5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Өлі табиғаттағы үдерістер (заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)

Сабақ жоспары Бекітілді
Оқу ісі жөніндегі орынбасары:А. Берсігүрова
5. 3 АТірі және өлі табиғаттағы үдерістер.
Өлі табиғатта болатын үдерістер (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)
Оқушылар орындай алады:
- Өлі табиғатта болатын үдерістерді атайды (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)
Барлық оқушылар: Өлі табиғат ұғымын біледі, түсінеді;
Оқушылардың көбі: Өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер) ;
Кейбір оқушылар: Өлі табиғатта болатын үдерістердің себептерін түсіндіреді (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер) ;
- Өлі табиғат ұғымын біледі, түсінеді;
- Өлі табиғатта болатын үдерістерді атайды;
Оқушылар орындай алады:
- Өлі табиғатта болатын заттардың айналымы мен тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістерді атайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
«Өлі табиғат», « үдерістер», «табиғатта заттардың айналымы», «тау түзілу», «үгілу», «климаттық үдерістер», «себеп-салдарлар»
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы
Өлі табиғатта болатын үдерістерге жатады . . .
Тау түзілу үдерісі . . .
Үгілу үдерісі . . .
Климаттық үдерістерге . . . жатады.
Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарлары: . . .
«Мәңгілік ел» құндылығы: жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандық қатысуы
Мектеп құндылығы: ынтамақтастық, сыйластық, еңбек және шығармашылық
АКТ
қолдану дағдылары
Басы
0 - 2мин
6-15 мин
16 - 22мин
23-29 мин
30 - 34 мин
Сабақ соңы
35-40 минут
Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Оқушылармен амандасып, көңіл - күйлерін қалыптастыру.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау
Оқушыларға тірі және өлі табиғатқа қатысты суреттерді көрсету, оларды топтастыруды өтіну.
«Ой қозғау» әдісі - Оқушылар табиғатта болатын үдерістер туралы білімдерін ортаға салады.
Оқушылар табиғатта заттардың айналымы туралы ақпаратпен танысып:
1) тау түзілу,
2) тау үгілу,
3) климаттық үдерістер.
олардың бір-бірімен байланысын ашады.
Топтық жұмыс. Оқушыларды топтарға, тақырыппен байланысты (тау, климат т. б. ) карточкалармен бөлуге болады. Әр топтың өз тақырыпшасы болады. Оқушылар өз тақырыбы бойынша ойларын ортаға салады. Және тақырыптарының байланысын анықтайды. Өз ойларымен бөліседі.
Оқушылар табиғаттағы үдерістердің өзара байланысы туралы ой қорытындылайды.
Құндылықтармен байланыс . . . Еліміздің географиясының аясында мысал келтіру. ҚР қазіргі таңдағы жер ресурстарының хал - жағдайын айта отырып, құндылықтарға негіздеу.
(І) «Тірі және өлі табиғат» ойыны (рефлексия) .
Бүгінгі негізгі ұғымдарға байланысты сұрақтар топтамасы. Егер жауап дұрыс болса қолмен бір рет шапалақтайды, егер қате болса аяқпен бір рет жерді тебеді.
Үйге тапсырма:
Тірі және өлі табиғат туралы:
https://www. youtube. com/watch?v=UM-929YM7p0
https://www. youtube. com/watch?v=d9tiTrzCcxI
үгілу туралы видео:
https://www. youtube. com/watch?v=ZDwDW_BLhO8
«Мәңгілік ел» құндылығы: жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандық қатысуы