Күтім жасау

Сабақ тақырыбы:
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?
Мектеп: Глазунов орта мектебі
Сабақ тақырыбы:: Күні : 03. 10
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?:
Мектеп: Глазунов орта мектебі: Мұғалімнің есімі: Шакирова С . Ж
Сабақ тақырыбы:: СЫНЫП: 1-сынып
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?: Қатысқандар саны: 12
Мектеп: Глазунов орта мектебі: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:: Оқу мақсаты:
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?: Барлық оқушылар: бөлме және мәдени өсімдіктерді күту тәсіл­ дерін сипаттау;
Сабақ тақырыбы::
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?: Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.
Сабақ тақырыбы:: Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Сабақ тақырыбы:: Ресурстар:
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?:

қопсытуға арналған таяқшалар;

бөлме өсімдіктері.

Сабақ тақырыбы:: Күтілетін нәтижелер:
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?:
  1. Оқушылар өсімдікке қалай күтім жасау керек­ тігін білетін болады. Бұл үшін олар өсімдіктерге күтім жасаудың әртүрлі әдістерімен, соған ар­ налған арнайы құралдармен танысады. Оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін үйренеді.
Сабақ тақырыбы:: Сабақтың мақсаты:
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?:

1. 2. 1. 4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1. 2. 1. 5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

Сабақ тақырыбы:: Сабаққа байланысты деректі материалдар
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?: Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақ тақырыбы::

Мәдени өсімдіктер өздеріне көп күтімді қажет етеді. Жақсы өнім алу үшін адам өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, топыраққа күтім жасау, суару, арамшөптермен және зиянкестермен күрес жүргізу.

Топыраққа күтім жасау - оның құнарлылығын арттыру мақсатында жасалатын шаралар кешені. Жерді ұзақ уақыт бойы пайдалану - топырақтың тозуына әкеледі. Сондықтан топыраққа жиі тыңайт­ қыштар себу қажет.

Топырақты қопсыту өсімдіктің тамыр жүйе­ сіне ауаның жақсы баруына мүмкіндік береді. Өсімдіктерді қажет мөлшерде суару қажет. Арам­ шөптерін жұлу керек. Арамшөптер мәдени өсім­ діктердің қалыпты өсуіне кедергі жасайды, себебі олар өсімдіктерге қажетті ылғал мен қоректік зат­ тарға ортақтасады.

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?:

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға “Бағбанның қимылы” пантомимасын жасауды ұсыныңыз. Олар топпен бағбанның қимылдарын ойлап тауып, сосын

неге олар осы қимылды көрсеткенін және әр қимыл­ дың нені білдіретінін түсіндірулері керек.

Құрал-саймандармен таныс бол. Оқушылар­ дың назарын оқулықтағы құрал-саймандардың суретіне­ аударыңыз­. Олардан суреттердегі­ құрал-саймандарды­ анықтап, ­ осы құрал-саймандармен қалай жұмыс істеу керектігін­ айтқызыңыз және сол қимылдарды жасап көрсетулерін­ сұраңыз.

Күтім жасау. Мынадай сұрақтарды қойыңыз: “Өсімдік­ өсіп тұрған топыраққа да күтім жасау керек пе? Әлде өсімдікке ғана ма? Неге? Өсімдіктің қай бөлігі топырақта орналасқан? Тамыр топырақтан не сіңіреді?” Оқушылардың назарын суреттерге және берілген жазуларға аударыңыз. Бала не істеп жүр? Егер өсімдікті суармаса, оған не болады? (Солып қалады. ) Тыңайтқыштар не үшін керек? (Уақыт өте келе, топырақтағы қоректік заттар жойылады, сон­ дықтан оған тыңайтқыштар қосып отыру қажет. ) Топырақты неге қопсыту керек? (Тамырға ауа жақсы жетеді. )

Зерттейік. Бұл тапсырманы оқушылар жұппен жұмыс істейтіндей етіп ұйымдастырыңыз, ал егер сыныптағы бөлме өсімдіктері жеткілікті болса, оқушылар жеке жұмыс істейді.

Әр топқа сусепкіш, пульверизатор, шүберектер және таяқша беріңіз. Төмендегі нұсқауларды бас­ шылыққа алыңыз.

  1. Өсімдіктің ерекшеліктерін ескере отырып, оны суару. Сосын топырақты таяқшамен қопсыту. Жапырақтардың шаңын сүртіп, су бүркіп, шаңын сүрту.

Осы іс-әрекеттерді өсімдікке зиян тигізбей істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріңіз.

Тапсырманы орындау алдында сұрақ қойыңыз: “Егер өсімдікті дұрыс суарып, топырағын қопсытса, не болады?” Ойларын тыңдаңыз. Мүмкін кейбір оқушылар: Өсімдік басқаша көрінетін болады”, - дейтін болар. Мысалы, гүлдейді. Зерттеуді жасап болған соң: “Олардың болжамдары дәл келді ме?” - деп сұраңыз. Оқушылар кейбір болжамдар орындалмады деген қорытынды жасауы мүмкін. “Болжамдар нәтижемен сай келу үшін не істеу ке­-рек?” - деп сұраңыз. (Өсімдікке ұзақ уақыт бойы күтім жасау керек. ) Нәтижелер тезірек көріну үшін тағы не істеуге болатынын сұраңыз. (Тыңайтқыштар­ себу, басқа орынға ауыстыру. ) Осылайша, оқушылар зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижелері­ алға қойған болжамдармен сай келмеуі мүмкін екенін және зерттеу әдісін жетілдіру керектігін түсінеді.

Осы жұмыстың нәтижесінде оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін түсінеді.

Сабақ тақырыбы:: Пәнаралық байланыс
Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?: Қосымша тапсырмалар

Ұқсас жұмыстар
Босанғаннан кейінгі кезеңінің патологиясы
Сабақтың тақырыбы. Сабақ нәтижесі
Бекітпені бекітпе жақтауына қосу
Шаш күтімі
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Үйдегі мейіргерлік күтім
<<сән мен сымбат әлемі>> сайысы
Альцгеймер ауруы
Іш сүзегі, А және Б паратифтері кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру
Сұлулық сыры неде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz