Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіл патшалығы

Тақырыбы: <<Тіл патшалығы>>
4 - сыныпқа арналған таңдау курсы
Қҧрастырушы: А.С.Гумарова , Казталов ауданы
Рецензенттер: Сағынаева Д.К - БҚО ББ МДжЖОБББ әдіскері, Темиргалиева Ш.Б - Казталов АББ әдіскері
Тҥсінік хат
Қазақ тілі - бай тіл және тез дамитын тіл. Ана тіліміздің аса зор, керемет қасиетін Қадыр атамыз: <<Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас>> деп, жоғары бағалаған. Сӛздің қисынын тауып, мәнді сӛйлеу - шешендіктің алғы шарты. Ана тілін жақсы біліп, шешен сӛйлеу ақылдылықтың белгісі. Баланың тілін дамыту арқылы ӛнердің сан тҥрімен таныстыруға болады.
Осы алғы шарттарды негізге ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сӛйлеу, жазбаша кӛркем сӛздерді жеткізе білу, ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында тіл дамыту бағытындағы <<Тіл патшалығы>> таңдау курсының 4-сыныпқа аптасына 34 сағатқа негізделген кҥнтізбелік-тақырыптық жоспары қҧрылды.
Бағдарламаның мақсаты:
А) білімділік: оқушының ауызекі сӛйлеу мен жазба тілін сапалы меңгеруіне, ауыз әдебиеті тҥрлерімен жетік танысуына жағдай туғызу, тіл дамуының ӛмірдегі, қоғамдағы орынын тҥсіндіру;
Ә) тәрбиелілік: балалардың санасында кӛркем әдебиет арқылы жеке кӛзқарас, эстетикалық орта қалыптастыру;
Б) дамытушылық: мәтін қҧрастыру, ӛлең ҧйқастарын, эссе, пікір жазу қабілеттерін жетілдіре отырып, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін, сӛздік қорларын дамыту.
Бағдарламаның міндеті:
* Оқушылардың ауызекі сӛйлеу және жазба тілде кӛркем әдеби тілмен орынды сӛйлеп, жазуда тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
* Есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
* Алған білім, білік дағдыларын орынды пайдалана білуге ҥйрету;
* Ӛз пікірі бар тҧлға қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:
* Оқушылардың ауызекі сӛйлеу және жазба тілдері дамиды;
* Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттері артады;
* Білім, білік, дағдылары жетіледі;
* Әдеби шығармалар арқылы оқушы жан-жақты тәрбиеленеді;
* Адамгершілік қасиеттері, кӛркем эстетикалық талғамы дамиды;
* Ӛз бетімен жҧмыстана алатын, ӛз пікірі бар тҧлға қалыптасады.

Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, дҥниетану, математика, бейнелеу.
Оқытудың тҥрлері:
Жарыс сабақ
Іскерлік ойын сабағы
Білімді, дағдыны, ептілікті жҥйелеу (қорытындылау) және қайталау сабағы.
Сыныптан тыс ашық сабақтар.

Оқытудың әдістері:
Адам ойын кӛбіне ауызекі сӛйлеу тілі арқылы жеткізеді. Ауызекі сӛйлеу тілін білген адам оны ӛзінің кәсіби қҧзыры деңгейінде арнайы әдебиеттерді оқуға, хабар алмасуға және кәсіптік іскерлігін жетілдіру мақсатында пайдалана алады. Оқушылардың ауызекі сӛйлеу тілдерін қалыптастыру жҧмыстарын ҧйымдастыру кезінде тӛмендегі әдістерді жҥйелі қолданудың пайдасы зор.
Сұрақ-жауап әдісі.Оқушылардың кӛру қабілеттерін ойлау қабілеттерімен ҧштастыра дамытады.
Ситуация арқылы сӛйлеу әдісі - сӛз, сӛз тіркестерін, сӛйлем қҧрау, болған, кӛрген, естіген оқиға жайлы ойын жеткізу.
Ӛз ойын айту әдісі - оқушыларды ойлану, ойлау ҥрдісі арқылы ойын ауызша жҥйелі айтып беруге дағдыландыру.
Монолог әдісі - оқушыларды ӛз білім деңгейлеріне сай, ӛз ойларын айтқызуға ҧмтылдыру.

Ұқсас жұмыстар
Үш тілдің патшалығы, ойын-сауық кеші
Қазақ тілінен грамматикалық ойындарды қолдану
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолының қалыптасуы
Парфия патшалығы. 6 сынып
Тіл әлеміне саяхат. "р" дыбысы мен әрпін қайталау
Парфия патшалығы
Ақпаратты сәйкестендіру сайысы
Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, бұйымдарды біріктіру тәсілдері. бұйымдарды жасау схемасы
Дені саудың - тәні сау
Пәндер