Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қолтаңбасының ұзақтығы
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі жағдайдағы психографология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазіргі жағдайдағы психографология ғылымының маңызын түсіндіре отырып, білім алушылардың білім, білік іскерлігін қалыптастыру, тақырып бойынша алған білімдер аясында жүйелеу және тақырып аясында біліммен қаруландыру, тәжірибеде теориялық материалдарын дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылылығын дамыту, өз бетінше ойлауын, логикалық ойлауын, таным процестері мен жеке қабілеттерін, ақыл-ой негіздерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымдық тәрбие және өзара көмектесу дағдысына тәрбиелеу, оқуға белсенді қатынасуға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қорытынды шығара білуге, шығармашылық қабілеті дамыған азамат етіп тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Психорафологияның мәнін, маңыздылығын түсіндіре отырып, түрлі тапсырмалар, әдіс-тәсілдер арқылы тереңдетіп, өз ойын ашық айтатын, өзінің де өзгенің пікірімен санасып, ынтымақтаста қарым-қатынас жасай алатын білімді тұлға қалыптастыру
Түйінді идеялар: Білім алушылардың біліктілігін арттырады, қорытынды жасап, пікір білдіруге және ізденіске жетелейді.
Сабақтың типі: Білім, іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: Коучинг сабақ
Коучинг кезеңдері
1. Тақырып бойынша мағлұмат беру
2. Қызықты деректер бойынша бейне жазба
3. Рөлдік-сюжеттік желі
4. Жағдаяттық тапсырмалар шешу
5. Қызығушылығын ояту.
6. Ойлау қабілетін қалыптастыру
7. Ой қорыту
8. Сергіту
9. Бес саусақтық бағалау

Оқыту әдістері: Сюжетті-рөлдік әдісі, жағадаятты шешу,
Көрнекіліктер: Слайдтар, бейнероликтер, әріптер кескіндемесі, лупа, жарық шам
ОТҚ: Интерактивті тақта, компьютер.
Пайдаланылған әдебиеттер: И.Моргенштерн <<Психографология>>, Т.Р.Нұрмұхамбетова <<Тәжірибелік психология>> І, ІІ, ІІІ, ІҮ том
Пәнаралық байланыс: Психология, криминалистика, логика, лингвистика, кибернетика
Сабақтың құрылымы мен мазмұны
1.Ұйымдастыру кезеңі: Салемдесу, білім алушыларға бүгінгі тақырыптың түпкі мазмұны мен сырын ұғындыру үшін <<Өмір құндылығы>> атты тәжірибе жүргізу
2. Сабақтың мақсаты мен жұмыс жоспарын хабарлау:
Коуч сөзі: <<Қазіргі жағдайдағы психографология>> тақырыбының мәнін ашу үшін оның маңыздылығын түсіндіру қажет. Себебі, адамның қол жазуына қарап, оның ақылын, жігерін, өзін-өзі бағалауын, эмоционалдылығын және тағы басқа қасиеттерін анықтауға графология ғылымы мүмкіндік береді.
Бейнежазба
3. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту (Үй тапсырмасын сұрау)
Өткен тақырыпқа шолу жүргізу үшін, <<Сиқырлы сандық>> жаттығуын жүргіземіз. Ортаға сиқырлы сандықты әкелеміз. Сиқырлы сандықта әріптер бар. Білім алушылар қай әріпті алса сол әріптен басталатын өткен тақырыпқа байланысты мәлімет айту қажет. Сарапшылардың арнайы бос орындары тұрады. Ол орындарға тек сұраққа жауап берген білім алушылар ғана отырады және сарапшы болу құқығына ие болады.
К - графология ғылымының негізін қалаушы неміс психологы
Э - Эйнштейннің қолтаңбасы 68,5 мың АҚШ долларына сатылған
Г - адамның қолтаңбасына қарап, оны мінезін ажырататын ғылым
З - Зуев-Инсаров <<Қолтаңба және тұлға>> атты кітаптың авторы
А - Америкалық қоғам қайраткері Джон Хэнкок тәуелсіздік деклорациясына алғаш қол қойды.
Е - Ежелгі Грекия графология ғылымының алғашқы отаны
Д - Джон Хэнкоктың туылған күніне орай қолтаңба 23-қаңтар қолтаңба күні саналады
Т - тез жазатын адамдар жылдам ойлайды
Б - бүкіләлемдік қолтаңба күні 23 қаңтар
К - криминалистика графология ғылымымен тығыз байланысты
Ж - Жоғары көтерілген таңба оптимисттікті білдіреді
4. Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқау
Коуч психографологияның мәнін ашу үшін арнайы рөлдік-сюжетті қойылым дайындайды. Білім алушылар сюжеттік рөлдерді орындайды. <<Қылмыскер кім?>> деген тренинг жүргізіледі. Берілген сюжетті жаяғдаятың мәнін шешеді.
Бейнежазба бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізіледі. Жағдаяттың құпиясы ашылады.
Кері байланыс жүргізіледі.
5. Тақырыпқа байланысты тәжірибелік жұмыс
Автограф, қолтаңба (Үлгі:Lanh-el -- өзім және grapho -- жазамын) --
1. адамның өз қолымен жазған сөзі немесе қойылған қолы, мысалы, жазушының оқырманға берген қолтаңбасы;
2. автордың өзі жазған қолтаңбасының мәтіні. Автограф арқылы шығарманың канондық мәтіні анықталады, ол жазушы, ғалым немесе тарихи қайраткер шығармашылығын зерттеу кезінде бағалы материал бола алады. Автографтарды жинау және сақтау мәселесімен архивтер, кітапханалар және музейлер айналысады. Автографтарды жеке адамдар да жинайды.
3. Қ ы л м ы с к е р л е р д і ң автографы (ауыспалы мағынасында) -- қылмыс жасаушының өзіндік әдіс-тәсілі.
Қолтаңбаға біз көбіне немқұрайлы қараймыз. Ал қолтаңбаның біздің өмірімізге тікелей байланысты екенін біле бермейміз. Мектеп кезінде өзімізге таңдап алынған қолтаңбамыз бізбен бірге азғана өзгерістермен ғана өмір бойы қандай да бір жағдай болмасын бізбен бірге қатар жүреді. Ойланып қарайық, сонда өз қолтаңбамызға немқұрайлы қарауға бола ма екен? (оқушылар пікірі)
Тағы бір қызығы, қолтаңба арқылы ешбір сөз айтпай-ақ қолтаңба қоюшы адам туралы көп мәлімет алуға болатынын білесіздер ме? Алдымен тарихқа үңілейік. Экранға қарайық: (деректер)
Графология ғылымының мамандары көп жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша Қолтаңба адамның ішкі көңіл күйінің өзгеруін айқындайды деген тұжырым жасады. Сонымен қатар, қолтаңба өзгерген сайын адамның өзі де өзгеретінін дәлелдеген. Мысал келтірейін:
Моргенштерннің 1903 жылы шыққан <<Психографология>> атты кітабында Наполеонның шайқастан кейінгі бұйрықтарға қойған қолдарының үлгісі көрсетілген екен. Оның әр жылдары қойған қолдары оның қөңіл - күйі, статусы өзгергендегі күйін айқындап тұрған екен. (слайд арқылы көрсетіледі):
:: Наполеонның Артиллерия капитаны шеніндегі қолтаңбасы: (1793 жыл)
:: Наполеон - император (1804 ж.)
:: Аустерлицтегі жеңістен кейінгі қолтаңбасы (1805 ж.
:: Москва түбіндегі шайқастан кейінгі қолтаңбасы (1812 г.)
:: Ресейден шығар алдындағы қолтаңбасы (1812 г.)
:: Лейпцигтегі шайқастан жеңілгеннен кейінгі қолтаңбасы (1813 г.)
:: Әулие Елена аралына айдалған кезіндегі қолтаңбасы (1815 ж.)
Қазір әр топ мүшелері қағаз бетіне бір тілек жазып астына қолын қойсын.
Енді қолтаңба арқылы адамның мінезін анықтауға болады деп айтып едім ғой
Қолтаңбаның үлкендігі
А) кең құлаштылық - ауқымды мәселелерді ғана ойлап, оларды талдағанды жақсы көреді;
Ә) шағын - деректі ұғымдардың аясында ғана ойлайды.
2. Қолтаңбасының ұзақтығы
А) барынша созылыңқы - мәселелерді тереңінен ойлайды. Жақын немесе бейтаныс адамдардың ісіне рұқсатсыз араласқанды жақсы көреді;
Ә) қысқа - мәселенің төркінін бірден анықтайды. Бір іспен ұзақ айналысқанды ұната бермейді.
3. Қолтаңбасының түрі
А) дөңгелек - жұмсақ, мінезі жібектей, аса мейірімді, салмақты;
Ә) әріптерінің бұрыштары үшкір - шыдамсыздық, қатаңдық, тәуелсіздік, қыңырлық.
4. Әріптерінің ара-қашықтығы
А) әріптер бір-бірінен алыс орналасса, ысырапшыл, бірақ қолда барын өзгеден аямайды;
Ә) әріптері бір-біріне тығыз орналасса - үнемшіл, сараң (әсіресе, әріптер кішкене болса).
5. Қолтаңбаны қоюдағы қосымша элементтер
А) дөңгелек - идеялар мен шешілмеген мәселелердің аясында қалып қою;
Ә) ирек сызықтар - қыңырлық пен байқағыштық;
Б) суреттер - шығармашылық қабілет.
6. Қолтаңбаның қағаз бетінде орналасуы
А) сол жаққа еңкейіңкі - өз-өзін өзгелерге таныта білетін және қоғамдағы пікірлермен келісе бермейтін адам;
Ә) оң жаққа еңкейіңкі - барлығына түсіністікпен қарау, мінездің тұрақтылығы;
Б) әріптер тік орналасса - ұстамдылық, ақыл, қайтпас қайсарлық;
В) Қолтаңбаны әр кез әр түрлі бағытта қоятындар - тұрақсыздық пен зымияндық;
Г) жатыңқы орналасқан әріптер - маңызды психологиялық ауытқуларды білдіреді.
7. Қолтаңбаның бағыты
А) жоғары - оптимизм;
Ә) төмен - пессимизм;
Б) біркелкі - тұрақты мінез.
8. Соңғы таңбаның ұзақтығы
А) соңғы таңбаның қысқалығы талғамсыздықты көрсетсе, керісінше ұзарта түсетін адамдар байқампаз, жан-жағын үнемі бақылап жүретін жандар.
9. Қолтаңбаның астын сызу
А) төменгі бөлігін - кекшілдік, өзін-өзі жақсы көру, өзгелердің пікіріне тәуелділік;
Ә) жоғарғы бөлігі - мақтаншақтық, атақ-абыройды сүю.
Б) қолтаңбаның өзін сызу - өз-өзіне көңілі толмаушылық.
10. Симметрия
А) симметриялы - адалдық;
Б) симметрияға мән бермеу - тұрақсыздық,
11. Күрделілігі мен қарапайымдылығы
А) қарапайым - бұл адам <<менде қиыншылықтар жоқ>> ұстанымымен өмір сүреді;
Ә) күрделі - түймедейді түйедей етуге құмар жандар;
Б) ерекше - шығармашылық белсенділігі зор.
12. Түсініктілігі
Қолтаңбасы түсініктірек болған сайын, ол адамның мінезі ашық жарқын келеді.
13. Қаламды ұстауы
А) тым қатты ұстап жазатындар - ашуланшақ;
Ә) солғын - құпиялылық;
Б) қатты батырып жазу - өзіне деген сенімділік.
2. Енді алдарыңа қолтаңбаның кейбір үлгілерін берейік. Психологтың айтқанын ескере отырып, өз мінездеріңді анықтаңыздар. (әр топқа қолтаңба үлгілері беріледі)
1. Жоғары қарай көтерілген қолтаңба адамның ширақ, оптимист, қозғалғыш екенін көрсетеді
2. Тігінен жазылған қолтаңба адамның тұрақты, салмақты екенін көрсетеді
3. Төмен қарай түсірілген ол адамның пессимист екенін, сенімсіздігі басым, өмірге және жұмысына қанағаттанбайтындығын білдіреді.
4. Ірі әрі жайлып қойылған қолтаңба адамның өзімшілдігі басым , күнделікті қарапайым өмірмен көп келіспейтіндігін көрсетеді.
5. Фамилиясының бастапқы әрпімен басталатын қолтаңба қарапайымдылықты көрсетеді.
6. Қолтаңбаның басында адамның атының бастапқы әрпі, содан кейін фамилиясы тұрса, онда іскер, жауапкершілігі мол, ойшыл деп түсініңіздер.
7. Алдыңғы әрпі түсініксіз болса, онда ол адамның тұйық, сенімсіздігі көп, досты таңдай білетіні көрінеді.
8. Егер де қолтаңбада біркелкі штрихталған әріптердің қайталануы көп болса, онда сіз өте белсендісіз, әртүрлі қызметтен өзіңізге керегін дұрыс таба аласыз.
9. Қолтаңбада қосымша элементтер болса (штрихтер, ілмектер, өрнектер), онда сіздің тапқырлығыңыз басым.
10. Қолтаңбаңыздағы бастапқы әрпіңіз не қолтаңбаңыздың түгел әрпі қисынсыз әрі өте көп әшекейленсе, онда сізде эгоизм, өзімшілдік басым болғаны.
11. Ешқандай көркемдеусіз қойылған қолтаңба - адамның тәрбие көрген , мәдениетті екенін білдіреді.
12 Қолтаңбаңыз тіке келіп соңында төменге қарай ширатылса, онда сіз белсенді, тәуекелге баратын, батыл, қарамаңыздағы адамдарға қатал болғаныңыз.
13. Қолтаңбаңыздағы соңғы сызығы бастапқы әріпке қайта қосылса, ол қолтаңба иесінің эгоист, ешкімге сенбейтін. Тұйық адам екенін білдіреді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолтаңбасын қарап зерттеу жүргізейік
Рефлексия
Өз қолтаңбасын өзгертемін немесе алдағы уақытта қолтаңба жөнінде ойланамын деген адам болса қолдарын көтерсін. Неліктен олай шештіңіздер?
