8-сынып тәрбие сағаты: Достықтың мәні және дұрыс әрекет құндылығы

Мектеп № 49 Мерзімі: 9. 12. 16ж
Сабақ№ 13 Тақырып: Іздегенде табылатын қасыңнан . . .
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік, өзара сыйластық, адалдық
Мұғалiм : Жандарбек Амангүл Сынып 8 «Ә» сынып
Оқушылар саны : 24
Сабақ мақсаты :оқушыларға адам өміріндегі достықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға достық ұғымының мәнін түсіндіре отырып, жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушыларды өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсінік қасиетін дамыту ;
Тәрбиешілік : оқушыларды достық жолында адалдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Қайырлы таң, оқушылар!
Күніміз сәтті болсын!
Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрі сондай қуанышты, тамаша күн!Бір-бірлеріңізге қарап, көңілдеріңіз жайдары, ақжарқын екенін байқап тұрсыздар ма?
-Әрине, көңіл күйіміз жақсы.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Менің сыныбым-менің ұжымым» плакат жасау.
Дәйексөз.
«Жақсыменен дос болсаң-жетерсің мұратқа,
Жаманменен дос болсаң-қаларсың ұятқа.
1. Достық сезімі қалай пайда болады?
2. Достар арасын жақындастыратын қандай қарым-қатынастар?
4. Оқиға айту. Достық туралы тақырып бойынша бүгінгі тарбие сағатында ой-пікірімізді бөлісеміз. Қазақта мынадай мақал бар «Дос көңілі шарайна, сындырып алма абайла» бұл ұғымның мәні терең. Мына бір әңгімеге назар аударып көрейік. «Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
- Дұрыс -ақ. Енді оны қалай ажырата аламыз дегендерге:
- Адал достық- өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады- деп жауап берген екен. »
: 1. Жақсы дос қандай болады?
2. Менің достарым көп болу үшін мен не істеуім керек?
3. Жаман дос қандай болады?
«Екі дос» аңыз-әңгіме
1. Аңыз әңгіменің идеясы неде?
2. Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?
3. Достық деген не?Оны қалай түсінесіңдер?
4. Достың көп болуы мүмкін бе?
5. Кез келген адаммен дос болуға, оған сенім артуға бола ма?
Мәди де өзінің «Қаракесегінде » «Дос болып, қас болғаннан сақта құдай»
4. Шығармашылық жұмыс.
Топқа бөлу ай аттарымен.
1топ: «Сүйіспеншілік»
Нағыз дос қандай болу керек?
2 топ: «Дұрыс әрекет»
Жағдаятты сахналап көрсету.
3 топ: «Қиянат жасамау»
«Адал дос» эссе жазу.
4 топ: «Ішкі тыныштық»
Досымды ренжітіп алсам . . . (сөйлемді аяқтау және 4 сөйлем құрастыру)
5. Топпен ән айту.
«Жан досым»
1. Іздегенде табылатын қасымнан,
Көңілім бар қызғалдақтай ашылған.
Көріспесек сағыныштан жүдейтін
Кім бар екен бала күнгі досыңнан.
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әр қашан жемісіңді көрейін,
Сырымыз да бітпесін,
Жырымызда бітпесін, жырымызда бітпесін.
2. Қос бұтағы секілденіп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан ашты.
Жол тапсақ та бірге жүріп жол тапты
Адассақ та бірге жүріп адасты.