Алтынсарин мектеп ашуы

«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі: Бакбаева А. А

Педагогтың аты-жөні:
Бакбаева Алия Аскаркызы
Педагогтың аты-жөні:: Күні:
Бакбаева Алия Аскаркызы: 20. 10. 2021
Педагогтың аты-жөні:: Сынып: 4 «Е»
Бакбаева Алия Аскаркызы:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны:

Педагогтың аты-жөні:: Сабақтың тақырыбы:
Бакбаева Алия Аскаркызы: Алтынсарин-әдебиет атасы
Педагогтың аты-жөні:: Сабақтың мақсаты
Бакбаева Алия Аскаркызы:

1. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

3. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Педагогтың аты-жөні:: Сабақ барысы
Педагогтың аты-жөні::

Сабақтың

кезеңдері

уақыты

Бакбаева Алия Аскаркызы: Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Педагогтың аты-жөні::

Негізгі бөлім

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Тыңдалым

Және айтылым

2 мин

Бакбаева Алия Аскаркызы:

Қоңырау үні естіледі.

  • Балалар бұл ненің даусы?
  • Қоңырау.
  • Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаздың кім екенін білесіздер ме?
  • Ол Ыбырай Алтынсарин
  • Ендешебалалар бүгінгі тәрбие сағатымызды қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнаймыз.

(слайд көрсету)

Топқа бөлу

-Балалар, алдарыңда берілген пішіндерді таңдай отырып, үш топқа бөлініп отыра қалыңдар.

1. Алтынсарин ағартушы, педагог

2. Алтынсарин шығармалары

3. Алтынсарин мектеп ашуы

  • Міне, балалар жылдар шежіресіне тоқтала отырып 3 топқа бөлініп алдық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы«Ыбырай Алтынсарин - әдебиет атасы». Тәрбие сағатына қызығушылықпен, ізденіспен қатысайық.
Тыңдалым
ҚБ

суреттер, видео сабақтар

Интербелсенді тақта

Суреттер, слайд

Педагогтың аты-жөні::

Сабақтың ортасы

2 мин

5 мин

6мин

Сабақтың соңы

8мин

10мин

Кері байланыс

6мин

Рефлексия

5мин

Бакбаева Алия Аскаркызы:

Ыбырай туралы мәлімет

Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның

қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық

тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым

В. В Григорьевпен жақын танысып алды.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол - заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.

(слайд 2)

Топпен жұмыс

Алдарыңда өлең жолдары жатыр. Сол өлең жолдарының дұрыстығын қараймыз, қаншалықты Ыбырайдың өлеңдерін жатқа білетінімізді тексерейік. ( әр топқа өлеңдерді дұрыс құрастырту, мәнерлеп оқыту)

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқыту. (1 - қосымша)

Ыбырайдың ағартушылығы туралы ұғым. (слайд 3)

1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап,

халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы - оның ағартушылық аса зор еңбегі. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын»

балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды.

Музыка күй

Топпен жұмыс. Ақын еңбектерінен «Кітапша жасау»

(2 - қосымша)

Өлеңдерде ұйқас болады, шумақ түрінде жазылады. Әңгімелер көбінесе оқиға желісіне байланысты болады, ұйқас болмайды.

1-нұсқа оқушыларға алдын - ала ізденіс жұмысы беріледі: Ы. Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптарын тауып жазып келу.

2-нұсқа Ы. Алтынсариннің әңгімелерін, аудармаларын, өлеңдерінің тақырыптары слайдта тізімі дайын түрде беріледі.

Жұмыс 2-нұсқа бойынша жүргізіледі.

1 - топ: «Өлеңдерімен» таныстырады, реттейді.

2-топ: Берілген материалдардан аудармаларын жинақтайды.

3- топ: «Әңгімелер жинағы»

Жасаған кітапшаларының мазмұнымен таныстырады.

Суреттерін көрсетіп отырып, иллюстрация қай кітапшаға жататынын анықтаймыз. ( қарға мен


Ұқсас жұмыстар
Жарық жұлдыз
Қыпшақ Сейітқұлға хат
Ұлыдан ұлағат тәрбие сағаты
Сабақтардың тақырыбы Тұңғыш ғалымдар
Адамгершілік – асыл қасиет жайлы
Кім ойшыл
Қаныққан бу және қанықпаған бу
Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын
Пайдалы қазбалардың түрлері
Өткен ғасырда Ыбырай мектептерінде оқып, өнеге алған Ахмет Байтұрсынов пен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz