Алғыс айтамын: оқушыларды ризашылыққа, ізгілік пен әдепке тәрбиелеу

Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия» КММ

«АЛҒЫС АЙТАМЫН»

Тақырыбы: Алғыс айтамын

Мақсаты : Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Қажетті құралдар : жүрекшелер, смайликтер, карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар.

1. Сәлемдесу . Оқушылар шеңбер жасай тұрады.

Мұғалім : Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір - бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

- Ал қане, шаттық шеңберін құрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды ала қойыңыздар. Енді екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір - біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі смайликтің суреті тұрса, қолдасып амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап амандасып, тілек айту керек.

2. «Өз ойыңды білдір»

Мұғалім : Олай болса, келесі бізде сұрақтар болады, сол сұрақтарға өз ойымызды білдіреміз.

1) Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?

2) Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

3) Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты ?

3. «Жаныңда жүр жақсы адам . . . »

Мұғалім : Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы - алғыс айта білу…

Анаға - өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге - қорған болғаны үшін,

Ұстазға - сарқылмас білімі үшін,

Сөзге - жанды жылытатыны үшін,

Күнге - шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға - қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа - құшағы мен иығы үшін,

Әжеге - ыстық алақаны үшін,

Суға - тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге - махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа - жылулығы үшін. .

4. «Жалғасын тап»

Мұғалім : Мен мақал-мәтелдерді бастаймын, сендер жалғастырасындар.

1. Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас.

2. Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.

3. Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.

4. Қағынған қарғыс алар, Қарасқан алғыс алар.

5. Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің.

6. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

7. Алғыс алған шеккі емес, Қарғыс алған көктемес.

8. Адамдықтың нұры бол, Адалдықтың құлы бол.

9. Жақсыдан жылы сөзіңді аяма.

10. Ел алғысын алсаң, Елеулісі боларсың.

11. Құр алғыс азық болмайды.

12. Жақсылық еккен алғыс орады.

8 . Қорытынды .

Қазір мен жүрекшелер беремін. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, жүрекшені беріп отырамыз.

Мұғалім : Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу, жақын адамдарымызға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

Қоштасуға ж. рекшені алған себебіміз, әрқашанда жүректеріңізде ыстық махаббат, мейірім, сыйластық болсын деген ниетпен бүгінгі сынып сағатымызды аяқтайық. Барлықтарыңызға алғысым шексіз!


Ұқсас жұмыстар
Жақсылық пен жамандық: оқушыларды адамгершілік пен әдепке тәрбиелеу сабақ жоспары
Тәрбие сағаты: Ағалар ақылы - кішіпейілдік пен әдепке тәрбиелеу
Ізгілік пен кешірімділік: адамгершілік тәрбиесінің негіздері
Жақсылық - жан азығы: өзін-өзі тану пәніндегі адамгершілік пен ізгілік тәрбиесі
1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағаты: бірлік пен ризашылық
10-сыныпқа арналған Жұлдызым менің жоғары тақырыбы: ізгілік, сенім және дұрыс әрекетке тәрбиелеу
Кітаптың рухани мәні және оқушыларды кітапқа тәрбиелеу
Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру және салауатты өмір салтын тәрбиелеу
Дене тәрбиесі сабақтарында интерактивті әдістер арқылы оқушыларды тәрбиелеу
Ашық тәрбие сағаты: Табиғатты аялауға оқушыларды тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz