Өзін-өзі тану сабақ жоспары: Ар-ұждан - адамдық белгісі

МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
(оқу орнының атауы)
Сабақ жоспары/Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)
- Сабақтың тақырыбы
- өмірлік жағдайлардан адамгершілік сабақтарын анықтайды;
- мәселелерді шешуде адамгершілік таңдау жасаудың қажеттілігін түсінеді.
Барлығы: - өз қалауын міндеттері және жауапкершілігімен қалай теңестіру керектігін сипаттайды;
Басым бөлігі: - «ар-ождан», «жауапкершілік» ұғымдарына анықтама береді;
Кейбіреуі: - тарихтан саналы өмірлік жағдаяттарды талдайды.
- Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /Жұбатова Л. С., Әкімбаева Ж. Ж., Нұркеева С. С. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
- Өзін-өзі тану: Оқушы дәптері. Акимбаева Ж. Ж., Джубатова Л. С., Нұркеева С. С. / 10-сынып. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019. - 98 б.
- Техникалық жабдықталуы
Дәйексөз: . . . Жайнар көңіл, қайнар өмір, Ар ілімі оқылса. Шәкәрім
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар және сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ар, Ұят, Намыс
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен-кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды.
- Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, - дейді Ұят.
-Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың істеріне жауапкершілікті сезіндіремін, - дейді Ар.
Сонда Намыс тұрып:
- Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныбы, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілікті сезіндіремін, - дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп:
- О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді-бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар, деп бата беріпті. Содан бері намыс - ағасы, ар - інісі, ұят - кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.
Әңгімеде қандай қасиеттер туралы айтылады?
Олардың құндылық ретіндегі мәнін