Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бүгінгі оқу мақсаттарына құрастырылған бағалау критерийі

1 Слайд - МАҚСАТТАР
Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер! Бүгінгі сабақты жоспарлау таныстырылымда барлықтарынызға сәттілік тілеймін!
Мен Кенен.Әзірбаев . атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:Айдарханова Жадыра Камалбековна. Таңдап алған пәнім дүниетану , Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам
0.1 Мен және менің отбасым
0.2 Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
Оқу мақсаты: 2.​1.​1.​2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары оқу мақсаттарымен келісілген. Менің бүгіңгі Сабақ мақсаттарым:Барлық оқушылар:мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру Көптеген оқушылар: Отбасы дәстүрлерін нақты жеткізу және мысал келтіріп салыстыру Кейбір оқушылар: өз отбасындағы әдеп нормаларын зерттеу арқылы диаграммадан көрсету
Сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, смарт форматында құрастырылып жасалған.

1 Слайд - БЕЛСЕНДІ ТӘСІЛДЕР
Бүгінгі сабағымның мақсатына жету үшін бірнеше белсенді әдіс-тәсілдер пайдаланамын. Менің әдістерім дүниетану пәні бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталып құрастырылған
2-тапсырманы топтық жұмыс ретінде алып, АКТ көмегімен визуалды көргенін сыни тұрғыда ойлау арқылы отбасындағы салт-дәстүрлерді әңгімелейді. Бұл тапсырманы орындауда <<Суретті әңгімеле>> әдісі арқылы оқушыларға 1.Суретте не бейнеленген?. 2.Қандай отбасылық мереке деп ойлайсыңдар? 3.Бұл қандай дәстүр? Неліктен? деген сұрақтарды қоя отырып, барлық оқушыға барынша қолдау көрсету арқылы салт - дәстүр бейнеленген суреттердің атын тауып, мазмұнын терең түсінуге және отбасы құндылықтарын ұштастыра отырып, айтылым, тыңдалым дағдыларын жүзеге асырамын.
3-тапсырмада Белсенді оқытудың <<Зерделеу және зерттеу>> тәсілі арқылы барлық оқушыға бірдей нұсқау берілді. Мақсатым отбасындағы әдептілік туралы зерттеу. Мұнда <<Ойлан, жұптас, талқыла>> әдісі арқылы жұптық жұмыс орындалады. Венн диаграммасымен жұмыс жасай отырып, екі отбасындағы әдеп нормаларының ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың сыни ойлау қабілеті өз отбасына деген құрметі артады. Әрқайсысында қайталанбас өз отбасы бар екенін сезінеді. Жазылым және оқылым дағдылары қалыптасады. Бұл әдістер оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді және оқушыларды оқуға тартуға бағытталғанын түсінемін.
3 - слайд- САРАЛАУ
Мен өз оқушыларымның білім деңгейін ескере отырып, саралау тапсырмаларын сабақтың өн бойында жүргізіп отырамын. 1-тапсырмада <<Тапсырма>> арқылы саралауды енгіземін. Бұл саралау тапсырмаларын алғандағы мақсатым оқушылардың отбасы әдеп нормаларын қалай түсіндіре алатынын анықтау үшін қолдауды барынша қажет ететін оқушыларға суретке қарай отырып,жақсы істер мен әдептілікті кеспе қағаздарға жазуды ұсынамын.Қолдауды орташа қажет ететін оқушыларға басқалар жасаған қамқорлық және әдептілік жайлы әңгімелеуді тапсырамын. Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға <<Отбасындағы әдептілік>> тақырыбында эссе жазуға бағыттаймын. Саралаудың <<Тапсырма>> тәсілі арқылы отбасындағы құндылықтарды қаншалықты меңгергенін біле отырып, айтылым, тыңдалым,жазылым дағдылары қалыптасады. Бұл тапсырма оқу мақсатына жетуіне тиімді болды.
4 СЛАЙД Критериалды бағалау
Бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді, қалыптастырушы бағалау оқуды қолдайды, бағалау критерийі блум таксономиясына негізінде құрастырылып,қолданылады. ойлау дағдыларының денгейлері Білу, түсіну, қолдану. Бүгінгі оқу мақсаттарына құрастырылған бағалау критерийі: Өз отбасындағы әдеп нормаларын біледі ;Отбасы дәстүрлерін анықтайды ;
Өз отбасындағы әдеп нормаларын зерттейді және диаграммада көрсетеді;Осы бағалау критериіне берілген тапсырма: Салт- дәстүр бейнеленген суреттердің атын тауып мазмұнын түсіндіру. Тапсырмадан құрастырған дескриптор:
- Салт дәстүрлерді атай алады.
- Суреттің мазмұнын түсіндіре алады.
Сабақты жүргізу барысында барлық тапсырмада қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын. 1-тапсырманы << Түсті білезіктер>> арқылы бағаладым.
2-тапсырманы Қ.Б. "Басбармақ " арқылы бағалау. 3-тапсырманы. Қ.Б <<Жұлдызша>> арқылы бағалау
Оқушыларды ынталандыру барысында <<Жарайсың!>>, <<Керемет!>>, <<Тамаша!>> деген сөздермен уәжін арттырып отырамын. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай әр тапсырма соңында ҚБ жүргізіледі. Соңында түзету жұмыстары жүргіземін
Оқушылардың сабақта нені түсініп, нені біліп, неге көз жеткізгендігін анықтау үшін <<Бес саусақ>> әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.
5 слайд Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ мақсаттары оқу мақсаттарымен келісілгенін білдім. Саралау, белсенді оқыту тәсілдерін меңгеріп ,қысқа мерзімді жоспардым кезеңдерін үйрендім.Сабақтың жоспарлау барысында тренер сабақ мақсатын Смарт форматында жасау керек екендігін түсіндірді. Тренер сабақтың мақсатына қарай отырып, 2 тапсырмадағы қолданған әдісті оқушы деңгейіне сай емес екенін айтып өзгертуді ұсынды. Сондықтан <<Отбасы ағашы) әдісін Суреттер әңгімелейді әдісіне өзгерттім.
Ықшамсабақты өту барысында сабақтың әр кезеңіндегі тиімді белсенді әдістерді қолдану керектігі жайлы әріптестер пікірі айтылды.Әріптесім Данагүл апай сабақ барысында саралаудың тапсырма тәсілін қолдану тиімділігін ұсыныс жасады.Болашақта қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау барысында осы ұсыныстарды ескере отырып,оқытудың әдіс-тәсілдерін іске асыруды жүзеге асырамын. Курста алған білімімді басшылыққа ала отырып,әдістерді пайдаланамын.
Назарларыңызға рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Қалыптастырушы бағалау әдістері
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Мәтіннің мазмұнын мәтінді жоспар бойынша жүйелі
Санның натурал сандар
Сабақ нәтижесі. Сабақтың тақырыбы
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
Бағалау критерийлерінің маңыздылығы
Пәндер