ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мағзомова Ардақ Әнуарбекқызы
Атырау қ. № 34 көпсалалы мектеп-гимназия
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміҚазіргі қоғам дамуындағы ең басты факторлардың бірі - оқушыға жүйелі, жан-жақты білім беру мен тұлғаны қалыптастыру. Мектепте тек білім беріп қоймай, бойына адами құндылықтар дарыған ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыға өз ойын басқа біреуге жеткізе алу үшін коммуникативтік дағды мен білік игертіліп, тіл үйретіледі. Мұғалім өзі жаңа технологияны жете меңгермей, оқушыға тілді үйрете алмайды. Қазіргі мектептерде сабақ жаңа технологияны іске асыру арқылы, оның элементтерін орыс тілді үйретуде дұрыс қолдану арқылы жүзеге асады. Мұғалімнің шеберлігі оқушыны түсінуден, онымен рухани қарым-қатынаста болудан тұрады.
Орыс тілімізді биіктен көрсету, басқа ұлт балаларына орыс тілін үйрету - басты мәселе. Орыс халқының сұлу, әдемі тілін басқа ұлт өкілдері оқып-үйреніп, таза сөйлеуі - орыс тілге деген құрмет.
Мемлекеттік тіл жастарға ертеңгі күні өмірге араласқанда, қызметіне көмегін тигізетін болу керек. Орыс тілі пәні мұғалімінің әлеуметтік дәрежесін қалыптастыруға негізгі мақсат - шығармашылықпен жұмыс істеу, өз білімі мен біліктілігінің нәтижесін көрсете білу.
Орыс мектептерінде орыс тілін оқытудың :
- практикалық мақсаты - оқушылардың сөздік қорын байыту, орысша ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, бір-бірімен сөйлесуге, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша әңгімелеп беруге жаттықтыру;
- Білімділік мақсаты - орыс тілін пән ретінде оқыту арқылы оқушыларға орыс халқының тұрмысы, мәдениеті, тілі туралы мағлұматтар беру;
- Тәрбиелік мақсаты - орыс тілімен танысу арқылы оқушыларды азаматтық, адамгершілік рухта тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу.
Орыс тілді үйрену арқылы оқушылар орысша ауызекі сөзге түсініп, өздері орыс тілінде көріп-білгенін, оны айтып, жаза алатын дәрежеге жетеді.
Сабақ - мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады.
Шәкірттердің бойына терең біліммен қатар, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру - мұғалімнің міндеті. Әрбір ұстаз оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты техникалық құрал-жабдықтармен, көрнекілікпен күрделендіру керек.
Мен алдыма қойған мақсатым - балалардың сөздік қорын байыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, нәтижесінде білген-үйренгенін өзінің күнделікті өмірінде пайдалануға дағдыландыру.
Жоғары динамикалық қоғамдық даму барысы мен кең хабарлы ағында оқушылардың белсенділігін арттыру және олардың өмірдегі келелі мәселелерді шеше білуге, өзіне қызмет етуді үйрету - өзекті мәселелердің бірі. Оқушылардың өз бетімен оқу жұмыстары - оқу-тәрбие барысында жоғары нәтиже беретін амал. Оқушылардың зерттеу қызметі жеке тұлға сапасы мен даму қабілетін арттырудың бірден-бір жолы деп саналады.
Жобалау технологиясының ерекшелігі - оқу құралының орнына көптеген зерттеу материалдары қолданылады.
Жобалық оқыту - оқушылардың өзіндік шығармашылық қызметі. Бұл - жобаны іске асыру, орындау барысы, ақпарат іздеу, жинаған материал бойынша қорытындылау, талдау. Жобалық оқытудың мақсаты - оқушылардың мектеп қабырғасында іскерлік қабілеттерін арттыру.
Бұл жұмыс кезіндегі мұғалімнің қызметі қандай?
- Қолайлы тақырып таңдап алу;
- Тақырыпты тақырыпшаларға бөлу;
- Тақырыпты балалармен бірге таңдау;
- Оқушыларға ұсыну;
- Тақырыпты талқылауға қатысу;
- Оқушыларды ұйымдастыру;
- Керекті әдебиетті ұсыну.
Ал оқушылардың жұмысы қандай?
- Жұмыстың негізгі мақсат пен міндеттерін анықтау;
- Шешу жолындағы ізденісті ұйымдастыру;
- Жұмыс нәтижесін дұрыс жеткізу.
Жоба жұмысы оқушылардан шығармашылықты қажет етеді. Бұл жұмыс түрін сыныпта жеке оқушы, жұп немесе топ болып өткізуге болады. Мен сабақтарымда көбіне топ жұмыстарын
ұйымдастырамын, өйткені топпен жұмыс балаларды интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік істерге жетелейді.
Жобалап оқыту технологиясы - проблемалық оқытудың идеясын дамыту, қарым-қатынас, сөйлеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады. Жобамен жұмыс істеген кезде балалар ақпарат жинайды, әр түрлі ғылыми және әдеби зерттеулерден (хат, пресса, кітаптар) мәлімет қолданады . Жобаны қорғау кезінде фильм, слайд пайдаланады. (Сабақ үлгісі)
Орыс тілінде оқылатын мектептерде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту айтылым мен жазылым арқылы екі бағытта іс жүзіне асырыла алады. Басқа ұлт өкілдеріне орыс тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ. Дегенмен, тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында орыс тілді қолдану аясы кеңейіп, іс қағаздары орысша жүргізіліп жатқанда, мемлекеттік тілде тек ауызекі сөйлеу жеткіліксіз деген ойламын. Ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге артуда. Балалар өз ойын жазбаша да, сауатты, көркем тілде жеткізе білулері қажет. Ал бұл нәтижеге жетуде жазбаша тіл дамыту жұмыстары жүргізілуі керек деп ойлаймын. Бұл:
- Сөздердің дыбысталуы бойынша жұмыс;
- Еркін, тұрақты сөз тіркестерімен жұмыс;
- Сөйлем бойынша жұмыс;
- Тіл мәдениеті бойынша жұмыс;
- Стилистика бойынша жұмыс;
- Ауызекі сөйлеу бойынша жұмыс.
Сабақтарымызды түрлендіріп, балаларымызды өз тілімізге қызықтырып, орыс тілді үйренуге баулуымыз керек.
Оқушы өз ойын орысша дұрыс жеткізу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібімен сөйлем жасау жолдарын жақсы меңгеру керек. Мұғалім үшін басты міндет - оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту
Мәтінмен жұмыс кезінде:
- қарамен жазылған сөздердің қосымшаларын категорияларын анықта;
- Синоним, омоним, антоним сөздерді тап;
- Негізгі, туынды сөздерді теріп жаз;
- Жаңа тақырыпқа байланысты сөздерді тап;
- Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құра;
- Құрмалас сөйлемдерден жай сөйлем құра;
- Мәтіннің енгізгі ойын айт;
- Асты сызылған сөздермен сөйлем құра;
- Белгіленген сөйлемді талда;
- Сөзді сөзге, сөз тіркесіне алмастыр;
- Белгілі бір сөз таптарына мысалдар жаз, т. б. тапсырмалар орындауға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz