Демография және отбасы: ұлттың болашағы мен халықтың демографиялық өсімі

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Демография-ұлт тағдыры

№1-сабақ.

Бөлім:
5- бөлім. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис
Бөлім:: Педагогтің аты-жөні:
5- бөлім. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис: Жамантаева Ж. Ү.
Бөлім:: Күні:
5- бөлім. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис: 12. 01.
Бөлім:: Сыныбы :9
5- бөлім. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім:: Сабақтың тақырыбы:
5- бөлім. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис: Ұлт болашағы- халықтың демографиялық өсімінде
Бөлім:: Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5- бөлім. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис:

9. 1. 3. 1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу;

9. 4. 4. 2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

Бөлім:: Сабақтың мақсаты:
5- бөлім. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра алады. Сонымен қатар салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіріп қолдана алады.

Бөлім:: Құндылықтарға баулу:
5- бөлім. Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақ кезеңі/Уақыты:

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Педагогтің іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Сабақ кезеңі/Уақыты:

Жаңа сабаққа кіріспе

Педагогтің іс-әрекеті:

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушының іс-әрекеті:

Демография ұғымы нені білдіреді?

Халық саны мемлекеттің дамуына әсер ете ме?

Бағалау:

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Ресурстар: ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақ кезеңі/Уақыты:

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Педагогтің іс-әрекеті:

№2-тапсырма:

Мәтінді оқы. Үйде отбасы күнін атап өтесіңдер ме? Отбасы күнін атап өту қажет пе? Отбасылық құндылықтарға не жатады деп ойлайсың? Сызбаға түсір.

Оқушының іс-әрекеті: Сұрақтарға жауап береді. Өз ойын сызбаға түсіреді.
Бағалау:

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Мәтінді оқиды.

- Отбасылық құндылықтарға не жататынын сызбаға түсіреді.

Ресурстар: Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК
Сабақ кезеңі/Уақыты:
Педагогтің іс-әрекеті:

№3-тапсырма :

Мәтінді тыңдап, стилін анықта. Сұрақтарға жауап бер.

Оқушының іс-әрекеті:

1. Мәтінде не туралы айтылады?

2. Әлеуметтік-демографиялық құрылым немен айқындалады?

3. Әлеуметтік-демографиялық құрылым тұрғындарды қандай белгілері бойынша сипаттайды?

4. Тұрғындардың құрамын, өзгеруін зерттеу не үшін қажет?

5. Мәтін стилін анықтауда неге сүйендің?

Бағалау:

Дескриптор:

Жалпы - 4 балл.

- Мәтінді тыңдайды.

-стилін анықтайды.

-Сұрақтарға жауап береді.

Ресурстар: Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.
Сабақ кезеңі/Уақыты:
Педагогтің іс-әрекеті:

№4-тапсырма:

Мәтіннен түсіндірмелі салалас сөйлемді тауып, жасалу жолын айтып бер.

Оқушының іс-әрекеті: Мәтіннен түсіндірмелі салалас сөйлемді тауып, жасалу жолын айтып береді.
Бағалау:

Дескриптор:

Жалпы - 3 балл.

- Мәтіннен түсіндірмелі салалас сөйлемді табады.

-жасалу жолын айтып береді.

Ресурстар: Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.
Сабақ кезеңі/Уақыты:

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Педагогтің іс-әрекеті:

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушының іс-әрекеті:

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен . . . түсіндім, . . . білдім, . . . көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны . . .

- мен өзімді . . . үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны . . .

- сабақтан соң маған . . . келді

- бүгін маған . . . сәті түсті.

- қызықты болғаны . . .

- . . . қиындық тудырды.

- менің түсінгенім . . .

- енді мен . . . аламын.

Бағалау:

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Ұқсас жұмыстар
Жер бетіндегі халықтар мен нәсілдер: демография және нәсілдердің таралу ерекшеліктері
550 жыл ішінде қазақ халқының тарихи-демографиялық динамикасы және 2016 жылғы жағдай
Қазіргі кездегі демографиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары
Қазақстан халық саны мен табиғи өсімі: орналасу факторлары және тығыздығы
Ана тілі - ұлттың жаны, халықтың үні: Ақтөбе қаласы №24 МДҰ «Аққу» тәрбиешісі Қ. Қалиева өткізген тәрбие сағаты
Қазақстандағы экологиялық мәселелер мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Дүниежүзі халқының саны, ұдайы өсуі және демографиялық саясат
Тың және тыңайған жерлерді игеру: саясаты, нәтижелері және демографиялық әсері
Саяси қуғын-сүргін және халықтарды депортациялау: Қазақстандағы тарихи және демографиялық салдары
Робототехника: тарихы мен болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz