Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Арифметикалық прогрессия жайлы ақпарат
Арифметикалық прогрессия
Қазіргі заман талабына сай оқушының пәнге деген қызығушылығын
арттыру, жүйелі ойлау қабілетін дамыту үшін мұғалімнің ізденісі жоғары
деңгейде болу керек. Оқыту технологиясының әдістерін түрлендіре қолдану
әр мұғалімнің өз шеберлігі. Деңгейлеп оқыту әдісін қолданып өткізген
сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.
Тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-інші
мүшесінің формуласы.
Мақсаты: 1. Оқушылардың сандар тізбегі тақырыбынан алған білімдерін
тұжырымдап, арифметикалық прогрессия, оның n-інші мүшесінің формуласы
туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың іскерліктерін, ауызша тез есептеу дағдысын, логикалық
ойлау қабілеттерін, өз бетімен еңбектену дағдыларын дамыту.
3. Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуына, білімдерін
көрсете алуына, жауапкершілікке, білімділікке тәрбиелеу, математикадан
сауатты сөйлей білу қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: слайдтар, схемалар, деңгейлік тапсырмалар, диктафон.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың құрылымы:
1. Танымдық деңгей: (өткен сабақтар бойынша ауызша есептер мен сұрақтар,
слайдпен көрсетіледі, дұрыс жауаптары тексеріледі).
-- Сандар тізбегі дегеніміз не, берілу тәсілдері қандай?
-- Тізбектердің қайсысы өспелі, кемімелі, тұрақты тізбек болады?
а). 10; 9; 8; 7; 6;...
в). 13; 13; 13; 13,...
с). 20; 23; 26; 29;... д).
4; -8; 16; -32;...
-- Сандар тізбегін құрастыру ережесін анықтаңдар және ереже бойынша
келесі мүшесін тауып, тізбекті жалғастырыңдар.
-5; -3; -1;...
-- Жалпы мүшесі сn=2n-3 формуласымен берілген тізбектің с1, с5, с9,
с50 мүшелерін табыңдар.
--Заңдылығын анықтап тізбектерді рекурренттік формуламен көрсетіңдер.
1). 1; 3; 5; 7; ... сn+1=сn +2
2). 8; 4; 0; -4; ... сn+1=сn -4
3). 1;3; 9; 27; ... cn+1= 3cn
-- Рекурренттік формуламен берілген тізбектің алғашқы бес мүшесін
табыңдар. с1=4, сn+1=cn+3
2. Алгоритмдік деңгей: Жаңа сабақты меңгеру алгоритмі:
1. арифметикалық прогрессия анықтамасы
2. n-інші мүшесінің формуласын қорыту
З. Прогрессия туралы қысқаша тарихи
мағлұмат.
Есеп: Еркін досының туған күніне ұялы телефон сатып алып бермекші болды.
Ол үшін бірінші айда 6300 теңге, ал келесі айларда қосымша 500 теңгеден
қосып төлеп отыруы қажет. Егер Еркін ұялы телефонды жалға 6 айға алған
болса, әр айда қанша теңге төлеуі қажет?
Оқушылардың көмегімен тізбек құрастырылады, арифметикалық
прогрессия, айырымы, n-інші мүшесінің формуласы туралы түсінік беріледі.
Енді прогрессия туралы қысқаша мағлұмат алайық.(диктафоннан)
Прогрессия- латын сөзі, өрлеу, ілгері қозғалыс деген мағынада.
Прогрессиялар мен тізбектер туралы алғашқы ілім мысырлықтар мен
вавилондықтардан басталды. Мәселен, біздің заманымызға дейінгі
вавилондықтардың сына жазу кестелерінде, ежелгі грек папирустарында
арифметикалық және геометриялық прогрессияларға көптеген мысалдар
кездеседі. Соның бірі:
Доминодан құралған прогрессиялар.(слайд түрінде көрсетіледі)
Сіздер тізілген домино тастарын көріп отырсыздар. Бұл ойынның ерекшелігі
мынада: Әр тастағы ұпай саны бір-бірінен 1-ге артып отырады, 4-тен бастап
қатардағы ұпайлардың саны мынадай: 4; 5; 6; 7; 8; 9.
Осындай үнемі бір шамаға артып я болмаса кеміп отыратын сан тізбегін
арифметикалық прогрессия деп атайды. Біздің домино ойынымызда әрбір
келесі сан алдыңғы саннан 1-ге артық, ал прогрессияның айырмасы кез
келген сан болуы мүмкін.
3. Эвристикалық деңгей: (тест)
1.Тізбектердің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады?
1. 3; 6; 9; 12; ... 2. -1;
-1; -1; -1; ...
3. 0; 13; 1; 14; ... 4. -5;
-1; 3; 7; ....
А) 1, 2 Ә) 1, 4 Б)
барлығы
2. Арифметикалық прогрессияның a1=1, d=3 екені белгілі. Осы
прогрессияның алғашқы 4 мүшесін табыңдар.
А) 1; 4; 7; 10 Ә) 1; 3; 9; 27 Б) 1: -2;
-5; -8.
3. 19; 15; 11; … арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар?
А) 7 Ә) 15 Б)
3
4. -9; -5; -1; ... арифметикалық прогрессияның айырмасы неге тең?
А) -4 Ә) 4 Б)
3
5. a1 = 30, d =9, a41 мүшесін табыңдар.
А) 399 Ә) 390 Б)
400
6. a15 =131 a17 =153 a16 мүшесі неге тең?
А) 284 Ә) 142 Б)
21
7. a1 =25 d = [pic] a34 мүшесі неге тең?
А) 28 Ә) 22 Б)
58
4. Шығармашылық деңгей:
Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ. Сабақты қорытындылау: (слайдпен көрсетіледі.)
an =[pic]
an+1 =an+d
d = an+1 - an
an = a1 + (n-1) d
V. Үй тапсырмасын беру, оқушылардың білімін бағалау.
-----------------------
• •••
•• •••
••• •
••• • •• •
•••
• • •
• •
•
•
• • • •
• •
• • •
• •
• •
• •
«3»
Бер:а1=7, d=2
Т/к: а45
«4»
Бер: 5; 7; 9; ....-ариф. прогрессия
Т/к: а111
«5»
Бер: ап=2п+3
Т/к: 103 саны осы прогрессияның нешінші мүшесі?
Арифметикалық прогрессияның анықтамасы
Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиеті
Арифметикалық прогрессияның n-інші мүшесінің формуласы
Арифметикалық прогрессияның айырымының формуласы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz