Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тұқым себетін аппараттар

Сабақтың тақырыбы: Көшет отырғызатын машиналар
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
15.10.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1.Тұқым сепкіштерді қалай жіктейді?
2.Тұқым сепкіштер қандай агротехникалық талаптарға сәйкес келге тиіс?
3.С3-3,6А тұқым сепкішін қандай түрендермен жарақтауға болады?
4.С3-3,6 А тұқым сепкішінің негізгі құрастырма бірліктерін атаңыз.
5.С3-3,6 А тұқым сепкішінің жұмыс процесі қалай өтеді?
6.С3-3,6 А тұқым сепкішінің астық егу аппараттарын реттеуді қалай жүзеге асырады?
7.С3-3,6 А тұқым сепкішін егу нормасына қалай орнатады?
8.С3П-3,6А тұқым сепкішінің С3П-3,6 тұқым сепкішінен негізгі айрықша ерекшеліктерін атап өтіңіз. Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Көшет отырғызу технологиясы өте күрделі процесске жатады. Себебі отырғызатын көшеттердің сан алуан түрлерімен қоса оларды ыдыста немесе ыдыссыз өсіреді. Осыларқа байланысты ондай көшеттермен жұмыс атқару технологиясыда өзгешеленеді. Осындай технологиялық жұмыстарды іске асыратын машиналар ыдыспен немесе ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті катарлап немесе шаршы-ұялап отырғызуға болады. Қатарлап отырғызғанда қатар аралық 50, 60, 70, 80 см, ал бір қатардағы өсімдік аралығы 35, 50, 60, 70, 80 және 100 см болады. Шаршы-ұялап отырғызу аралығы 50x50, 60x60, 70X70 см болады. Бұл кезде өлшегіш сымды пайдаланады. Көшет отырғызатын машиналар топырақта арықша қазады да оған көшетті орналастырады, оны сұйық тыңайтқышпен немесе сумен суарады, бұдан кейін арықшаны көмеді де көшеттің айналасын тығыздайды. Осы жұмыстарды атқаратын машина бөлшектерін екіге бөлуге болады: біріншісі - трактордың аспалы механизміне бекітілген көшет отырғызатын бөлік, екіншісі - трактор үстіне бекітілген қосымша бөліктер.
Отырғызатын бөлікке рама, огырғызғыш аппарат, қопсытқыш, тірек дөңгелектері, беріліс механизмі, түзеткіш механизм және із көрсеткіштер жатады. Ал трактор рамасына бекітілген қосымша бөліктер су құйған ыдыстан, көшет салынған жәшіктер қойылатын текшелерден және шаршылап отырғызуға керекті қондырғыдан тұрады. Отырғызғыш аппарат (3.10.-сурет) машина рамасына топсалы жалғасады. Оның негізгі бөліктері рама, көшет ұстағыштар 7 бекітілген отырғызғыш диск 5, сошник 10, суарғыш ыдыс 4, көмгіш дөңгелек 8, қопсытқыш 2 және көшет жәшігін доятын стол 6 мен орындық 3. Машина жұмыс істеген кезде бір отырғызғыш аппаратты бір адам басқарады. Ол үшін адам отыратын орындық 3 бар. Аппарат жұмысты мынадай ретпен атқарады. Машина қозғалып жұмысқа кірісу алдында су келетін шүмекті ақытады. Көшет салынған жәшікті столға орналастырады. Басқарушы адам орындыққа отырады. Осындай дайындық жұмыстарынан кейін агрегат өте баяу қозғалады. 2.10-сурет. Көшет отырғызатын аппарат: а-бүйірінен көрініс; б-алдынан көрініс; 1-рама; 2-қопсытқыш; 3-орындық; 4-суарғыш ыдыс; 5-отырғызғыш диск; 6-көшет ыдысы; 7-көшет ұстағыш; 8-көмгіш дөңгелектер; 9-тазартқыш; 10-сошник. Агрегат қозғалған кезде отырғызғыш дискілер айнала бастайды. Оған айналыс екі түрлі әдіспен беріледі. Егер көшетті қатарлап отырғызатын болса, онда айналысты тірек дөңгелектерінен алады, ал шаршы ұялап отырғызатын жағдайда, отырғызғыш дискіні өлшегіш сым қозғалысқа келтіреді. Соңғы жағдайда диск үздік-үздік айналады, яғни сымның түйінді шайбалары әсер еткенде ғана айналады, ал басқа кезде тоқтап тұрады.
Отырғызғыш аппарат машинаның тірек дөңгелектері мен қозғалысқа келтірілгенде диск үнемі айналып тұрады. Мұндағы беріліс санын диск шеңбері арқылы жердегі салыстырмалы жылдамдық болмайтындай етіп жасаған. Сондықтан диск көшетті жерге отырғызған кезде оны өзімен бірге ілестіріп сүйреп кетпейді. Сонымен отырғызудың екі тәсілін қолданқан кезде де дисканың айналу жылдамдығы жүрген жол шамасымен тікелей байланысты, яғни ол агрегаттың жылдамдығына тәуелді болады. Сондықтан агрегатты жылжытқанда басқарушы көшетті отырғызғыш дискіге үлгеріп тұратындай жылдамдықпен қозғайды. Айналып тұрған дисканың көшет ұстағыш алақандағы басқарушыға кезекпен келіп отырады. Оларға көшетті адам қолмен береді. Ол үшін көшет жақындаған кезде алақан ашылады. Оның ашылуын, картоп отырғыштары сияқты, лекало атқарады. Ашылған көшет ұстағышқа басқарушы өсімдік тамырын өзіне қаратып орналастырады. Өсімдік салынғаннан кейін көшет ұстағыштағы екінші басы лекалодан шығады да серіппенің көмегімен жабылады. Ол кезде көшет сабақынан қысылып ұсталып қалады. Отырғызғыш диск әрі қарай айналады да көшетті төмен қаратып, сошник жасаған арықшаға жеткізеді. Көшет тамыры жерге жеткеннен кейін арнаулы суарқыш механизм көмегімен суару ыдысындағы су немесе сұйық тыңайтқыш өсімдік түбіне төгіледі. Енді сошник артында келе жатқан жасырғыш дәнгелектер арықшаға екі жанынан итеріп топырақ түсіреді. Көшет түбі топырақпен ептеп көмілгеннен кейін көшет ұстағыш ашылады. Ол үшін де лекало қойылған.
Көшет ұстағыш әрі қарай бос айналады, өсімдік жерге бекіп орналасады. Оны жасырғыш дөңгелектер топырақпен жасырып түбін тығыздайды. Аппарат осы ретпен әрі карай жұмыс істей береді. Көшет отырғызатын машиналардың басқа отырғызғыш машиналардан айырмашылығы - олар түзеткіш механизммен жабдықгалған. Ол механизм өзара біріктірілген, екі тісті муфтадан тұрады. Бұл муфта отырғыш аппараттарқа козғалыс беретін негізгі білікке орналасқан. Түзеткіш механизм көмегімен көшетті егіске көлденең бағытта бір түзудің бойында орналастыруға болады. Ол үшін машинист алғашқы жүрісте отырғызылған көшеттердің көлденең қатарларына қарайды. Егер қатарлар дұрыс орналаспаса, онда ол түзегіш механизмнің тұтқасын тартып муфтаны ажыратады. Бұл кезде отырғызғыш аппарат тоқтайды. Енді дисканың төменгі жақындары көшет бұрынғы отырғызылған көшет қатарына дәл келген кезде түзеткіш механизм тұтқасын босатады. Одан әрі аппарат жұмысын істей береді. Жүріс дөңгелегі тұғырына отырғызғыш аппараттарқа қозғалыс беретін мынадай екі түрлі жұлдызша бекітуге болады: тіс саны 40 немесе 36. Оларды отырғызу қадамына сәйкес пайдаланады .
Отырғызу жұмысын ұйымдастыру. Отырғызу бағытын жер жағдайына қарай анықтайды. Жер беті көлбеу болса, отырғызу бағытын оған көлденең етіп алады, ал жер беті тегіс болса, отырғызу бағыты оның ұзындығы бойымен сәйкес келеді. Отырғызылатын көшеттердің тамыры шоғырланған жинақы және сабақтары болуы керек. Бір гектарға егілетін көшет санын мына формула бойынша есептеп табуға болады: К = 10000/bl1, мұндағы: К - көшет саны (бір гектардағы); b - қатар аралығы, м; l - өсімдіктер аралығы, м. Көшет отырғызғыш машинаның бір жұмысшы жүрісіне қажетті су мөлшерін мына формуламен есептеп шығарады: , л мұндағы: Q - машинаның бір жұмысшы жүрісі үшін қажетті су мөлшері, л; n - машинадағы отырғызғыш секция саны; l - бір жұмысшы жүріс ұзындығы, м; q1 - бір көшетке керекті су мөлшері (0,4-0,7) л; l1 - өсімдік аралығы, м. Машинаның бір жұмысшы жүрісіне керекті көшет санын мына формуламен есептейді: K1=l·n/l1, мұндағы: К1 - бір жұмысшы жүрісте отырғызылатын көшет саны; l1, n және l - жоғарыда көрсетілген шамаларды білдіреді.
Сепкіштер. Көкөніс сепкіштер тұқымдарды себудің берілген нормасын қамтамасыз етуі тиіс: әр сепкіш аппаратпен бірдей себу (ауытқу +- 4 % артық емес); тұқымдарды талап етілетін тереңдікке біркелкі бітеу (ауытқулар +- 1 см артық емес); қатарлардың тік сызықтығы (қатарлар арасындағы еннен ауытқу +- 2 см, ал түйісу +- 5 см); тұқымдардың себу аппараттарымен зақымдануы 0,3 % артық емес. Тармақтардағы себулер және қайта себулерге рұқсат етілмейді.
СО-4,2 көкөніс сепкіші. СО-4,2 сепкішін қатарда тұқымдарды бөлудің жоғары біркелкілігімен және минералдық тыңайтқыштарды енгізумен тұқымнан біруақытта бөлумен тегіс, жалға және жүйекті қабаттарда көкөніс дақылдарының тұқымдарын қатарлық егу үшін қолданады. Сепкіш тұқымдарды қатарлар арасындағы енімен әр түрлі көкөніс дақылдарының тұқымдарын себеді: 45, 60, 70, 60+20, 8+62, 140, 40+100, 32+32+76, 50+110 және т.б.
Сепкішті МТЗ-82 және МТЗ-80 тракторларымен агрегаттайды. Агрегаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тракторлардың алдыңғы бөлігіне салмағы 270 кг жүктерді орнатады.
СО-4,2 сепкіші ұрық шашатын жолдардан 1 (4.4-сурет), тұқымды тыңайтатын жәшіктерден 2, беру механизмінен 5, маркерлерден 6, рамадан 7, тірек жетекті дөңгелектерден 8, шанатабанды түрендерден 9, екі тармақты немесе бір тармақты түрендерден 10, құбыр жолдарынан, басқыштан 13, домалатататын домалатқыш секцияларынан 12, сүйреткіштерден 11 және тұғырдан тұрады.
Тұқымды тыңайтатын жәшіктер. Сепкіш екі тұқым тыңайтатын жәшіктермен жабдықталған. Әр жәшік екі бөлімшеден түзілген: минералды тыңайтқыштарға арналған алдыңғы және тұқымдарға арналған артқы.
Жәшіктердің алдыңғы қабырғаларында тыңайтқыш себетін аппараттар құрастырылған (сол жақ жәшікте алты аппарат, оң жағында бесеу). Әр жәшіктің түбіне он тұқым себетін аппараттар қоса бекітілген. Тыңайтқыштар және тұқымдарды беру үшін себу аппараттарына иірліктер орналасқан. Иірліктермен бір білікте аппараттардың қабылдау терезелерінің үстіндегі тұқымдық бөлімшеде көкөніс дақылдарының аз сусымалы тұқымдарын себуде жинақтарды бұзуға арналған қопсытқыштар орнатылған.
Аз нормалармен тұқымдарды себуде (0,5-4 кг/га) және тек кішігірім алаңдар үшін (3-5 га) жәшіктердің тұқымдық бөлімшесіндегі алаңдарда бункерлерді құрастырады. Жұмыс істемейтін аппараттарды жабуға арналған көкөніс дақылдарын себудің бірнеше сызбаларында жапқыштар көзделген.
Жәшіктердің бүйірлеріне жұлдызшалар және тісті дөңгелектер бекітілген. Жұлдызшалар тұқым және тыңайтқыш себетін аппараттардың біліктеріне айналу береді. Тісті дөңгелектер жәшіктердің тұқымдық бөлімшелеріне қопсытқыш білігін айналдыруға беруге арналған. Барлық жұлдызшалар және тісті дөңгелектер рамаға бекітілген қалқандармен жабылған.
Рама. Тірек рамасы 7 тіректік-жетекті дөңгелектерге 8 қызмет етеді. Рама дәнекерленген құрылымды құрайды. Ол көлденең байланысты және әр түрлі қималы үш қоссырықтармен түзілген кеңістіктік ферма түрінде орындалған. Негізгі діңгектің орталық бөлігіне автокірес құлыбы дәнекерленген. Екінші діңгекке шанатабанды түрендердің қысқыш қарнақтарды және түрендерді орнатуға арналған шылбырлары бар кронштейндер жалғастырылған.
Сепкіш екі шпренгелдермен жабдықталған. Олар раманың артқы және негізгі діңгегіне дәнекерленген тіректерге бекітілген. Шпренгелдер діңгектермен бірге құрылымның қаттылығын жасайды.
Дискті түрендердің қысқыш қарнақтары бар айырлары раманың артқы діңгегіне бекітілген.
Тұқым себетін аппараттар. СО-4,2 сепкіші орауыш сепкіш аппараттармен жабдықталған. Бұл аппараттар тізбекті редуктор көмегімен 0,5 ден 108 кг/га дейінгі тұқымдарды себуге қабілетті. Бұнда тұқымдардың аз нормаларын себу үшін балласттар (толықтырғыштарды) қолданбайды.
Әр орауыш аппарат тұқымдық қораптан, орауыш, розетка, клапан, серіппе реттеуіш болттан және жалғастырғыштан тұрады. Реттелетін клапан 1 тұқымдық қораптың төменгі бөлігінде болады. Бұл клапанды орауыштан әр түрлі қашықтықтарға рычагпен орнатады. Шалғам, қияр, орамжапырақ, қызанақ және сәбіз тұқымдарын себуде жалғастырғыштың сыртқы бетінен клапанға дейінгі қашықтық 7-9 мм, қызылша тұқымдарын себуде 18 мм және үрме бұршақ 23 мм болуы тиіс. Аппараттан тұқымдарды алу және орауышқа қатысты клапандардың жағдайын 1 клапандар білдегінде 4 құрастырылған рычагтың көмегімен реттейді. Клапандардың жағдайы болтқа 3 бұралған гайкамен серіппені 2 қысып немесе бәсеңдетіп, өзгертеді. Клапандар және орауыш арасындағы саңылау 1,5 мм-ден артық емес.
Себу аппараттарының қораптары сепкіштің тұқымдық бөлімшесінің түбіне жоғары кіріс терезелері жәшіктің түбіндегі саңылаулармен сәйкес келгендей жалғастырылады. Тыңайтқыш себетін аппарат. СО-4,2 сепкіші орауыш штифтті және тыңайтқыш себетін аппараттармен тұқымдық бөлікке жәшік түбіндегі саңылауларына жоғары кіріс терезелер сәйкес келетіндей жалғастырылады.
Тыңайтқыш себетін аппарат болат корпустан тұрады, оның ішінде білікпен бірге штифтті орауыш айналады. Аппараттардың клапандары түсіру білігінде құрастырылған. Білікте орнатылған рычагты ауыстыруда, клапандар корпустардың ішінде орауыштарға қатысты көтеріледі немесе түсіріледі.
Клапандарды қажетті жағдайға ауыстырғаннан кейін рычагты секторда бекітеді. Тыңайтқыштарды енгізу үшін клапандар орауыштан 8-10 мм қашықтықта болуы тиіс. Жәшіктің тыңайтқыштың бөлімшесін түсіруде клапандарды рычагты бас тартқанға дейін рычагқа төмен бұрады.
Түсетін тыңайтқыштардың санын азайту үшін және тыңайтқыш себетін аппараттардың терезесін жабуға арналған тиек көзделген. Тыңайтқыш себетін аппараттардың үстіне жауын кезінде су және қозғалыс кезінде трактордың артқы дөңгелектерімен түсетін топырақтың түсуінен қорғайтын аппараттар, қалқандар орнатылған. Қалқандар сіргеде, басқа қалқанда бекітілнен бір ұшта, серіппенің жабық жағдайында орнатылады және корпустарда ұстағыштардың көмегімен бекітілген.
Тыңайтқышөткізгіштің құйғышынан сірге корпусына бекітілген. Екі тармақты дискті түрен. Түрен кронштейнде шарнирлі бекітілген шылбырларға бекітілген. Кронштейндер раманың алдыңңы діңгегінде құрастырылған.
Дисктер және корпустардың осьтерінде және мойынтіректерде орнатылған. Мойынтіректер шаңнан қақпақпен, манжетамен және шағылдырғышпен қорғалған.
Төменгі бөліктегі корпустар қыстырғышқа жиектемелер 3 қадамен, ал жоғары бөлігінде секторға бекітілген. Б секторында жолдар арасындағы қашықтықтарды реттеуге арналған саңылаулардың үш жұптары орындалған. Сектордың тиісті саңылауларында корпусты орналастыра отырып, себудің сызбасына байланысты 50, 80 және 100 мм жолдардың арасындағы қашықтықты алады.
Диск шектеу ребордаларымен (сепкіш әр түрлі диаметрлі ребордтың үш жинақтарымен жабдықталған) жабдықталған, ол 20, 30 және 40 мм тұқымдарды өңдеу тереңдігін қамтамасыз етеді. Ребордты құйғыштарға пісірілген осьтердегі жабысқан топырақтан тазалау үшін реттелетін күректер көзделген.
Қырғылар. Дәнекерленген құрылымның құрастыру бірлігіне тақтайлармен және шеңбермен жалғастырылған екі қанаттар топы. Екі тармақты дискті түрен: 1 - кесек бұрғыш; 2 - түрендерге шылбырды бекіту орындары; 3 - жиектеме; 4 - диск; 5, 6 - сол және оң жақ корпустар; 7 - орауыштар секцияларының қарнағы; 8 - серіппе; 9 - орауыштар секцияларының кронштейні; 10 - қарнақ серіппесі; 11 - күрек серіппесі; 12 - күрек; 13 - шлейф; 14 - нығыздауыш катоктар; 15 - сол жақ қырғы; 16 - реборда. 73 рақ атызын мәжбүрлі жабуды жүзеге асыратын қырғыларды түзеді. Қырғылар жиектемеге шарнирлі жалғастырылған.
Нығыздауыш катоктар. Қатар аймағында тығыздау үшін нығыздауыш домалатқыштарды пайдаланады. Секция күпшекте тығыздалған металл керамикалық төлкелердегі бір осьте орнатылған үш домалатқыштан тұрады. Қақпақтар және манжеталар төлкеге шаңның өтуіне кедергі жасайды. Домалатқыштар бағыттауыштарды бұрап және орап, реттейтін күректермен жабдықталған. Топырақтағы орауыштар қысымы қысқыш қарнақ серіппесін қысуға байланысты. Қапнақ саңылауларында серіппелі сіргені ауыстыра отырып серіппені тартады немесе бәсеңдетеді.
Шлейф. Кронштейнге шарнирлі бекітілген қатты құрылымның жиектемесі шлейфті түзеді.
Кесек бұрғыш. Дисктердің алдындағы жиектемеде 3 жентектегіш 1 құрастырылған. Ол түренді топырақпен және аңыздық қалдықтармен бітелуден сақтандыру үшін қызмет етеді. Бір тармақты түрен. Диск 1 (4.7-сурет) мойынтіректердегі корпустың осьтерінде 3 екі тармақты түрен дискілеріне ұқсас орнатылған.
Жұмыс процесі. Тұқымды тыңайту жәшігінің тұқым бөлімшесіне төгілген тұқым 6 (4.9-сурет) және тыңайтқыш бөлігіне төгілген тыңайтқыштар иірліктермен тұқым және тыңайтқыш себетін аппараттардың орауыштарына беріледі. Сепкіштің қозғалысы процесінде орауыш айнала отырып тұқымды және тыңайтқыштарды себеді және оларды тұқым және тыңайтқыш өткізгіштердің құйғышына береді. Тыңайтқышөткізгіштер бойынша тыңайтқыштар шанатабанды түрендер 1 жасаған атыздардың түбіне ал тұқымдар тұқым шашатын жол 10 арқылы дискті түрендер түзген атыз түбіне түседі. Шанатабанды түрендер көкөніс дақылдарының тұқымдарын 20 - 30 мм тереңге тыңайтқыштарды орналастырады. Тұқымдар және тыңайтқыштарды топыраққа атыз қабырғасынан оның табиғи төгілуі есебінен сондай-ақ қырғылармен 14 бітейді. Соңынан келетін домалауыштар 12 оларға ылғалдың өтуі үшін шарттар және топырақпен тұқының байланысын жасай отырып тығыздайды. Шлейфтер 13 түрендер және домалауыштар өткеннен кейін өріс бедерін тегістейді сондай-ақ қатарларды топырақтың жабындағыг қабатымен жабады. Жұмысқа дайындық. Өріске шығар алдында сепкіштің техникалық жағдайын тексереді және техникалық қызмет көрсету өткізеді. Дөңгелектер шинасындағы қысым 0,27 - 0,29 Мпа дейін жетеді. Тізбектерді орнатуды тексеруде жұлдыздар бір жазықтықта болуына қол жеткізеді. Бір контурда жұмыс істейтін жұлдызшалардың шірлерінің өзара жылжуы 2 мм-ден артық болмауы тиіс. Түрендер және нығыздауыш домалатқыштар еркін айналуы тиіс. Ол үшін күректерді реттейді және оларды дисктер және домалатқыштардың айналуына кедергі жасамайтындай орнатады. Дискті түрендержі 20, 30, 40 мм тереңдікке, тиісті диаметрлі реборданы орнатып күйлейді. Тыңайтқыш себетін түрендер жүрісінің тереңдігін сіргені қарнаққа қысумен реттейді. Аққыш (шалғам, қиярлар және т.б.) және ірі (бұршақ, фасоль және т.б.) тұқымдарды себу үшін берулер механизмінің сынуын және тұқымдардың жоғары уақталуын болдырмау үшін жәшіктің тұқымдық бөлімшесіндегі қопсытқыштарды алады. Маркерлердің ұшуын себу басталар алдында орнатады. Себу аппараттарының барлық орауыштарының орналасу дұрыстығын тексереді. Ол үшін рычагтарды орауыш бүйірлері розеткалардың ішкі қуысымен сәйкес келуі үшін шеткі жағдайға ауыстырады. Егер жекелеген орауыштар розеткаларда оралса немесе олардан шығып тұрса және орауыштардың орналасуындағы айырмашылық 0,5 мм-ден асса, таға тәрізді арнайы реттегіш шайбаларды алу немесе қосу қажет. Себу аппараттарыгың клапандарын орнатуды тексеруде түсіру рычагын тірелгенге дейін көтереді. Себу аппараттарының клапаны және үлкен диаметрлі орауышының арасындағы саңылаулардағы айырмашылық 1,5 мм-ден артық емес. Клапандарды реттеу үшін серіппелерді қысады немесе бәсеңдетеді. Тұқымдарды себу нормасын орнату. Тұқымдарды себу нормасы орауыштардың жұмыс бөлігінің ұзындығы және олардың айналу жылдамдығы өзгергенде қол жеткізіледі. Ең аз беру қатынасын және орауыштардың ба- 78 рынша үлкен ұзындығын себудің аталмыш нормасы үшін барынша ұзын ұзындықты таңдайды. Кәділер және қиярларды себуде қопсытқыштарды шешеді және беру қатынасын анықтайды = 0,069. Клапандарды ашады: кәді тұқымдары үшін 30 мм-ге дейін, қияр тұқымдары үшін 9 - 12 мм-ге дейін. Орауыш ұзындығын себу нормасына байланысты орнатады, бірақ тұқымның ең көп ұзындығынан аз емес. Себу терезесінің тұқымдармен бітелуінің алдын алу үшін кәділерді ең аз нормада егуде (3 кг/га) ебу аппаратында орналасқан болты, гайкасы және шайбасы бар созу айырын шешеді. Ұсақ аққыш көкөніс дақылдарының тұқымдарын себуде тұқым жәшігінің түбі және себу аппаратының корпусы арасында арнайы қосымшаны қояды.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. УГН-4К және ГС-1,4 жүйектеуіштері қандай құрама бірліктерден тұрады?
2. УГН-4К жүйектеуішінде және ГС-1,4 жүйектеуішінде жұмыс процесі қалай жүзеге асырылатынын айтыңыз.
3. СО-4,2 сепкіші қандай құрама бірліктерден тұрады? СО-4,2 сепкішінің жұмыс процесі қалай өтетінін айтыңыз.
4. СО-4,2 сепкішін тыңайтқыштарды енгізу мөлшеріне және тұқымды егу нормасына қалай орнатады?
5. УКМ-2 орамжапырақ; КОП-1,5М
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Тұқымды тыңайтатын жәшіктер
Тұқым сепкіштің жұмыс процесі мынадай
Топырақ эрозиясына ұшыраған жерлерді өңдейтін машиналар
Тыңайтқыш дайындайтын машиналар
Оптикалық құралдар
Картоп егу технологиясы
Электр энергиясын өндіру
Қызылша жетілдіру және жинау машинасы
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру
ХХі ғасыр технологі
Пәндер