Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оны МТЗ

Сабақтың тақырыбы: Шөп тырнауыштар (грабл). Пішен жинауға арналған машиналар.

Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
16.01.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Шөп шапқыштарға қандай агротехникалық талаптар қойылады?
КРН-2,1А шөп шапқышы қандай құрастыру бірліктерінен құралады және жұмыс процесі қалай іске асырылады?
КПРН- 3,0А шөп шапқыш таптағышы өзіне қандай меха - низмдерді қамтиды?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
ГВР-6Б роторлы тіркемелі аударыстырғыш шөптырма жаңа шабылған немесе кептірілген шөптерді уатқышта тырмалауға, шалғы жолында оларды қопсытуға, айналдырып қоюға, шашуға және дестелерді қосақтауға арналған. МТЗ-80; МТЗ-82 және ЮМЗ-6АЛ тракторларымен тырнауыштар агрегатталады. Тырнауыштың қармау ені қопсыту кезінде 4,5 м, тырмалау кезінде 6 м.
Тырмауыштың ішінде: сол және оң роторлар, оң және сол арқалық, сница, кергі, екі конусты және бір цилиндрлі бәсеңдеткіш, екі дестелеуіш қалқанша, кардандық беріліс, гидрожүйе, қоршау, кардан білігі бар.
Жұмыс барысында ротор секциялары көлденең жазықтықта қарсы айналады.
Тырнауықтар, жорту жолшығымен жабдықталған бағдартқыштың көмегімен, ротордың айналу кезінде көлденең немесе тік жағдайдағы орында болады. Тырнауықтар көлденең жағдайдан орын алғанда алда жатқан шабылған шөп қоспасын тырналайды және оны қалқаншалар арасында қопсыту дестесін жасай отырып түсіреді. Содан кейін тырнауықтар көлденең күйге дейін бұрылады да, дестенің үстіне ауыстырылады.
Ротор құрамында: тік ось, сегіз тырнауықтар, жорту жолшығымен бірге қалқанша, диск, конусты бәсеңдеткіш, оймақілтек төлкесі және гидроцилиндрдің алқымы бар. Ротор ішіне ауа толтырылған шинамен жабдықталған екі дөңгелекке сүйеледі.
Көлденең білеу қораб тәрізді орындалған, секцияларды буынға бөліп тұр және кардан білігі үшін қоршау болып табылады, ол оң роторды әрекетке келтірді.
Оң секцияның артқа бұрылуы және тырнауыштардың жиналуы оларды көлік жағдайына ауыстырылуын жүзеге асырады. Жұмысқа дайындауды былай түсінуге болады. Қосиінді қарнақтардың доңғалақтарын дұрыстығына тексереді, оларды қосиін саусағына қарай бұрып қояды. Қосиін саусағы мен доңғалақтардың арасындағы саңылау 0,2-0,3 мм-ден аспауы тиіс. Жұдырықшаның жорту жолшығын майдайды.
Қос сатылы редукторды қарастыра отырып, мойынтіректер мен тегершіктің айналыс жиілігінің ауыстыру механизмінің жұмыс қабілетін тексереді. Тырнауыштардың баптауын жүзеге асырады. Шабылған шөп қоспасын дестелеп тырмалау немесе оны қарнаққа дестелеп қопсыту үшін тырнауышты үш жұп доға тәрізді қарнақпен бекітеді, ал қос сатылы редукторды айналыс жиілігінің төмендеуіне реттейді. Шалғы жолындағы шөпті қопсыту және пішенді қарнақтың дестесін шашу үшін екі жұп түзу тістермен жабдықтайды, ал ротордағы айналыс жиілігін жоғары көтереді. Табиғи немесе егілген шөптерді немесе сабанды және оларды бір мезгілде автоматты бекіткішімен орамаға тайлау және шөп дестегішін іріктеу кезінде тайлағыш-жинағыш тіркемелі орама пресс-жиғышты қолданады. Оны МТЗ-80/82; ЮМЗ-6Л/6М тракторларымен агрегаттайды.
ПРП-1,6 пресс-жиғыштың жұмысшы органдары мен механизмдері ВОМ тракторынан және оның гидрожүйесінен әрекет ету арқылы келтіріледі.
Машина өзіне мыналарды: жинағышты, жинағышты көтеру механизмін, сницаны, кардандық берілісті, доңғалақты жүрісті, редукторды, транспортерды, гидрожүйені, тайлағыш белдіктерді, орағыш аппаратты және тайлағыш камераны қамтиды.
Жұмыс процесі былайша өтеді. Дестенің бойлай жүру барысында жинағыш 1 (3.3 сурет) серіппелі тістермен шөпті жинап, оны транспортерге 9 береді. Транспортердің белдіктері, тайлағыш белдіктердің тарамдары 3, жылжымалы біліктің 7 және барабанның 8 арасында алдын ала сығылу және тайланатын, кейіннен тайлағышқа берілетін массаның нығыздалуы іске асырылады. Жылжитын тайлағыш белдіктердің әсерімен орамды құраудың басы болып табылатын тайланатын массаның қабаты ілмек тәріздес бүгіледі. Тайланатын массаның одан әрі түсуі орамның көлемін арттырады, ал ол ілмектің өлшемін ұлғайтады. Оның ұлғаюы диаметрінде өсетін орамды, кергіш құрылғының гидроцилиндрлерімен 7 туғызылатын кедергіні еңсеру есебінен жүреді. Тайлағыш белдіктердің керілуі көп болған сайын, тайлау тығыздығы соғұрлым жоғары болады. Орам берілген өлшемге жеткенде, орайтын аппараттың автоматы іске қосылады. Бұл кезде кабинаға сигнал түсіп, тракторшы агрегатты тоқтатады, өйткені орам агрегат тоқтағанда баумен оратылады. Транспортердің үстіне қондырылған ине түсіп, баудың ұшын транспортерге бағыттайды. Бау транспортердің белдіктерін, оларға орналасқан тайланатын массаны қармап ұстайды. Баулар тайлағыш камераға түскенде ине айналып, бауды жылжытады Иненің жылжуы барысында иінтіректің дөңесі 3 (3.4. сурет), орамның бойы.Қырылдақтың 4 жүгіру жолымен жылжып, серіппені 5 көтереді және жылжымалы пышақты 9 итереді.
Қырылдақтың 4 айналуына серіппе астындағы жүгіртпе 2 кедергі келтіреді. Орамды баумен орауды аяқтаған ине көтеріліп, бауды кесуге қарсы 7 және жылжымалы пышақтардың 9 арасындағы кеңістікке апарады.
Бұл кезде иінтіректің дөңесі 3 қырылдақтың 4 бүйірлік жолымен кірігеді және пышақ серіппенің 5 әсерімен бауды кеседі. Осыдан кейін ине бастапқы күйіне қайта келеді.
Орамды баумен орау аяқталғанда клапанды бекітіп тұрған ілмешек босайды. Айналатын орам клапанды жоғары көтереді, ал тайлағыш белдіктер орамды жерге тастайды. Осыдан кейін гидроцилиндрлер жақтауды бастапқы күйіне қайта келтіреді. Тайлағыш белдіктер бұл кезде керіледі, ал қарнақтар клапанды жабады. Тракторшының кабинасындағы сигналдық шам сөніп, процесс қайтадан қайталанады.
Тай жинағыш стационарда жұмыс істегенде серіппенің шыбықтары жинағыштың алдында жерге түседі, ал масса айырмен қолмен беріледі.
Жұмыс істеуге дайындық мынадай шараларды қамтиды. Алқапқа шығар алдында трактор дайындалады, онымен бірге шөп шапқыш агрегатталады. Бұл үшін тракторлың артқы топсасы механизмінің қиғаш тірегінің ұзындығы 515 мм тең етеді, олар бойлық тартқыштармен жалғанады, қиғаш тіректердің айырларындағы дөңгелек қуыстарды пайдаланады. Тіркемелі құрылғының арқалығына екі саусақпен тіркегіш айыр бекітіледі. Трактордың ҚАБ бүйірінен тіркеме айырының қуысына дейінгі арақашықтық 509 мм тең, ал ҚАБ осінен арқалыққа дейінгі арақашықтық 250 - 300 мм болып белгіленді.
Амортизациялық серіппелерді керіп көшіргіш доңғалақтың топыраққа 150-200 Н тірелуіне қол жеткізіледі. Жинағыштың білігіне қондырылған үйкелісті сақтандыру муфтасының айналу моменті 180 Н.М болуы тиіс.
Жақтаудың көмегімен тайлағыш белдіктерді гидроцилиндрлермен керіп отырып, тайлаудың тығыздығы ретке келтіріледі.
ППЛ-Ф-1,6М тай жинағыш табиғи шөптердің немесе сабанның дестелерін жинауға, тайларды автоматты байлай отырып, оларды тік бұрышты тайларға тайлауға арналған. Тайларды түсіру қатар жүріп жаратын транспортерге қабат жүктеу науасының көмегімен немесе алқапта астыңғы науаны пайдаланып, жүргізіледі.
Тай жинағыш бес кардандық берілістер, жинағыштан, буып-түйгіштер механизмінен, тайларды көлік құралдарына қабат тиеуге және тайларды алқапта түсіруге арналған науалардан, іліп тоқу аппаратынан, доңғалақ жүрістен, тайлағыш камерадан, бұлғақты піспектен, бас беріліс редукторынан, сницадан құралады.
Тай жинағыш <<Диринг>> іліп тоқу аппаратымен, аралық тіреуі бар кардандық беріліспен жарақталған.
Тай жинағыш МТЗ-100; МТЗ- 80; МТЗ-82 және ЮМЗ-6АКЛ/АКМ тракторларымен агрегатталады.
ТП-Ф-45 жинағыш жартылай тіркемесі ылғалдылығы 45 % дейінгі дегдітілген шөпті, білікшелерден түсетін пішен мен сабанды майдалап немесе майдаламай, жинауға, тасымалдауға және механикалық түсіруге арналған. Жинағыш МТЗ-80; МТЗ-82 тракторларымен агрегатталады.
Жинағыш пісірмелі рамадан, түсіру транспортерінен, жинағыштан, тығыздағыш механизмнен, ыдыстардан, сницадан, жұмыс органдары жетегінен, гидравликалық және тежеу жүйесінен, тіреуден, электр жабдықтарынан және доңғалақ жүрістен құралады.
Жинағыштың сницасы тракторға орнатылған арнайы тіркегіш құрылғыға жалғанады.
Жұмыс үрдісі былай болады. Жинағыш дестелерден майсаны жинайды. Жиналған майса тығыздағыштың беру механизмімен тайлағыш камераға беріледі. Онда майса гығыздалады және сонсоң ыдысқа сығылады. Тайлағыш камера серіппе астындағы он алты пышақпен жарақтанғанда онда майса ұсақталады. Кесудің орташа ұзындығы 150 мм. Пышақтарды сынудан сақтау үшін олар серіппеленеді. Қажет болған жағдайда кескіш аппарат ажыратылады.
Нығыздалған масса транспортердің көмегімен ыдысқа сығылады. Ол дәміл-дәміл қосылғанда масса шанақтың бүкіл көлеміне біркелкі орналастырылады. Массаны транспортер артқы қабырға арқылы түсіреді, оны түсіру кезінде жоғары көтереді. Ыдыстың үстіңгі бөлігі (тент) жиналады, қажет болғанда шешіп алынады.
Жинағыш пневматикалық тежегіштермен және жарық дабылдағыштармен жарақталады
Жинақтағыштың жұмыс органдарының жетегі трактордың ҚАБ-нан және гидрожүйесінен жүргізіледі.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
ПРП-1,6; ПТ-Ф-45; ПКТ-Ф-2,0 тайлап жинағышының жұмыс процесі қалай өтеді?
Қандай ТЗ-80; МТЗ-82 және ЮМЗ-6АЛ тракторларымен тырнауыштар агрегатталады.
Тай жинағыш қандай тракторларымен агрегатталады.
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Тай жинағыш МТЗ
Қызылша жетілдіру және жинау машинасы
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру
Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою
Тұқым сепкіштің жұмыс процесі мынадай
Егу секциялары
Шөп шабатын машиналар
Минералдық тыңайтқыш дайындайтын машиналар
Машина МТЗ
Культиватор МТЗ
Пәндер