда пардан қашып, лекцияда секіріп, сессиядан жүгіріп, емтиханда жылап, навыктен құлап, каникулда қыдырып, апайларға өтірік күліп, институттың ауасын жұтып, степендиядан лоторея ұтып, жүрген студенттерге жалынды сәлем!
1 - жүргізуші:
Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген түлек студенттерімізге арналған кешті ашық деп жариялаймыз!
Ия, уақыт деген зымыран! "Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа", - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана балмұздақ болып, перваш болған студенттеріңіз қолдарына қалаған мамандықтың дипломын алып, ұстаз деген киелі атқа кенеліп отыр, ал енді ортамызға ду қол шапалақпен 4-ші курс студенттерін шақырайық!

2 - жүргізуші:
Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, ұлы ұстаздардың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын деп тілейміз!
1 - жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,- деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін ЖАФ факультетінің деканы Үмбетов Әбілхан Үмбетұлына береміз!
2-жүргізуші: Ортаға Ташибаев Спандиярды өз өнерімен қарсы аламыз!
1 - жүргізуші:
Қанатты асау тұлпардай,
Қанаттарың талмасын.
Қалықтаған сұңқардай,
Талаптарың самғасын.
Ендігі кезекті студенттердің естелігіне арналған, 4 жыл бойы суығы мен ыстығына шыдап жүрген группаластарына арналған слайдқа назар аударыңыздар.
2 - жүргізуші:
Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Бойына біткен шынардай биіктерде,
Халқымыздың би өнері жарқылдасын,- дей отырып, 1-ші курс студенттерінің вальсін тамашалаңыздар!
1-жүргізуші:
Саламат, қалай ойлайсың 4-ші курс студенттері ұйымшылмекен?
2-жүргізуші
Әрине, Айгүл, менің ойымша олар өте ұйымшыл, оған күмәнің барма?
1-жүргізуші
Жоқ, алайда тексеріп көрейікші, қаншалықты олар ұйымшыл екендерін?
(тренинг)
2-жүргізуші: Ортаға 4-ші курстарды ортаға шақырайық.
1 - жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сансаналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем күй жолданады-дей келе ортамызға 1-ші курс студенті Кәрімова Құралайдың орындауындағы попури күйін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: Айгүл осы жерде отырған көрермендеріміздің қайсысы жылдам деп ойлайсың?
1-жүргізуші: Білмедім Саламат
2-жүргізуші: Ендеше тексеріп көрейік (ойын, бірлік, един)
1 - жүргізуші:
Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын- деп ортамызға ........................................................... жайдарман тобын қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Әр адамның басында қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік кезеңде шешуін таппас оқиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?
1 - жүргізуші:
Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт.
2-жүргізші: Құрметті студенттер! Егер келесідей ситуациялық жағдайлар бола қалған жағжайдағы сіздердің әрекетіңіз қандай?
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз. Қалталарыңызда билетке ақша жоқ. Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек. Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті, ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз. Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?
№2 тапсырма.
Жатақхана. Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр. Асханада ауылдан келген жылқының сүр еті асылып жатыр. Шай ішіп болып <<Ламбада>>билеп жүрсіздер. Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз? Қонақтарға қалай жеткізесіз?
№3 тапсырма.
Жатақхана. Ақшаның, тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз. Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз.
3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар. Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады. Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі, бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді. Не істейсіз?
№4 тапсырма.
Жатақхана. Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу. Барлығы бос емес. Ал сіздің құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет. Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе жатыр. Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант Назгүл апай. Сіздің тактикаңыз?
Жағдайды қалай реттейсіз?
1- жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты "студенттер" бақыттылар!
(подарок беру)
2 - жүргізуші:
- Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу! Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
1- жүргізуші:
Ия студент, ол - Студент!
Студенттік өмір - Махаббат қызық мол жылдар!
Сессия - Тар жол, тайғақ кешу.
Сессиядан кейін - Дауылдан кейін.
Степендия - Ұзаққа бармайтын қуаныш.
Далаға шыққан студент - Жаяу Мұса.
Свидание - Кешікпей келем деп ең.
Лекция - Қалғып - мүлгу.
Семинар - Сен тимесең, мен тимеймін.
Диплом қорғау - Қыл көпір- дей келе қыл көпірден аман-есен шығыңыздар!
2 - жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, қол соғып қуанышпен қарсалады-дей келе ортамызға Рухсораның өзбек биі!
(ойын фобия)
1 - жүргізуші:
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1 - 2 ай сауық құрып күнде жай,
Сессияда ұйықтамаған күндер - ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер - той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой...
Үлгеретін ал осының бәріне, студенттер мықты халық екен ғой-дей келе ортада студенттерден құралған ХОР!
2 - жүргізуші:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Төртінші жыл қимайды бұл орданы.
Төрт жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін - бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін - бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық - ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын - тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.
1 - жүргізуші:
Өмірлерің әрқашан мәнді болсын,
Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын.
Қайда барсаң жолдарың ашық болып,
Біліміңе бар әлем тәнті болсын! - дей келе бүгінгі кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Қош сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Қызықты көңіл, студенттік өмір!
Бір ел, бір тағдыр.(достық фестивалі)
Қызықты көңіл, студенттік өмір Студенттерді мереке тарихымен таныстыру
Бестөбе орта мектебі
Тәрбиенің мақсат мен міндеттері
Кештің тақырыбы
Студенттерімізге қошемет
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
Сен де бір кірпіш дүниеге..
<<Халық ұлына құрмет>>
Пәндер