Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Екінші білікті шешу және бөлшектеу

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ 9-173 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеуші слесарь>>
- - - - - - - 26.05 2020 ж

№45 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Беріліс қорабының механизмін шешу және бөлшектеу.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ
Тақырып: Беріліс қорабының механизмін шешу және бөлшектеу.
Беріліс қорабының механизмін шешу және бөлшектеу. Қорап қақпағының бекіткіш бұрандамаларын бұрап шығару, берілісті қайта қосу меъанизмімен қоса қақпақты ашу, қақпақтың төсемін шешу. Егер төсемше жабысып қалса, оны бұрғыш не басқа аспаптың көмегімен байқап шешу керек. Беріліс қорабын қайта қосу механизмі арнайы құрылғыда бөлшектейді, онда қақпағы бөлшектеуге ыңғайлы етіп бекітіледі. Құрылғы жоқ болса, қақпақты басқыштарға қыстырып бөлшектеуге болады. Беріліс қорабын қайта қосу механизмін мына тəртіпте бөлшектеу керек. Штоктардағы бекіту айырлары мен сақтандырғыш бастиектерінің тоқтатқыш бұрандамаларын сіргелеу, бекіту айырларының тоқтатқыш винттерін жəне шток бастиектерін бекіту бұрандамаларын бұрап шығару. Айналтұтқаның көмегімен берілісті қайта қосудың бір штогын жылжытып, бітеуішті ұядан сыңып шығару. Штокты жылжыта отырып, айырды шешіп, фиксаторлық шариктерді қолмен ұстап тұрып, штокты екінші қолмен суыру. Ұқсас əдіспен берілісті қайта қосудың қалған екі штогын суыру.
Бірінші білікті шешу және бөлшектеу. тартпалы серіппені ажыратқышты сөндіру мойынтірегінің муфтасынан ажырату жəне муфтаны мойынтірекпен қоса шешу. Бірінші біліктің алдынғы мойынтірегінің қақпағын бекітетін төрт бұрандаманы бұрап шығару жəне қақпақты төсенішпен шешу. Картер ұясынан бірінші білікті шығару үшін алынғыштың көмегімен шарикті мойынтіректі сығып шығару керек (6.15-сур.) жəне білікті мойынтірекпен қоса шешу. Құлыптысақиналарды шешу жəне алынғышпен мойынтіректі тығыздап тастау.
Екінші білікті шешу және бөлшектеу. Айналтұтқамен бірінші берілістің тегершігін тоқтатып, екінші біліктің фланецін сомынмен бұрап шығару, фланецті тығыздау. Екінші біліктің қақпағын бекітетін бұрандамаларын бұрап шығару жəне қақпақты төсенішпен шешу

6.15-сур. Алынғыштың көмегімен бірінші біліктің мойынтірегін сығып шығару: 1 -- алынғыш; 2 -- бірінші білік; 3 -- мойынтірек

Екінші біліктің ұшынан спидометр жетегінің жетекші тегершігін шешу. Жақтау мен балғаның көмегімен қораптың картері ұясынан екінші біліктің мойынтірегін білікпен қоса сығып шығару. Алынғышпен екінші біліктің мойынтірегін шешу, корап картерінен тегершіктерімен жəне синхронизаторлармен қоса екінші білікті шығанру (6.16-сур., а). біліктен төртінші жзəне бесінші берілістің синхронизаторын, бірінші берілістің тегершігін шешу. екі бұрағыштың көмегімен төртінші берілістің тегершіктерін бекітетін құлыпты сақинаны алу (6.16-сур., б). Төртінші берілістің тегершігімен бірге тіреуіш шайбасын жəне тоқтатқышпен қоса болат төлкені, үшінші берілістің тіреуіш шайбасы мен тегершігін, екінші жəне үшінші берілістің синхронизаторын шешу. Екі бұрағыштың көмегімен екінші берілістің тегершігін бекіту құлыпты сақинасын алу. Екінші берілістің тіреуіш шайбасы мен тегершігін шешу. Синхронизаторларды қажетінсіз бөлшектеп керек емес.
Аралық білікті және артқы жүріс тегершіктерінің блогын шешу және бөлшектеу. Артқы жүрістің тегершіктері блогының тоқтату осінің бекітуші бұрандамаларды бұрап алу, тоқтатшқышты шешу, картерден блок осін суырып алу. Артқы жүрістің тегершіктері блогының тоқтату осін тығыздау үшін алынғышты қолдану. Аралық біліктің артқы мойынтірегінің қақпағының төрт бұрандамасын бұрап алу, қақпақты төсемшемен қоса шешу, сомынның жіңішке шетін жазу, аралық біліктің тегершігін айналтұтқамен тоқтату, артқы мойынтіректің сомынын бұрап алу. Картер ұясынан артқы мойынтіректі аралық білікпен сығып алу, білікті тегершіктермен ось бойынша мойынтірекке қарай жылжыту.

6.15-сур. Екінші білікті алу және бөлшектеу. а -- екінші білікті жиналған күйінде шешу; б -- төртінші беріліс тегершігінің құлыпты сақинасын шешу; 1 -- екінші білік; 2 -- БӨП картері; 3 -- құлыпты сақина; 4 -- бұрағыштар
Алынғыштың көмегімен аралық біліктің артқы мойынтірегін тығыздау. Осы мойынтіректі тығыздау əдісі екінші біліктің мойынтірегі үшін қарастырылғанмен бірдей (6.17-сур.). Картерден аралыұ білікті тегершіктермен қоса қолмен шығару (6.17-сур.). Картер ұясынан аралық біліктің мойынтірегінің сыртқы сақинасын алып тастау. Қажет болған жағдайда жақтаумен алдынғымойынтіректіжауып тұратын бітеуішті қағып шығарып, тоқтатқыш сақинаны алып шығару. Аралық білікті бөлшектеу үшін мойынтіректің ішкі сақинасын роликтермен қоса тығыздау керек, құлыпты сақинаны шешу, біліктен түгел тегершікті сығып тастау жəне қуыстардан кілтектерді шығару. Тешгершіктердің тығыздауын 6.18-сур. келтірілген құрылғымен немесе пресстегі төсеніштермен жүргізуге болады. Артқы жүрістің жəне екінші берілістің соңғы екі тегершігін бірге тығыздауға болады.

6.17-сур. Беріліс қорабаныңы аралық білігін шешу:
1 -- беріліс қорабының картері; 2 -- аралық білік

6.18-сур., а. Аралық білікті бөлшектеу:а -- білікті бөлшектеу үшін орнату; б -- тұрақты іліністің тегершіктерін тығыздау; 1 -- құрылғы; 2 -- аралық білік; 3 -- тегершік; 4 -- пресс

Үй тапсырмасы.
1. Беріліс қорабаныңы аралық білігін шешу қалай жүргізіледі?
2. Екінші білікті алу және бөлшектеутегі реттіліктер?
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков.

Ұқсас жұмыстар
Артқы белдікті бөлшектеу
Сабақ өтетін күн
Алдынғы және артқы аспаны бөлшектеу
Жетектегі тістегеріштің осі корпусқа
Рөлдік күшейткіш механизмін диагностикалау
Атыс бөлімшесін басқару
Алдынғы доңғалақтардың жетегін шеші және орнату
Сепараторды құрсаумен қоса топса корпусынан шығару
Рөлдік күшейткіш сорғышының бөлшектерінің дефектациясы
Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Пәндер