Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алдыңғы белдік ақаулары

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ 9-173 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеуші слесарь>>
- - - - - - - 16.05 2020 ж

№37 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Алдыңғы белдікке ТҚК, ақауларын анықтау және жөндеу.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ
Тақырып: Алдыңғы белдікке ТҚК, ақауларын анықтау және жөндеу
Алдынғы доңғалақтарының жетегіне техникалық қыщмет көрсету ең алдымен қорғанысты қаптың бұзлмауын тексеруге жəне топсаға уақытылы май қосуға негізделген. Жетектердің топсалары жеткілікті ұзақ жарамды, олардың жүрістігі автомобиль ресурсына тең дерлік. Алайда тəжірибеде оларды жиі ауыстырып жөндейді. Бұл ең əуелі оларды қате пайдаланудан болады. Осыған байланысты топсалардың қаптарын үнемі тексеріп, аздаған зақымдануда бірден ауыстыруға тырысыңыз. Егер топсаға зақымдалған қап арқылы су не шаң кірсе, ол жүздеген километр жүріп өткеннен кейін істен шығады. Майланған герметикалық топса айтарлықтайтозбайды. Автомобильді тұтынғанда алдынғы доңғалақтарының жетегінің ақауын 6.6-кестесінде көрсетілген бірқатар белгімен анықтауға болады.

6.6-кесте
Ақаулық белгісі
Ақаулық себебі
Жою əдісі

Автомобиль жүргенде алдыңғы доңғалақтан шығатын шуыл
Топса бөлшектерінің тозуы
Тозған не зақымдалған топсаларды ауыстыру

Доңғалақ жетегінің біліктерінің деформациясы
Топсадағы майды жəне қорғанысты қапты ауыстыру
Майдың ағуы
Ішкі не сыртқы топса қабының зақымдануы немесе жарылуы
Топсадағы майды жəне қорғанысты қапты ауыстыру

Автомобильді пайдалануда трансмиссия агрегаттары тозады. Тозудың қарқындылығы аввтомобильді тұтыну режимдеріне, жол жағдайларына жəне жүргізушінің біліктілігімен байланысты жүргізу əдістеріне (тəсілдеріне), жəне ең алдымен техникалық қызмет көрсетуде жəне ағымдық жөндеу жұмыстарының сапасына байланысты. Жол жағдаларына қарай автомобильдің жылдамдығы, ажыратқыш пен беріліс қорабын пайдалану кезеңділігі, барлық агрегаттарға түсетін жүктемелік өзгеріп отырады. Қалалық жағдайда, сондай-ақ ойықтары, шұңқырлары бар жолдарда пайдаланғанда ажыратқышты өшіретін муфтаның мойынтірегі, ажыратқыш дискі, беріліс қорабының тегершігі тез ескіреді. Ажыратқыш механзимі, беріліс қорабы мен кардандық беріліс жүктемені қозғалтқыштың максималды айналдырған сəтіндегі жүктемеден бірнеше есе ауыр қабылдайды. Бұл бірінші берілісте жəне артқы жүрісте, сондай-ақ жоғары жылдамдықтан күрт тоқтаған кезде болады. Бұл ретте ажыратқыш, осы жүктемелерді дисктердің буксирлеуі есебінен қабылдағанда амортизатордың рөлін ойнайды. Беріліс қорабының тегершіктерінде айтарлықтай байланыс кернеуі туындайды, ол тегершіктердің бұзылуына, біліктердің майысуына жəне мойынтіректердің бұзылуына алып келеді. Алдыңғы белдіктің техникалық өзгеруі, алдыңғы доңғалақтардың түйіскен жерінің бұзылуы, шүберіндерді орнату шиналардың тозуына жəне автомобильді жүргізгенде кедергілерге алып келеді.
Трансмиссияның жəне жүретін бөлігінің бұзылған механизмі бар автомобильді пайдалануға тыйым салынады. Трансмиссия агрегаттарын диагностикалауды алдын ала автомобиль жүрген кезде, сыртқы қарап тексеруде, содан кейін арнайы жабдықта автосервистерде жүргізеді. Бұл ретте негізінен кардандық білікте белгіленетін трансмиссия агрегаттарындағы саңылауларды анықтайды. Автомобильдің трансмиссия жүйесін кешендік тексеру үшін 2.4.6-тарауында сипатталған стационарлық диагностикалық стендтармен жəне мотор-тестерлермен пайдалану ұсынылады. Мысалы ажыратқыштың техникалық күйін тепкінің бос жүрісінде, сонымен қатар тартылыс күшінің стендінде ажыратқышты өшірудің толықсыздығы мен тоқтап қалуы бойынша анықтауға болады. Ажыратқыш тоқтап қалғанда жетекші жəне жетектегі дискті бұрыштық жылдамдығының теңсіздігі пайда болады.

Үй тапсырмасы.
1. Алдыңғы белдіктің қызметі қандай?
2. Алдыңғы белдік ақаулары ?
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков.

Ұқсас жұмыстар
Доңғалақтар аумағындағы белдіктің жоғары шуылы
Тегершіктерді ауыстыру
Автомобильден алдынғы аспаны шешу
Белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен өңдеу
Бекітпені бекітпе жақтауынан алу
Paint графикалық редакторында сурет салу
Белдемшенің ірі бөліктері
Тік белдемше бөліктерінің пішімдерін өңдеуге дайындау
Информатика. презентацияларды құру
Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою
Пәндер