Балабақшаға арналған оқу-іс әрекеті жоспары: Күзгі баққа саяхат - табиғатпен таныстыру, тіл дамыту және шығармашылық

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық», «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: «Қоршаған ортамен таныстыру», «Тіл дамыту», «Жапсыру»

Тақырыбы: «Күзгі баққа саяхат»

Мақсаты: балаларға жылдың күз мезгілі туралы түсінік беру. Күздің ерекшеліктерімен таныстыру, күз туралы өлең-тақпақтар, жұмбақтар жаттату.

Міндеттері:

Білімділік : балаларда жемістер, көкөністер түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық : Логикалық ойлау қабілетін шыңдау. Балалардың қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Методикалық әдіс : Түсіндіру, бақылау. Сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: «Күзгі бақ» суреті, жемістер, көкөністер, автобус, қағазға салынған ағаш суреті, жапырақтар. Ұйымдастыру және психологиялық сәт

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, айналамыз қандай тамаша! Осы бөлмеге шуағын төгіп, нұр беріп тұрған күнге қарайықшы. Сол күннен жылу алып, алған жылуымызды бір-бірімізге береміз.

Балалар: Әрқашан әдемі болайық! Еліміз тыныш болсын! Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Достарымыз көп болсын.

Тәрбиеші: Отанның болашғы сіздер аман болыңыздар. Тәрбиеші Ш. Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?!» өлеңін оқиды.

Балалар: Күзде!

Тәрбиеші: Күз айларын атаймыз!

Балалар: қыркүйек, қазан, қараша

Тәрбиеші: Балалар күздің қандай ерекшеліктері болады?

Балалар: Күзде күн салқын болады. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Тәрбиеші: Күзді неліктен «Жомарт Күз»- деп атаймыз?

Балалар: Себебі күзде көкөністер мен жемістер піседі, егін жинау болады.

Тәрбиеші: Балалар біздер күздің осы ерекшеліктерін көзімізбен көру үшін табиғатқа саяхат жасаймыз. Орман алыс, сондықтан автобуспен барамыз. Автобус билеттерін аламыз Қызыл төртбұрыш, көк үшбұрыш. Орманға дейін «Балабақша» әнін айтамыз.

Тәрбиеші: Міне орманға да келдік. Қараңдаршы балалар қандай керемет, сап-сары алтындай. Жоғарыда құстар ұшып барады. Төменде кірпі жүгіріп жүр. Кірпі үстіне қанша алма қадаған, қане санаймыз!

Балалар : 1 - 2 - 3 - 4 - 5

Тәрбиеші: Балалар мен жұмбақ жасырайын, сендер шешіп көріңдер. (Жұмбақ шешу арқылы жеміс және көкөністермен танысу)

Түсі қызыл,

Тамсандырар бал дәмі!

Домалақ пішіні,

Қызықтырар кісіні. (алма)

Аласа тауда, алуан алма,

Қып-қызыл болмай, аузыңа салма! (қызанақ)

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелекге жетпейді. (қырыққабат)

Тәрбиеші: Балалар алмада басқа қандай жемістерді білесіңдер

Балалар: алма, алмұрт, жүзім, шие, анар, алша, құлпынай.

Тәрбиеші: Қандай көкөністерді білесіңдер.

Балалар: Сәбіз, қияр, қызанақ, картоп, қырыққабат, қауын, қарбыз, жуа, т. б.

Тәрбиеші: Жемістер қайда өседі?

Балалар: Ағаштың басында

Тәрбиеші: Көкөністер қайда өседі?

Балалар: Жерде өседі. Ғажайып сәт.

Осы кезде «Күз патшайымы» келеді.

Күз патшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар? Қош келдіңіздер! Мен сіздерге «Кім көп жинайды» деген ойын ұсынамын.

Ойын мазмұны: шашылған алтын сары жапырақтарды себетке жинау. Жапырақтарды көп жинаған бала жеңімпаз.

Күз патшайымы қоштасып кетіп қалады.

Тәрбиеші: Біз де бақшамызға қайтамыз.

Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Балалар осы суретке қарап алдарындағы ағашқа жапырақтар жапсырады. Галлерияны шарлау: балалардың суреті тақтаға ілініп, жақсы жапсырғандары мадақталады. Мадақтау символы «Алтын жапырақ» естелікке беріледі.

Оқу іс-әрекеті Қ. Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңін жаттаумен аяқталады.

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Қорытынды.


Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту бойынша оқу іс-әрекеті Қонақтарды күтеміз: балаларға ыдыстарды таныстыру және қонақжайлылыққа тәрбиелеу
Балабақшаға арналған тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көжекпен ойын - қ дыбысы, сөздік және сөйлем құру дағдыларын дамыту
Балабақшаға арналған тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекесі: Көктем келді
Көлік түрлері: балабақшаға арналған ұйымдастырылған оқу-тәрбие іс-әрекеті
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (тіл дамыту): Үй құстары
II кіші топ: Ойыншықтар әлеміне саяхат - тіл дамыту, дене шынықтыру және қоршаған ортаны тану бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары (Балапан тобы, ІІ сәбилер)
Тіл дамыту мен сурет салу арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қыс қызықтары
Бастауыш сыныптарға арналған күзгі мерекелік-шығармашылық іс-шара жоспары
Мектепке дейінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: үштілді тіл дамыту - Менің отбасым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz