Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Төрт түліктің төресі - жылқы малының қасиеттерімен таныстыру
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылы Жалпы білім беретін Шахта мектебі
Өткізген:Шамшадиева.Каламкас Нурбаевна Скрыть объявление
Тақырыбы: Төрт түліктің төресі - жылқы
Сыныбы:2 <<В>>
Мақсаты: Елбасымыздың <<Ұлы даланың жеті қыры>> мақаласы бойынша <<Атқа міну мәденитін жан-жақты талдай отырып, жылқы жануарының қазақ ұлтының өміріндегі рөлін анықтау.Төрт түліктің төресі - жылқы малының қасиеттерімен таныстыру.Оқушыларға жылқы малының ұлтымыздың жанына жақын серігі, тілін ұғар тірегі екендігін дәріптеу. Жылқы малын пайдалана отырып өткізілетін ұлттық ойындарды сипаттауға үйрету.Жылқы малын қастерлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, жылқы малының суреттері т.б
Барысы:
Ұйымдастыру.
Армысың Көк аспан!
Армысың Жер Ана!
Армысың достарым!
Армысыздар қонақтар!
Сыныпты топқа бөлу.
Жылқы суреттерімен топқа бөлінеді.
1-топ. Сәйгүлік
2-топ. Тұлпар
3-топ Арғымақ
Кіріспе:
Тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаев 2018 жылдың 21 қарашасы күні өзінің <<Ұлы даланың жеті қыры>> деп аталатын кезекті мақаласын жариялағаны бәрімізге белгілі. Мақалада: "Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі" дейді Елбасы. Осылайша, өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап, келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін нақты мысалдармен түйіндейді. Соның бірі 1. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы Ұлы Даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Бір сыр бар ежелден - ақ далам білген
Қазаққа ат мінбесе алаң кірген.
Алтыннан мен ескерткіш қояр едім
Даланың тұлпарына бабам мінген - дей отырып,
<<Төрт түліктің төресі - жылқы >> атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
ІІ. Негізгі бөлім:
Балалар, қазақ халқы үшін төрт түліктің ішіндегі төресі де, төбесі де жылқы. Жылқы сөзін естігенде елеңдемейтін қазақ болмас. Атамыз қазақ <<жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы>> деп дәріптеген. Төрт түліктің қадір қасиетін бағалай білген қазақ халқы <<түйе - салтанат, жылқы- мақтан, қой - қазына, сиыр - қанағат>> деп мадақтаған.
Жылқы халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына жақын көрген қасиетті түлігіміздің бірі. Кең байтақ жерімізді біздің ата - бабаларымыз аттың жалымен, білектің күшімен, найзаның үшымен жаудан сақтап қалған. Қазақ үшін жылқының орны өте ерекше. Жалқұйрық, Тайбурыл, Бозайғыр, Құлагер,Керқұла сияқты аттар қазақ ертегілері мен қазақ баласының қиялын тербеп, мықтылыққа, сұлулыққа, батырлыққа тәрбилейді. Сол себептен де жеті қазынаның бірі - ат.
<<Жылқы - жеті қазынаның бірі>> бейнеролик көрсету
Фариза:
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған,
<<Құраулап>> оны жылқышы,
Қыл арқанмен байлаған.
Қуғандарға жеткізбей,
Қашқанға жетпей қоймаған!
<<Ер қанаты - өзің>> деп,
Ел қуанып айдаған
Жылқы деген жануар.
Нұрбек:
Апыл - тапыл баспас бұрын алдымен,
Атқа мініп үйренеді жай күні.
Атсыз қазақтың ауасы да, даласы,
Атсыз бір күн тұра алмайды баласы.
Ерсұлтан:
Қайғысын да қуанышын бөліскен,
Ат көзінің бейне ағы мен қарасы.
Кісінесе тілдескенде иесімен,
Аттың артық сықылды бағасы.
Алихан:
Жылқы болған жан серігі бабамның,
Арғымақтар көркі балған даламның,
Ешбір сусын тең келмейді маңайлап,
Баптап берген қымызына анамның
Нұрсәт:
Көкпар десе, қазақта жан қала ма,
Сабылтып сәйгүлікті сар далада.
Ағайынның айғағын аттандырған,
Жүретін жаратып ап жан дауаға.
Кәусар:
Әжем жиі сауады,
Бөз биені баяғы.
Сүті неткен көп еді,
Суалмай ақ келеді.
Құлыны да тояды,
Сабамыз да толады.
Қанады әбден қымызға,
Біздің үйдің қонағы.
Жылқы малының қасиеттеріне тоқталайық.
Ұлан: Жылқы малының қасиеті - ұшан - теңіз. Ол мінсең - көлік, жесең - тамақ, ішсең - сусын. Жылқының еті де, сүті де дәрі. Қазысының майы адамның сүйегін балқытады. Жылқының майы өте пайдалы. Оны адамның теріс біткен сүйегіне пайдаланып, орнына салады. Аттың терісі де ем. <<Жылқы- жаным, қымыз - қымыраным>> деп бекер айтпаған.
Исмайл: Жылқының тағы бір қасиеті - соғыстарда, бәйгеде, көкпарда, жорықтарда қаншалықты аласапыран қырғындарда мертіккен жаралы жауынгерлердің денесін баспаған. Тіпті көп жағдайда аттан құлаған адам аман қалады, еш жері жарақаттанбайды екен. Сол себептен де қазақ <<Құласаң есек тұяғын төсейді, түйе шудасын төсейді, өгіз мүйізін, ал ат жалын төсейді >>-деген. Бұл тұлпарларға тән тазалықтың белгісі.
Дастан:Жылқы малы өте сезімтал, таза жануар. Өйткені ол кірдің суы төгілген, былғаныш жердің шөбін жеп, суын ішпейді.
Қуандық:Өзі туған қанды, өзінен тараған қанды жаза баспай таниды, өзінің денесінің иісін, өзінен тараған ұрпағын жаңылмай сезетін, өз тұқымының үн дыбысын, мінез құлқын жаза баспай табатын естілігі мен ақылды қасиеттері кім - кімді де таң қалдырмасы сөзсіз.
Қымтана Жылқының қылынан сырлайтын щетка және арқан еседі. Жылан кіріп кетпесін деп, қазақ үйдің және кішкентай баланың айналасын осы жылқының қылымен қоршап қояды.
Диана: Жылқының қасиеттерін көрсететін қазақ халқының <<Жылқы жершіл>>, <<Ат айналып қазығын табар>> деген сөздері бар, жақсы жылқы басы босаса , қандай қашықтан да туып өскен жеріне тарта береді.
Айбар:<<Жылқының сүті шекер, еті бал, иісі жұпар, терісі киім, мінсең тұлпар>> деп Досбол шешен жылқының халық өміріндегі алатын орнын өте жоғары бағалаған.
Рахман:Жылқы малынан алынатын емдік сусын - қымыз.Ол өкпе ауруына қарсы таптырмас ем.Жылқының еті асқазан, ішек ауруларын жазуға көмектеседі.
Мұғалім:
Ал, енді балалар , жылқы малына қатысты тыйым сөздерді айтайық.
Әмина:
Жылқышы ұстайтын құрықтан, балта мен бақанның үстінен аттауға болмайды. <<Бақан аттаған байымайды, балта аттаған жарымайды>> деген наным бар.
Ерназ:Жал құйрығының арасында шоқ- шоқ ақ қылы бар жылқы құтты саналады. Ол сатылмайды,біреуге берілмейді. Себебі, сол малмен құт береке кетеді.
Әдемі:Аттарының жалы оң жағына қарай жығылып жатса, оны мінген кісінің жолы болғыш деген.
Кәусар: Ат жер тарпып тұрса , жақсы жолды көксегені. Мұны қазақ жақсылыққа жориды.
Диана: Бие сауатын ыдысты төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс несібе кетеді.
Кәусар :Тойға немесе асқа қымыз әкелген ыдысты біржолата сарқып босатпайды. Түбіне міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
Есіңде сақта!
Адам малдарды белгілі бір дыбыстау арқылы шақырады. Жылқыны шақырудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Құрау - құрау - биені сауатын кезде шақыру үшін айтылады.
Моһ - моһ - жылқыны ұстау үшін айтылады.
Тәк - тәк - жылқының үстіне ер салып мінгенше қозғалмай тұру үшін айтылады.
Тыр - р - тыр - р - жылқыны арба мен шанаға жеккенде тоқтату үшін айтылады.
Жылқы жасын білеміз бе?
Жылқы жасы 1. Құлын - жылқы төлі
2. Жабағы - 1 жылға дейінгі төл
3. Тай - 2 жастағы жылқы
4. Құнан - 3 жастағы жылқы. Байтал - 4жастағы ұрғашысы
5. Дөнен - 4 жастағы еркегі
6. Бесті - 5 жасар еркек жылқы. Ат - кестірілген, мініс ат .
7.Айғыр - аталық жылқы. Сәурік - жас айғыр.
8. Бие - аналық жылқы.
а) мама бие - көп құлындаған жуас бие ә) қулық - алғаш құлындаған бие
Жылқы малына байланысты мақал - мәтелдер
Фариза:
Ат жаманы жолда қалдырар,
Жолдас жаманы қолда қалдырар.
Ерсұлтан:
Аттың көркі құйрық жалы, құлағы,
Таудың көркі тасы менен бұлағы.
Әмина:
Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.
Ерназ:
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Кәусар:
Тұлпар тегін табар,
Ер жігіт елін табар.
Айбар:
Ер сасқанда белгілі,
Ат шапқанда белгілі.
Нұрбек:
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Әдемі:Сұлу аттың көркі - жал Айкөркем : Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді Шынар: Ер қанаты ат.
Би: <<Жорға>> ұлдар тобы
Мұғалім:
Халқымыз жылқы түлігін түріне, түсіне қарап түгендеген.Бір үйір жылқыны санамай - ақ бір екі сағатта көріп, несі бар, несі жоқ екенін ажырата алатын жылқышылар болған. Қазақта жылқының түсіне байланысты сөздер өте көп. Жылқының түстерін былайша түстеген екен: қаракөк, ақбоз, шұбар, күрең, кер, тобылғы торы, сұр деп. Енді жылқының түстеріне байланысты әдеп ғұрыптарға тоқталып өтсек.
Әсемай:
Қазақ халқының жылқы түлігіндегі жақсы көретін түсі қаракөк. <<Қаракөк не жүйрікті алсам, не берікті алсам >>деген сөздің астарына үңілсек,берік, жүйрік аттардың қаракөк түстен шыққанын көреміз.
Айккөркем:
Ақбоз түс.Алтай мен Шыңжаң қазақтары ақ түсті жылқыларды, <<ақ боз атты>> көпшілік жағдайда <<көк ат>> деп те атайды. Қазақ халқы ертеден ақ күнді қадыр тұтқан. Күнге қарап <<көңілім де ақ, ниетім де ақ>> деп ақ боз жылқыларды құрбандыққа шалған екен. <<Ақ боз шалып, әскерге ақ жол тілеген>>.
Рахман:
Қазақтың қаракөк пе шұбардан кейін жақсы көретін түсі : тобылғы торы,күрең,жирен. Сонымен қатар қара түстерге айырықша ықылас білдірген. 19 - 20 ғасырдағы бәйгелерде көзге түскен жүйріктердің барлығы дерлік қара түсті болған.
Айжан:
Қазақтың тағы бір жақсы көретін түсі шұбар. Оның өзі бірнешеге бөлінеді: бозшұбар, байшұбар.Атбегілердің айтуы бойынша шұбардың тұқымы өте аз,бірақ айрықша сүйкімді келеді.
Мұғалім:
Иә балалар, кең дала төсінде көзіңнен жас парлап, кеудеңді жел кернеп атпен құйындата шапқанға не жетсін! Еркіндіктің, азаматтықтың қадірі мен қасиетін атқа мінген, атқа шапқан адам ғана артық біледі екен.
Ендеше балалар, жылқы малына байланысты қандай ұлттық ойындар білесіңдер?
Бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу т.б. -Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше сол ойынның бір екеуін көрсетіп жіберсек қайтеді.
Шеберхана саяхат
Ертоқым жасайтын адамды қазақта - ерші деп атайды.
Ноқта - атты бұлтарыссыз, тырп еткізбей, толық және түпкілікті бағындыратын жүгенге қарағанда құрылысы қарапайым жабдық түрі.
Жүген - ауыздық, екі сулық, екі шаужай, тізгін, шылбыр, екі жақтау, кеңсірік, екі сағалдырық, желкелік, милық деп аталатын жабдықтардан тұрады.
Жүген - атты басқаруға, асауды үйретуге, адамның ырқына көндіріуге арналған әбзел. Адамзат жылқыны алғаш қолға үйрету кезеңінде шыққан ер-тұрман жабдықтарының ең алғашқысы деп айтуға болады.
Терлік - тоқымның астына салу үшін қойдың жабағы жүнінен жасалады. Шеттерін былғары болмаса матамен көмкереді. Терлік өз атына сай тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет.
Өмілдірік - ер-тұрманның ең бір күрделі және маңызды жабдығы.Тауға шыққанда тоқым ат арқасынан кейін сырғымау, ерттеген жерінен қозғалмау үшін істелген жабдық-құрал.
Тоқым - аттың арқасына, ер батпас үшін салынатын нәрсе. Киізден сырылып, айнала жиегін шұға, барқыт сияқты маталармен көмкеріп жасайды.
Құйысқан - өмілдірік сияқты ер-тұрманның көне замандардан келе жатқан жабдығы. Салт атты адам еңіске жүргенде, таудан түскенде ер аттың мойнына кетпес үшін тағылатын тұрман.
Үзеңгі - атқа міну үшін қолданылатын және аяқтың талмауы үшін жасалған жабдық.
Үзеңгілік - үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдағы тесік. Үзеңгілік екі қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі.
Топтық тапсырмалар:
1топ Сәйкестендір
2 топ Жылқыға қатысты ұлттық ойындар
3 топ Жылқы әбзелдері
Хор: <<Тұлпарым>>
Қорытынды:
Тұяқты малдың тұлпары екен,
Астында жоқтың іңкәрі екен,
Жылқы бітсе мырза екен,
Бітпесе қорлық , ыза екен.
Айшылықты алты басқан,
Қиын қыстау тауды асқан,
Ер қанаты, ел бұлағы,
Қазақта болмас жылқыдан асқан! - дей келе бүгінгі <<Төрт түліктің төресі -жылқы>> атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!
Кері байланыс
-Бүгінгі тәрбие сағатымызда не туралы білдік?
-Сіздерге қай бөлім ерекше ұнады?.............
тәрбие сағаты
Төрт түліктің төресі - жылқы
Мұғалім : Шамшадиева.К

Ұқсас жұмыстар
Тақырып Түйе |
Түйенің сүті шұбат |
Жылқының пірі |
Жылқышы кім |
Үй құстары мен үй жануарлары |
Төрт түлік пайдасы |
Қой қандай түлік |
Түйе жайлы ақпарат |
Жануарлар әлемі |
Мал шаруашылығы |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz