Эссе жазу

Сабақ жоспары
Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу.
ӘТН1 Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
- Эссенің құрылымдық бөлімдерін дұрыс сақтап жазады.
- Тақырыпқа қатысты өзіндік ой-пікірін дәлелді береді.
- Шешімді растайтын дәлелдемелер мен қарсы дәлелелдер нақты көрсетеді.
- Жазба жұмысында жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады.
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жеке, топта жұмыс істей алады.
Пән лексикасы және терминология: шынайы достық, жалған достық, сенімді, сырлас жан, жанына жақын, сыр ақтару, ауыр сөз айтқан дос емес (мақал), дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады (мақал)
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, себебі, мысалы, сондықтан
Сабақтың басы
2 мин
4 минут
1. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері түсіндіріледі.
2. Ой қозғау. Бейнебаянда Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді тыңдатылады.
Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіз ?
Автордың пікірімен келісесіз бе ?
Осы мәселе туралы сіз не ойлайсыз?
Ең маңыздысы не ?
https://www. youtube. com/watch?v=NtGviiKhdoI
00:47-ге дейін
Сабақтың ортасы
2 мин
5 мин
25 мин
5мин
І Эссе жазу үшін тақырып бойынша ой қозғау ( жағдаят)
- Оқушылар жағдаятпен танысады
Аңсар пен Мирас екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң, далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: «Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы», - деп өз өтінішін Аңсарға айтты . . .
- Аңсар егер адал дос болса, қалай жауап берер еді деп ойлайсыздар?
Оқушылар топтарда талқылайды. Мұғалім топтық талқылауды бақылайды, сұрақтармен, нұсқаулармен бағыт береді.
ІІ Эссе жазу. Тақырыбы: «Досыңа ащы да болса шындықты айтқан дұрыс» деген оймен келісесіз бе?» тақырыбында келісу және келіспеу себептерін нақты дәлелдей отырып эссе жазады. Сөз көлемі -150 сөз
- ЖЖТақырыппен танысқан соң, оқушылар жұпта келісемін және келіспеймін аргументтерін тізіп жазады.
- Жұпта келтірілген аргументтерді топта талқылайды.
- Әр оқушы жеке эссе жазады.
Дескрипторлар:
1. Тақырыптан ауытқымайды.
2. Эссенің құрылымдық бөлімдерін дұрыс сақтап жазады.
3. Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу 2 не 3 себебін көрсетеді.
4. Жазба жұмысында жалғаулар мен шылауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
«Автор орындығы» әдісі
Жазба жұмыстарын ұсынады. Оқушылар автор орындығында отырған оқушыға сұрақ қояды
Сабақтың соңы
2 мин
Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы
1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.
Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.
Сабақ жоспарын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz