Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары
Бөлім:4
Әсемдік әлемінде
Педагогтің аты-жөні
Абенова Зухра Кенесовна
Күні:
Сынып: 2
Қатысушылардың саны:
Қатыспағандардың саны:
Сабақтың тақырыбы №25
Біз өсіп жатқан өлке
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттар
Өз өлкесінің мәдени құндылығы мен шабыттың қайнар көзі ретінде табиғат туралы түсініктері бар; жасыл желектерге, құстарға, жануарларға ұқыпты қарайды.
Құндылық:
Сүйіспеншілік
Қасиеттер:
Бауырмалдық, қамқорлық, отансүйгіштік
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға еліміздің тарихына құрмет танытып, бүгінгі күніне жауапкершілікпен қарауды үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
-Оқушыларға «татулық», «бірлік» ұғымдары туралы түсінік беру;
-Оқушылар бойындағы бауырмалдық, қамқорлық қасиеттерін дамыту;
-Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
(1мин)
1. Жағымды көңіл күй
(1-1, 5мин)
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
5 «Т» ережесін еске түсіреді.
Шаттық шеңбері
Қазақстан - туған жер,
Сені қатты сүйемін.
Көлдер, таулар, даламды,
Отаным деп білемін!
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
5 «Т» ережесін еске түсіріп, шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын хормен қайталайды.
2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелесу)
(3-5 мин)
Оқулық №25-сабақ 84-85 беттегі «Қарлығаш би» әңгімесін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Төле бидің елінен, жерінен көшпей отыруына не себеп болды?
2. Төле би ел-жұртын жаудан қалай қорғап қалды?
3. Мәтіннен қазақ халқының бейбітшіліктің, тыныштықтың мекені болғанын көрсететін жерлерін тауып, баяндап беріңдер.
4. Жауды Төле бидің қандай қасиеті кері шегіндірді?
5. Елді, жерді қалай қорғап, көркейтуге болады деп ойлайсыңдар?
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (әңгімелесу)
(2-3мин)
Отанды сүю отбасынан басталады.
Мақал
Сұрақтар:
1 . Сендер туған жерге қандай қадір-құрмет көрсетіп жүрсіңдер?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
Мұғалім оқушылармен бірге дәйексөзді оқып, бірнеше рет бірге қайталайды. Мұғалім дәйексөз бойынша сұрақтар қояды және дәптерге жазуды ұсынады.
Оқушылар мұғаліммен бірге дауыстап оқып, қайталайды. Дәйексөз бойынша сұрақтарға жауап береді, сұрақтар арқылы мағынасын талқылайды және дәптерлеріне жазады.
Дәйексөз арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктің отбасынан бастау алатындығын түсінеді.
Презентация, слайд.
Жұмыс дәптерлері.
Мұғалім оқушыларға сый ретінде «Көк ту және достар» мультфильмін көрсетеді.
Сұрақтар:
1. Қазақстан қандай ел және онда мекен ететін басқа ұлт өкілдерінің достығы туралы не айтар едіңдер?
2. Қазақстанның бақыты-оның көпұлттылығында дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Өз елінің патриоты болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп ойлайсыңдар?
4. Туған еліне риясыз жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Өздерің тұратын өлкенің көркеюіне қандай үлес қосып жүрсіңдер?
5.
Шығармашылық жұмыс
Мұғалім оқушыларды үш топқа бөліп, шығармашылық тапсырмаларды орындауға береді.
1-топ тапсырмасы: Сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.
Жер-біздің ортақ үйіміз, өйткені
Мен өз туған өлкемді сүйемін, өйткені .
Мен үшін Жер-ана . . .
Табиғатпен тіл табыса білу керек, себебі . . .
Жер - ананы аялау керек, өйткені . . .
2-топ тапсырмасы: «Жер біздің ортақ үйіміз» тақырыбына коллаж жасау.
3-топ тапсырмасы: «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында эссе жазу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz