Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құстардың досымыз

Білім беру салалары: Әлумет Бөлімдері: Қоршаған орта Тақырыбы : <<Мен қамқор баламын>>
Мақсаты:
Білімділік: қоршаған ортаға деген қамқорлық сөзінің мәнін түсінуге үйрету.Әрбір баланың жеке тұлға екенін түсіндіру.
Түзету - дамытушылық: <<Қамқорлық>> ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін аша отырып сана сезімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Өзін - өзі тануға деген құштарлықтарын арттырып,
өзара жағымды қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Қамқорлық ұғымы туралы түсінік беру;
- Қамқорлық жасау дағдылырын дамыту;
- Қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:
Қысқы табиғат суреті,жабайы жануарлар суреттері.

Мотивациялық - қозғаушылық
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинайды
Қайырлы күн балалар!
Қане, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір бірімізге қуаныш сыйлап көрейікші!
Шаттық шеңбер
Жақсы сөздер айтамыз,
Шаршамаймыз қайта біз!
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн-Анамыз!
Біз камқоршы баламыз!

Ұйымдастыру-іздестіру
-Балалар барлығымыз экранға назар аударамыз.
<<Мен қамқор баламын>>
Әңгімелесу:
-<<Қамқорлық>> деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Сендер кімдерге қамқорлық жасай аласыңдар?
-Балалар,жақсылық жасап бір-біріне көмектесетін адамдарды қамқор адамдар дейміз.Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, жасаған қайырымды ісінен танимыз.
- Балалар,біз бүгін <<өзін-өзі тану әлемінің>>
<<Мен қамқор баламын>> аялдамасына тоқталамыз.

Әңгіме : <<Жай ғана әжей>>
Сұрақтар

Жұмбақ:
Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай ақ.
-Дұрыс,Қоянғой!Балалар бүгін бізге қонаққа қоян келіпті.
Театр ширмасынан қоян шығады.
тапсырма № 1
Мнемотехника әдісін қолданып
суреттерді құрастыру арқылы сөйлем құрайды.
<<Құстардың досымыз>>
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жем - су беріп жаз бойы,
Балапанын бағамыз.
Күзде салқын даламыз,
Қыста құссыз қаламыз.
Көктем келсе оларды
Қайта қарсы аламыз.
сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Д/О жаттығуы
<<Болады -болмайды>>
Тыныс алу және саусақ жаттығуы
Тапсырма № 2
Сөздік жұмыс:
Қоян - заяц- a rabbit
Аю - медведь- a bear
Түлкі - лиса - a fox
Қасқыр- волк- a wolf
Тапсырманы бекіту
-Балалар бүгінгі өтілген <<қамқорлық>> әлемінің ережелерін еске түсіреміз.
Саусақты бүгу арқылы санап айтамыз.
1. Ағаштарды сындырмаймыз
Ағаштарды суарып баптаймыз
2. Құстарды таспен ұрмаймыз
Құстарға ұя жасап береміз
3. Табиғатты ластамаймыз
Қоқыс жатса көтеріп жәшікке салмаыз
4. Достарымызға көмектесеміз
5. Қамқор бала боламыз
Жүректен-жүрекке
Балалар қолдарыңызды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Қамқор жүректерің мейірімге толы болып өсетіндеріңе мен сенімдімін.
Қорытындылау
Тосын сый сәті:
Есік қағылып,хат тасушы кіреді.Балалармен амандасып,табиғат анадан сәлемдеме келгенін айтады.
-Балалар,бізге табиғат анамыз сәлемдеме беріп жіберген екен.Сендердің бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысып,табиғатқа жасаған қамқорлықтарың үшін сыйлықтар беріп жіберіпті.
Жарайсындар, бүгінгі өтілген оқу қызметі ұнады ма?
Олай болса балалар,осымен оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Күтілетін нәтиже:
Біледі :балалар қамқорлық сөзінің мағынасын түсіне білді. Игерді:бізді қоршаған жақын адамдарымыз бізге қамқор екенің түсінді. Меңгерді :Бір бірлеріне қамқор болу керектігін меңгерді

Ұқсас жұмыстар
Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар
Артық болмас білгенің Қызыл кітапқа енген құстар
Құстардың көктемгі тіршілігі (сабақ жоспары)
Құстар-біздің досымыз туралы
Жабайы құстар. Аралас сабақ
Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру
Құстардың түрі мен ұшып келу реті
Құстар қалай қыстайды Оқушыларға жалпы құстар жайында олардың қысқы тіршілігі жайында толық түсінік беру
Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу
Құстар біздің досымыз
Пәндер