Қазір алдарыңыздағы жатқан қағаздағы екі қорытындының қасына өз қолдарыңызды қойып кетіңіздер.
6. Сергіту сәті
Білім алушылар қара түсті шарды үреді. Іштегі негативті энергетикасын шығарып ұшырады. Шарға ә аріптер бар. Сол кескіндемеден сөз құрайды.
7. Сабақты қорытындылау, тәжірибелік жұмыстардың орындалуын тексеру және түсінік бере отырып бағалау
<<Бес саусақ>> әдісі арқылы өз ойларыңызды білдіру. Яғни бүгінгі сабақта тиісті білімді меңгергендігіміз, жалпы сабақтың қалай өткені туралы білім алушылар өз бағаларын беріп сабақты қорытындылауларыңызды сұраймын. Сонымен бірге қолдарыңызды көтеру арқылы бағалап берсеңіздер.
Б - білдім
С- сездім
О-ойландым
Ш - шештім
К - келісемін
8. Үйге тапсырма беру
Әр білім алушы өз қолтаңбаларына қарап мінездеме дайындау
Қолтаңба туралы не білеміз?
Тақырыбы: Қолтаңба туралы не білеміз? (Жоғары сынып оқушылары үшін)
Мақсаты: Қолтаңба туралы мәлімет беру; әр адамның қолтаңбасының өзіндік ерекшелігі барын түсіндіру;
Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі. Қатысушы оқушылармен амандасу.
Мұғалім: Әрбір адам - жеке тұлға. Әр адамның өзіндік мінезі мен талғамы бар. Сонымен қатар әр адамның қолтаңбасының өзінде ерекшелік бар. Жалпы , қолтаңба туралы не білесіңдер? (әр топ кластер әдісі бойынша қолтаңба туралы толтырады, қорытындылайды)
Мұғалім: Жақсы, ал енді қолтаңба жайында сөздіктен оқиық.
Қорытындысы бойынша оқушылардың өздері сөйлейді.
ІІ. <<Қызықты деректер сөйлейді>>
Қызықты деректерді әр топ үйден дайындап алып келген болатын . соны тыңдалық. (презентация)
1 топ: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қолтаңбасын қарап оның іскер, жауапкершілігі мол, ойшыл екенін бүгінгі қолтаңба арқылы мінезді анықтау үлгілеріне қарап осындай шешімге келдік. Шынымен де мінезіне дәл келеді екен.
2 топ: Қол жазуының тарихы осыдан мыңдаған жыл бұрын пайда болған. Бүкіләлемдік қолтаңба күні де бар екен. Ол 23 қаңтарда. 23 қаңтарда Тәуелсіздік Декларациясына алғаш болып қол қойған америкалық қоғам қайраткері Джон Хэнкок туылған екен. Ғасырлар бойы адамдар қолтаңбаға қарап адам мінезін анықтауды да тоқтатқан емес. Алайда қазіргідей дамыған заманда азаматтардың өз ойын қағаз бетіне қаламмен түсіруі қалып барады. Ал елімізде қол жазуы азаю салдарынан бүтін бір саланың жұмысы жойылып кету қаупі басым.
3 топ: Атақты ұлы адамдардың қолтаңбалары өте қымбатқа бағалануда. Мысалы:
:: Эйнштейннің қолтаңбасы бар інжіл бәссаудада 68,5 мың долларға сатылды
:: <<Битлз>> альбомы, яғни топтың барлық төрт мүшесі қол қойған күйтабақ АҚШ-та өткен бәссаудада 300 мың долларға сатылды. Бұл оның бастама бағасынан 10 есе асып түсті.Бәссаудашылардың мәліметінше, 1967 жылы шыққан Sergeant Pepper's Lonely Hearts Club Band паластинкасының бұл данасы өте жақсы сақталған көрінеді және оны американдық коллекция жиюшы Интернет арқылы сатып алған.
:: Алматыда әйгілі Англия футбол құрамасы ойыншыларының қолтаңбалары жазылған доп 890 мың теңгеге сатылды. Аукцион жұмысын бастағалы >>Komanda SOS>> орталығына 7 адам келіп, допты сатып алуға ниет білдірген. Әлемге әйгілі футболистердің қолтаңбалары бар доптың бастапқы бағасы 3000 доллар еді. Допқа өз қолтаңбаларын Девид Бекхэм, Эшли Коул, Стивен Джеррард, Уэйн Рунни, Метью Апсон қалдырған.
Рефлексия. Қорытынды

Қазір алдарыңыздағы жатқан қағаздағы екі қорытындының қасына өз қолдарыңызды қойып кетіңіздер. Рахмет!
:: Бұл шарада мен көп қызықты да қажетті мәліметтер алдым
:: Бұл шарада өзіме ешқандай жаңа мәлімет алған жоқпын.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz