Мүлдем электр тогын

Сабақ жоспары

І. Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы Электр тогының жылулық әсері және оны техникада қолдану.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға тұрақты токтың жұмысы және қуаты туралы түсінік беру.

б) дамытушылық : Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру, алған білімдерін тұрмыста қолдана білу.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.

ІV. Сабақтың түрі: теориялық демонстарциялық.

V. Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.

VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, оқулық.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-1-2 минут.

2. . Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

.

3 Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Электр тогының жұмысы мен қуаты.
  • Электр тогының жылулық әсері және оны техникада қолдану.

4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 1 0 минут

Зарядталған бөлшектердің өткізгіш бойымен реттелген қозғалысында электр өрісі жұмыс өндіреді. Оны ток жұмысы деп атаймыз. Қыздыру шамының қылы, электр двигательдерінің орамалары және т. б. арқылы ∆t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы ∆q заряд өтті делік. Сонда электр өрісі А=∆qU жұмыс өндіреді. ∆q=I∆t болғандықтан А= I U ∆t . Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.

Тогы бар өткізгіштің қоршаған ортаға бөліп шығаратын жылуының мөлшерін анықтайтын заңды ағылшын ғалымы Джоуль мен орыс ғалымы Ленц тәжірибе жүзінде тағайындаған. Джоуль-Ленц заңы былайша тұжырымдалады: тогы бар өткізгіштің бөліп шығаратын жылуының мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең: Q=I 2 R∆t.

Элeктр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларының аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады

Кез келген электр аспабы- электр шамы, электр двигателі т. б., уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға негізделген. Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы зор.

Токтың қуаты ∆t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:

Тұрақты ток заңдары.

1
2
3
1: Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.
2: Толық тізбек үшін Ом заңы.
3: Джоуль-Ленц заңы.
1: Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал.
2: Тұйық тізбектегі ток күші оған әрекет ететін Э. Қ. К. күшіне тура пропорционал, ал тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысына кері пропорционал.
3: Өткізгіштердегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына тура пропорционал.

Электр тогының жұмысы, қуаты . Джоуль - Ленц заңы.

Электр тогының жұмысы
А
Дж
А=IUt
Электр тогының жұмысын есептеу үшін- ток күшінің, кедергінің, уақыттың шамаларын көбейту керек
Электр тогының жұмысы: Электр тогының қуаты
А: Р
Дж: Вт
А=IUt: P=IU=U 2 /R=I 2 R
Электр тогының жұмысын есептеу үшін- ток күшінің, кедергінің, уақыттың шамаларын көбейту керек: Токтың қуатын есептеу үшін - ток күші мен кернеудің шамаларын көбейту керек
Электр тогының жұмысы: Джоуль- Ленц заңы
А: Q
Дж: Дж
А=IUt: Q=I 2 Rt
Электр тогының жұмысын есептеу үшін- ток күшінің, кедергінің, уақыттың шамаларын көбейту керек: Жылу мөлшерінесептеу үшін ток күшінің квадратын, кедергіні, уақытты өзара көбейту керек

Электр тогын өткізу қабілетіне қарай заттар бөлінеді.

Өткізгіштер
Жартылай өткізгіштер
Диэлектриктер
Өткізгіштер:

Металдар

Газдар

Электролиттер

Жартылай өткізгіштер:

Кейде өткізгіш

Кейде диэлектрик

Диэлектриктер: Мүлдем электр тогын өткізбейтіндер.

6. Жаңа материалды бекіту - 10 минут

Теориялық есептер шығару .

1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3, 5 В, ал ток күші 0, 28 А болса, ондағы электр тогы 5 мирутта қандай жұмыс істейді

2. Егер резистордағы ток күші10мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.

3. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100 В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады

4. Кернеуі 400 В электр двигателіндегі токтың күші 92А. Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар

Кернеуі 220 В болатын дәнекелегіштегі ток күші 0, 9А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын табыңдар

Электр тогын сипаттайтын параметрлер. Формуласын жазып көрсет

Таңбалануы
Атауы
Формуласы
Өлшем бірлігі
Бірлік атауы
№: 1
Таңбалануы: I
Атауы: ток күші
Формуласы:
Өлшем бірлігі: 1A=1кл/1с
Бірлік атауы: Ампер
№: 2
Таңбалануы: U
Атауы: электр кернеуі
Формуласы:
Өлшем бірлігі: 1В=1А*1Ом
Бірлік атауы: Вольт
№: 3
Таңбалануы: R, r
Атауы: кедергі
Формуласы:
Өлшем бірлігі: 1Ом=1В/1А
Бірлік атауы: Ом
№: 4
Таңбалануы: q
Атауы: заряд
Формуласы:
Өлшем бірлігі: 1кл=1А*1с
Бірлік атауы: Куллон
№: 5
Таңбалануы: ¿
Атауы: электр қозғаушы күші
Формуласы:
Өлшем бірлігі: 1В=1Дж/1кл
Бірлік атауы: Вольт
№: 6
Таңбалануы: A
Атауы: токтың жұмысы
Формуласы:
Өлшем бірлігі: 1Дж=1А*1В*1с
Бірлік атауы: Джоуль
№: 7
Таңбалануы: P
Атауы: токтың қуаты
Формуласы:
Өлшем бірлігі: 1Вт=1А*1В
Бірлік атауы: Ватт
№: 8
Таңбалануы: Q
Атауы: жылу мөлшері
Формуласы:
Өлшем бірлігі: 1Дж=1А 2* 1Ом*1с
Бірлік атауы: Джоуль

Физикалық диктант

1. Зарядталған б . . . ң реттелген бағытталған қозғалысы э . . . р тогы деп аталады.

2. Уақыт бойынша өзгермейтін т . . . тұ . . . ы ток деп аталады.

3. Э . . . р т . . . ң әсерлері болып табылады ж . . . қ, х . . . қ, м . . . к. әсерлер

4. Уақыт бірлігіндегі өтетін з . . . тың мөлшеріне тең шама т. . к . . . і деп аталады.

5. Ток күші А . . . рмен өлшенеді.

6. Кулондық күштермен бөгде күштердің жасаған қосынды ж . . . ы эл . . . р к. р . . . і деп аталады.

7. Тізбек бөлігіндегі токтың ж . . . ы сол т . . . ң шамасына, тізбек бөлігіңдегң к . . . ге және ток өтетін уақытқа тура пропорционал.

8. Токтың қ . . . ы ток күші мен к . . . дің көбейтіндісіне тең физикалық шама.

9. Өткізгіште болінген жылу м . . . н есептеу үшін ток күшінің квадратын, өткізгіш ке . . . сін және электр тогының өту у . . . н өз ара көбейту керек.

7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Ұқсас жұмыстар
Тұрақты токтың жұмысы.қуаты. джоуль-ленц заңы
Токтың жұмысы
Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері
Денелердің электрленуі. электр заряды. электроскоп
Химия пәнінің мұғалімі
Физика пәнінен қауіпсіздік техника ережелері
Тақырып Металдардағы электр тогы
Электр кернеуі
Электролиттер және бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация
Электр тізбегі және оның негізгі элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz