Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сұйықпен салқындатылатын жүйесінің негізгі бөлшектерін ата
Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ № ____ Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеу слесары>>
БЕКІТЕМІН
Аға шебер _______________ Т.Тажиметов.
- - - - - - - ________ 20 _______ж
№ 13 ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Майлау жүесі
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар
САБАҚ БАРЫСЫ
І Кіріспе нұсқау:
А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;
Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;
В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;
Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;
--------------------------------------------------------------------------------
Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;
1.Сұйықпен салқындатылатын жүйесінің негізгі бөлшектерін ата?
2.Ауамен салқындату жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін айт?
ІІ Ағымдағы нұсқау.
Тақырып: Майлау жүесі
Қызметі мен жүйе схемасы. Майлау жүйесі мотор бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп тұру және майлау қызметін атқарады. Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салқындатады және бөлшек беттерін қажалу қалдықтарынан тазартады. Қазіргі моторларда аралас майлау жүйесі қолданылады, мұнда кейбір бөлшек сығылған май арқылы, кейбірі шашырау, ал бірі ағып келген май арқылы майланады.Двигательдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі, әрі өзара жанасып үйкеліседі. Жоғарыда айтқандай, ондай үйкелетін беттерді қаншалықты мүқият тегіс етіп өңдегенге қарамастан, оларда микробедерлер сақталып қалады. Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол бедерлер бір-бірімен айқасып, бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді.Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырдың бір-біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылжуы еңді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады.Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір-бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады десе де болады.Екіншісі үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызып немесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.Двигательдердің бөлшектері құрылысы жөнінен және жұмыс істеу жағдайларына байланысты әртүрлі болатындықтан, оларды майлаудың бір ғана түрін, яғни тек қысыммен немесе тек шашып беретін тәсілін қолдана алмайды. Сондықтанда қазіргі двигательдердің барлығыңда құрама майлау жүйесі қолданылады, яғни кейбір бөлшектер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып майланады.1.1-суретте осындай құрама майлау жүйесінің принципиалдық схемасы көрсетілген. Оның жалпы құрылысы мен жұмысы мына төмендегіше болады. Майлайтын сұйық (көбінесе двигательдік майлар) картер түбіне құйылып қойылады. Оның деңгейі белгілі бір мөлшерде болуға тиіс және оны арнаулы көрсеткішпен (16) үнемі бақылап отырады. Енді осы картер түбіндегі май арнаулы сүзгімен жабдықталған қабылдағыш (6) арқылы май насосымен (7) сорылып алынады да қысыммен әрі қарай сүзгілерге (1,10) жіберіледі.Сүзгілер екі түрлі болады: біреуі ірі тазартқыш (10), екіншісі майда тазартқыш (1). Сондықтанда олардың бүкіл жүйеге қосылу тәсіліне қарай толық немесе жартылай ағынды сүзгілер деп түрлендіреді. Толық ағынды сүзгілер жүйедегі насос (7) айдап шығарғын майды тұтас тазалайды, ал жартылай ағынды сүзгілер түгел емес, бір бөлігін ғана тазалап тұрады. Көбінесе қазіргі двигательдерде ірі тазалағыштар (10) тұтас ағынды, ал майда сүзгілер (1) жартылай ағынды болады.Сүзгіден шыққан таза май бөлшектерді майлауға жіберіледі. Ол үшін двигатель блогында магистралдық тесік (12) жасалады. Сол магистралдық тесіктерден майланатын бөлшектерге де тесіктер жасалады. Сонда ондай бөлшектер қысыммен берілген май арқылы майланады. Көбінесе қысыммен майланатын бөлшектерге иінді біліктің тірек және шатун мойындары (13), жұдырықша біліктердің тірек мойындары (14), күйентелердің осьтері (15) жатады. Одан басқа поршень мен цилиндр, клапандар, жұдырықшалар, поршень саусақтары сияқты болшектер шашыраған май тамшыларымен майланады. Иіңді білік және тағы басқа айналатын бөлшектер майды шашып, картер ішінде ұсақ май тамшыларынан тұман түзеді де, олар барып шашылып майланатын бөлшек беттеріне қонады.
ІІІ Қортынды нұсқау.
Өтілген тақрып бойынша қайталап келу. Оқушылардың жұмысты толық меңгергеніне көз жеткізу.
Үй тапсырмасы.
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков. 71-73 бет
Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.
Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау.
Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту.
Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.
Жұмыс орнын жинау.
Топ шебері: ____________________________________

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz