Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Беріліс қорабының ақауларын жөндеу

Сабақтың тақырыбы: Беріліс қорабының ақауларын жөндеу
Топтар
Асл 9-181

Сабақ өтетін күн
19.12.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Трансмиссия агрегаттарын диагностикалауды қалай ұйымдастырылады?
Трансмиссия агрегаттары қандай кездерде тозады?
Трансмиссия агрегаттарының ақауларын анықтау әдістеріне нелер жатады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Беріліс қорабының бөлшектерін тексеру. Беріліс қорабының картері СЧ24 маркалы сұр шойыннан құйылған. Беріліс қорабының картерінен онымен түйіскен бөлшектерді шешкен соң, тиейтін беттердің жағдайын, жарылыстардың болмауын жəне мойынтіректерге тесіктердің тозу мөлшерін мұқият тексеру керек. Беріліс қорабының картеріндегі жарылыстар мен ойықтар ақаулық белгісі болап тыбылады. Мойынтірек тесіктері беріліс қорабының картерінің шекті көлемдерінен асып тозғанда, ауыстыруға жатады. Картердің тесігіндегі бұранданы зақымдауға көп дегенде екі жібі шегінде жол беріледі. Картердің алдынғы жəне артқы бүйірлерінің екінші біліктің мойынтңрегі тесіктерінің жалпы осіне қатысты ауытқымасына 0,08...0,15 мм шамасында жол беріледі. Аралық жəне екінші біліктің осьтерінің параллельсіздігі жəне олар арқылы өтетін жалпы жазықтықтан ауытқуы картердің түгел ұзындығы бойымен 0,07. 0,12 мм аспауы тиіс. Беріліс қорабының картерінің қалған тиейтін беттерінің жазықсыздығы 0,15.0,3 мм шамасында болуы тиіс.
Беріліс қорабы біліктерінің мойыншалары мен оймакілтектері жөндеусіз шекті мөлшерден асып тозғанда, біліктерді ауыстыру керек. Тозған білік мойындары хромдаумен жөндеп, кейін оларды бастапқы өлшемдеріне келтіріп өңдеуге болады.
Жаңа бірінші біліктің ішкі тесігінің мойынтірек тесіктерінің мойындарына қатысты ауытқуына 0,025 мм артық емес беріледі. Майысу не оралу жағдайында білікті ауыстырған жөн. Екінші білік мойындарының оське қатысты ауытқуына 0,05 мм артық емес беріледі. Боялған цементтелген қабатты ескеріген сипаттағы мойындарды қолдануға болмайды. Аралық біліктің мойындарының оське қатысты ауытқуына 0,04 мм артық емес беріледі. Біліктің сынған мойнын хромдаумен жөндеп, кейін оларды бастапқы өлшемдеріне келтіріп өңдеуге болады. Тегершіктерінде жарылыстар болса, тістері мен тегершік оймакілтектері қатты тозғанда ауыстыру керек. Тістеріндегі шағын нақыстар болса, тазалаған дұрыс.
Жұмысшы бетте нақыстарға жол берілмейді. Беріліс қорабы тегершіктерінің бүйірлерінің ауытқуына 0,05 мм артық емес беріледі. Бөлшектер тозғанда жəне серіппелерінің серпінділігі жоғалғанда синхронизаторды ауыстырған жөн.
Беріліс қорабының қақпағында жарылыстар мен нақыстар болмауы керек. Берілісті қайта қосу өзегінің қақпағындағы тесіктер тозғанда төлкелерді қойып ауыстыру немесе жөндеу керек. Берілісті қайта қосу өзектерінің майысуына 0,1 мм артық емес беріледі. Майысқан өзектерді жақтаудың көмегімен жөндеуге болады. Қайта қосу берілісінің өзектері берілген шектен асып тозса, ауыстыру немесе хромдаумен кейін өңдеп қалпына келтіру керек. Фиксаторлық шариктердің өзектеріндегі қуыстардың тозуына жол беріледі, мұнда профильдік шаблон мен қуыстың аралығы 0,6 мм аспайды. Рұқсат етілгеннен асып кетсе, штоктарды ауыстыру қажет. Айырда, бастиек пен қайта қосу берілісінің тетігінде жарылыстар мен сынықтар болса, оларды ауыстыру қажет. Майысқан айырлар мен қайта қосу берілісінің тетігі жақтаумен жөнделуі мүмкін. Қайта қосу айырының табандары рұқсат етілген мөлшерден асып тозғанда, ауыстыру керек. Қайта қосу берілісі тетігінің айыры мен бастиегіндегі қуыс тозғанда, қайта қосу берілісі өзегінің айыры мен 48 бастиегіндегі тесікітер тозғанда, оларды ауыстырған жөн. Қайта қосу берілісі тетігінің фиксаторының жырашығы тозғанда, тетікті ауыстырған дұрыс.
Берілісті қайта қосу механизмін басқару жетегін реттеу. Реттеу беріліс қорабын шешкен соң жəне қайта орнатқан соң, сонымен қатар автомобильді пайдалану кезінде беріліс анық емес қайта қосылғанда қажет болуы мүмкін.
Бұл үшін келесіні орындау қажет: автомобильдің астынан беріліс қорабын басқаратын тартылыстағы қамыттың тартпалы бұрандамасының сомынын үш-бес бұрылысқа босатып бұрап алу. Тартылыстың беріліс таңдау штогына қатысты еркін орын ауыстыруы үшін бұрағышпен қамыттың жігі мен тартылыс ұшындағы жікті аздап кеңейту, штокты нейтралды күйге қою. Автомобиль салонында еден тоннелінің қабымен қоса берілісті қайта қосу тетігінің қабын шешіп алу, сосын қапты тетік бойынша оның төменгі ұшы тік орналасатындай етіп көтеру. Автомобилдьдің астынан беріліс таңдау механизмінің тетіктерін жылжып кетпейтіндей, қолмен ақырындап штоктың осьтік люфтін сағат тіліне қарама-қарсы бағытта таңдау. Қамытты тартылыс ұшынан 1...3 мм қашықтықта орнатып, қамыттың тартылыс сомынын тартып бекіту.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Беріліс қорабы біліктерін қай кезде ауыстыру керек?
Беріліс қорабының қақпағында не болмауы керек?
Берілісті қайта қосу механизмін басқару қалай жетегін реттейді?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автоматты беріліс қорабының ақаулары
Алдыңғы белдік ақаулары
Кардандық біліктердің ауытқымаларын тексеруге арналған құрылғы
Беріліс қорабының бөлшектерін тексеру
Автоматты беріліс қорабы сұйықтығын құю
Беріліс қорабы
Беріліс қорабын диагностикалыу құралдары
Доңғалақтар аумағындағы белдіктің жоғары шуылы
Карданды берілістердің қызметі
Екінші білікті шешу және бөлшектеу
Пәндер