Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автомобильдің жарықтандыру жүйесі

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ 9-173 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеуші слесарь>>

- - - - - - - 04.04 2020 ж

№ 4 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Жарықтандыру мен дабылдау аспаптары.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ
Тақырып: Жарықтандыру мен дабылдау аспаптары
Автомобильдің жарықтандыру жүйесі. Қараңғы тәулік мезгілінде және жеткіліксіз көріну жағдайларында (тұман, жаңбыр, қар) оны пайдалану қауіпсіздігін және қолайлығын қамтамасыз ету үшін
арналған. Ол сыртқы және ішкі жарықтандыру аспаптарын, сонымен қатар олардың қоректенуінің электрлік тізбектерін қамтиды. Сыртқы жарықтандыру аспаптары қараңғы тәулік мезгілінде және жеткіліксіз көріну жағдайларында, жүргізушінің жол жағдайын көр алуы және жолда кедергілер және қауіптер туындаған кезде қажетті шараларды уақытылы қабылдауы үшін, сонымен қатар басқа қозғалысқатысушыларына автомобильдің көрінуін қамтамасыз ету үшін арналған. Қазіргі уақытта Жол қозғалысының ережелеріне сәйкес автокөлікқұралдарының тәуліктің күндізгі мезгілінде де қосылған фаралардың
жақын жарығымен қозғалуы талап етіледі Сыртқы жарықтандыру аспаптарына автомобильдің алдыңғы
жағында орнатылатын басты жарық фаралары (блок-фаралар), тұманғ ықарсы фаралар (ГАЗ- 3110 автомобилінің штаттық жинақтастырылмына кіреді, қалған зерттелетін автомобильдерде -
қосымша орнатылады) және габариттік (тұрақ) оттар және автомобильдің артқы жағында орнатылатын габариттік (тұрақ) оттар, тұманға қарсы шамшырақтар және нөмір белгісін жарықтандыратын
шамшырақтар, сонымен қатар автомобильдің артқы жүріспен қозғалуы туралы белгі берумен қатар, осы кезде тәуліктің қараңғы мезгіліндеавтомобиль артында жолды жарықтандыратын артқы жүріс
шамшырақтары жатқызылады Фаралар барынша қуатты жарық аспаптары болып табылады. Олар
автомобиль алдында жолды жақсы жарықтандыруы тиіс, соныменқатар қарсы қозғалатын көлік құралдарының жүргізушілерін соқырайтпауы тиіс. Бұл жақын және қашық жарықты қосуға және оны
реттеуге мүмкіндік беретін фара құрылымымен қамтамасыз етіледі. Отандық автомобильдерде екі және төрт фаралы басты жарық жүйесі қолданылады. ВАЗ-2110 автомобилінде төрт фаралы басты
жарық жүйесі қолданылады. Осы автомобильдің әр блок-фарасында жеке шағылыстырғыштармен және бір жіпті шаммен қамтылған жақын жарық фарасы және қашық жарық фарасы бар. Осы жүйе жақын
жарық фаралары қосылған кезде қашық жарық фараларының қосылуын қарастырады, осы кезде барлық төрт фара бір уақытта жанады, бұл қашық жарық фаралары қосылған кезде жолдың жарықтандырылуының жақсаруына жәрдемдеседі.
Қалған зерттелетін автомобильдерде басты жарықтың қосфаралы жүйесі қолданылады, осы кезде екі фараның (блок-фаралар) әрқайсысы жақын және қашық жарыққа арналған бірыңғай шағылыстырғышпен
қамтылған және шам қыздырудың сәйкес жібін қосу есебінен жақын жарықты қашық жарыққа және, керісінше ауыстыруды қамтамасыз ететін қосжіптік шаммен жинақталады. Осы жүйе шамның қатты
қызуының және жанып кетуінің алдын алу үшін қашық және жақын жарықты тек қысқа уақытқа бір уақытта қосу мүмкіндігін қарастырады. Алдыңғы габариттік (тұрақ) оттар алдыңғы шамшырақтардың бөлігі
(секция) болуы мүмкін (ВАЗ-21213, -21214 автомобильдерінде) немесефарамен ортақ шағылыстырғышқа және шашыратқышқа, бірақ өзінің жеке шамына ие болып, фаралармен (қалған зерттелетін автомобильдер)
біріктіріледі.
Артқы габариттік (тұрақ) оттар, тұманға қарсы шамшырақтар және артқы жүріс шамшырақтары артқы шамшырақтар бөліктері (секциялар) болып табылады.
Сыртқы жарықтандыру аспаптарын қоректендіретін электрлі тізбектерде оларды қосатын бақылау шамдары, қарастырылады, олар тікелей олардың ажыратқыштарында немесе аспаптар жинағында
орналастырылады. Сонымен қатар, барынша қуатты жарықтандыру аспаптарын - жақын және қашық жарық фараларын қоректендіретін электрлік тізбектерде оларды қосатын арнайы реле қолданылады. ГАЗ-
3110 автомобилінде реле сонымен қатар штаттық орнатылатын тұманға қарсы фаралардың электрлік тізбегінде қолданылады, ал ВАЗ-21213, - 21214 автомобильдерінде -- артқы тұманға қарсы шамшырақтарды
қоректендіретін тізбекте.
Ішкі жарықтандыру аспаптарына салонды, жүксалғыш және мотор бөлімдерін, заттар жәшігін жарықтандыратын шамшырақтар, сонымен қатар аспаптарды және тұтатқышты жарықтандыратын шамдар
жатқызылады.
ІІІ Қортынды нұсқау.
Өтілген тақрып бойынша қайталап келу. Оқушылардың жұмысты толық меңгергеніне көз жеткізу.

Үй тапсырмасы.
1. Автомобильдің жарықтандыру жүйесінің қызметі?
2. ВАЗ-2110 автомобилінде қандай жарықтандыру жүйесі қолданылады?

Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков.

Ұқсас жұмыстар
Студенттердің білімін бағалау
ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Автокөліктерде электр энергиясының көзі - аккумулятор батареясы мен генератор
Майлау және тазалау жұмыстары
Бақылау өлшеу аспаптарын үйрену
Автокөліктің қосымша жабдығын орнату
Автокөлікке ТҚК мен ағымды жөндеуді орындау жұмыстары
Жанармай шығынын анықтау
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың мақсаты
Электр жабдықтар тізбегіне техникалық қызмет көрсету
Пәндер