Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Өсімдіктердің түрлері мен негізгі бөліктері (мектепке дейінгі топ)

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
1- бөлім. Өсімдіктер
Күні:
Сынып:
К
Мектеп: Н. Есеболатова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұғалімнің аты-жөні:Сейсекенова Г. М.
1. 2. 1. 2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату
1. 2. 1. 3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату
1. 1. 2. 1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу
Барлық оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін білу
Көптеген оқушылар: жабайы мен мәдени өсімдіктерді ажырату
Кейбір оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.
Өсімдіктердің негізгі бөліктерімен танысады
Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді біледі, ажыратады
Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жасайды
Сабақтың басы
2 минут
1. Психологиялық дайындық
Гүлдей өмір сүрейік,
Қызыл, жасыл, сары боп
Әдемі болып жүрейік,
Гүл әдемілік белгісі.
Гүлдердің қасиетін білейік.
Оқушыларды 3 топқа бөлеміз.
Суреттер арқылы ағаш, бұта жіне шөп.
2. (МК) Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі - өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл - дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.
Қызықты мәліметтер.
Дүниедегі ең биік өсімдік - бамбук. Ол ағаш сияқты көрінгенімен ол- шөп. Биіктігі 25 метр . Ол күніне 1 метрден өсіп отырады.
Әлемдегі ең биік ағаш - эвкалипт. Ол Австралияда өседі. Оның биіктігі 100-110 метр. Бразилияда өсетін ағаштардың діңін кессе сүтке ұқсас шырын шығады. Шырынның дәмі сүттің дәміндей.
Қытай, Жапония, Үндістанда кәмпит ағашы кездеседі. Оның күнге кептірілген жемістері кәмпит сияқты тәтті болады.
Сабақтың ортасы
30 минут
1. (Ж, Т)
« Жаңаны тану» əдісі арқылы .
Бұл əдіс оқушыларға жаңа тақырыпты түсінуге
мағлұмат алуға негізделген. Мұғалімге жаңа
тақырыпты уақытты үнемдей отырып беруге
мүмкіндік береді. Суретпен жұмыс. Оқушыларға топпен жұмыс жасау беріледі. Бұл тапсырмада 2 топтағы оқушыларға жаңа тақырып аясында ақпарат беріледі. 1 топ осы суреттегі өсімдіктердің аттарын жазады.
1-тапсырма
Өсімдік түрін таниды
Өсімдіктерді топқа жіктеу тәсілін дәлелдейді
-шөп тектес өсімдікті табады
-ағаш тектес өсімдікті табады
-бұталы өсімдіктерді табады
-мәдени өсімдіктерді табады
-жабайы өсімдіктерді табады
-ұқсастығын табады
-айырмашылығын табады
Бағалау:
«Отшашу» арқылы, топтық жұмысты бағалайды
3-тапсырма
«Ойлан, бірік, бөліс» əдісі
арқылы. Оқушылар бұл əдіс арқылы
тапсырманы жан-жақты толық орындайды.
Оқушыларға топпен жұмыс жасау беріледі.
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе
идеяларды барынша жазады (Ойлан) . Одан
кейін олар өз идеяларын біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (бөліс)
1-топ Суреттегі өсімдіктерді атау
2-топ Өсімдіктерді қандай топтарға бөлі
3-топ Өсімдіктердің бір-бірінен қандай