Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автомобильдердің жай - күйін анықтау жүмыстарын ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдердің жай-күйін анықтау жүмыстарын ұйымдастыру
Топтар
Аэл 9-181

Сабақ өтетін күн
24.11.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Жай-күй анықтау тәсілдерімен қандай жұмыстар атқарылады?
Техникалық өлшеу құралдары неше топқа бөлінеді?
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу барысында қандай тәсілдер қолданылады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автомобильдердің жай-күйін анықтау жүмыстарын ұйымдастыру
Автомобильдердің жай-күйін анықтау -- техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің элементтері болып есептеледі. Автокөлік кәсіпорнында әр автомобильдің технйкалық жағдайы туралы жеке бағытталған ақпарат сол техникалық қызмет көрсету және жөндеу үдерістерін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты автопаркте жай-күй анықтау жүмысын ұйымдастыру техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмысын ұйымдастырумен барабар. Автомобильдің жол жүргендегі жағдайын бақылау: автомобильге бірге орнатылған жай-күй анықтағыш аспаптар арқылы; ауысымдық техникалық қызмет көрсету және бақылау жүргізу арқылы атқарылады, ол ТҚ-1 кешенді Д-1 жай-күй анықтау жұмыстарын атқарумен жалғасады. Техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу (АЖ) жүргізудің алдында тереңдетілген жай-күй анықтау Д-2 жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсету жэне ағымды жөндеу барысында анықталған ақауларды жою үшін кешенді жай-күй анықтау Др қолданылады.
Қуаттылығы орташа автопарктерде көп тараған жай-күй анықтау жұмысын ұйымдастыру түрі көрсетілген (3.1-сурет).
Шағын автомобиль кәсіпорындарында Д-1 жэне Д-2 жұмыстарын бір бөлімге біріктіреді, мұндай жағдайда стационарлы құрамдастырылған құралдар пайдаланылады. Қуаты орташа автопарктерде Д-1 және Д-2 бөлімдерін арнаулы етеді де, ал ДР күй анықтау жұмысын жүргізу үшін Д-2 бөлімшесін пайдаланады. Үлкен автопарктерде ДР күй анықтау бөлімшесін де бөлек жабдықтайды.
Автомобильдің қозғалу қауіпсіздігіне әсер ететін өлшемдерді анықтау, автомобильдің техникалық жағдайын қалпына келтіру, сондай-ақ оның маңызды механизмдерін реттеу, агрегаттары мен түйіндеріндегі жасырын ақауларды, бөлшектеп бұзбастан, аспаптар жэне стендтер аркылы анықтап, қалыпты көрсеткіштермен салыстырып тексеру тәсілін жай- күй анықтау (диагностика) деп атайды. Ол дәл уақытысында техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жүмыстарын жүргізуге, ақаулардың пайда болуын ескертуге, агрегаттардың пайдалану мерзімін арттыруға, қосалқы бөлшектердің шығынын кемітуге, жөндеу жэне техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын еңбек қажеттілігін азайтуға мүмкіндік туғызады. Автомобильдің жасырын ақауларын анықтауға жай-күй анықтау аспаптарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Мұндай жағдайда механизмдерді бөлшектеу талап етілмейді.
Қызмет көрсету жэне жөндеу жоспарлы-ескерту жүйесінің ережесінде жай-күй анықтаудың келесі түрлері қарастырылған:
-- жедел күй анықтау -- күн сайын, ішінара немесе барлық жылжымалы құрамдар үшін, негізінен, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін механизмдер жэне жүйелер бойынша жүргізіледі (кейде МАИ жүргізеді);
-- жалпы (кешенді) күй анықтау -- автомобильдің жұмысқа шығу көрсеткіші бойынша оның жұмысқа жарамдылық қабілетін (жалпы қуаты, тежеу жолы т.с.с.) анықтау;
-- элементтері бойынша күй анықтау автомобильдін жай-күйі анықталатын механизмдері мен жүйесіндегі ақаулардың нақты себебін анықтау.
Жай-күй анықтау техникалық қызмет көрсету немесе ағымды жөндеуге дейін кейде осылардан кейін де атқарылады. Бірінші жағдайда жасырын ақаулар түрлері анықталатын болса, екінші жағдайда орындалған жұмыстың сапасы анықталады.
Техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу барысында:
-- жалпы (кешенді) күй анықтау (Д 1);
-- тереңдетілген күй анықтау (Д 2);
-- жөндеу алдындағы күй анықтау (Др), қарастырылады.
Жай-күй анықтау жабдықтары сыртқы және бірге орнатылған болуы мүмкін. Бірге орнатылған жабдық автомобильдің бір бөлігі болып есептеледі де, аспаптар панеліне орнатылып, автомобильдін техникалық жағдайын анықтайтын кейбір техникалық өлшемдерді өлшеп тұрады. Қазіргі бірге орнатылған жай-күй анықтау аспаптары жүргізушіге тежеу жүйесінің жағдайын, жанармай шығынын, жұмыс істеген газдың зияндылығын, автомобильдің үнемді жұмыс істеу тэртібін қадағалау үшін қолданылады.
Сыртқы жай-күй анықтау жабдықтары автомобиль құрылғысына жатпайды. Оған стендтер, жылжымалы аспаптар және өлшегіш құралдармен жабдықталған станциялар жатады.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Автопаркте жай-күй анықтау жүмысын ұйымдастыру қалай жүргізіледі?
Жай-күй анықтау техникалық қызмет көрсету немесе ағымды жөндеуде қандай жұмыстар атқарылады?
ТҚ-1 кешенді Д-1 жай-күй анықтау жұмыстары барысында қандай тәсілдер қолданылады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автомобильдердің жай - күй анықтайтын қүралдарынын жіктелуі
Автомобильдің жай - күйін анықтау тәсілдері
Жай - күй анықтау және автомобильдердің техникалық жағдайын басқару
Жай күйін анықтау үдерісі мен тәсілдері
Майлау және тазалау жұмыстары
Өндірістік жұмысшылар санын анықтау
Автомобильдердің электронды жүйелерінің жіктелуі
Автомобильдерді диагностикалау әдістері мен құралдары
Салқындату жүйесінің диагностикалау
Майлау жүйесінің диагностикалау
Пәндер