10-11 сыныптарға арналған стандартты емес математикалық есептерді шешу таңдау курсының оқу бағдарламасы

«Математикадан стандартты емес есептерді шешу»
таңдау курсы бағдарламасы
Түсінік хат
Бұл «Математикадан стандартты емес есептерді шешу» таңдау курсы математикадан 10-11 кластарға арналып жасалды.
Сағат саны 10 класта аптасына 1 сағат барлығы 34 сағатқа (11 класта аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат) арналып жасалды.
Сондықтан да оқушыларды ҰБТ -ға дайындауда, жоғары оқу орнына түсулеріне, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру, математикалық білім деңгейін тереңдету, математикалық мәдениет деңгейін көтеру және оларды болашақ маман ретінде даярлау үшін математика ғылымының салаларын тереңдетіп оқытудың ролі ерекше.
Таңдау курсы негізгі курс бағдарламасын тереңдетіп оқытуға арналған.
Мақсаты :
- Оқушылардың ойлау қабілетін қиындығы жоғары логикалық есептер арқылы дамыту
- Жоғары математика теорияларын оқып үйрене отырып, қиындығы жоғары есептерді шығаруға үйрету;
- Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту, жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруға ықпал жасау.
Міндеті: Есептерді шығаруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану білу және тиімді, ықшамды жолмен шығаруға ынталандыру, оқушылардың бойында өзбетінше ізденулерін, пәнге қызығушылықтарын, шығармашылық ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін, біліктілікке құштарлықтарын, қабілетті балаларды жетілдіруді қалыптастыру
Бағдарлама мазмұны төрт тақырыптан тұрады( 2 тақырып 10 сыныпта, 2 тақырып. - 11 сыныпта оқытылады) :
- Алгебралық теңдеу, теңсіздік және олардың жүйелері (16 сағат)
Бұл тақырыпта алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешудің негізгі принципі мен әдістері (сызықтық, квадраттық, рационал, бөлшек-рационал, модулі бар) . Негізінен параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктерге көңіл аудару керек.
- Тригонометриялық теңдеу, теңсіздік және олардың жүйелері (15 сағат)
Тригонометриялық теңдеу, теңсіздік және олардың жүйелерін шешудің негізгі принципі мен әдістері.
Әсіресе тригонометриялық теңдеулердегі түбірлерді таңдау ережелеріне, параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу, параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктердегі бағалау әдістеріне көңіл бөлу.
- Иррационал, көрсеткіштік және логарифмдік теңдеу, теңсіздік және олардың жүйелері (16 сағат) . Иррационал, көрсеткіштік және логарифмдік теңдеу, теңсіздік және олардың жүйелерін шешудің негізгі принципі мен әдістері.
Негізінен аралас типтік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге және параметрлері бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге көңіл бөлу.
- Стандартты емес теңдеу, теңсіздік және олардың жүйелері (15 сағат) .
Резервтік сағат - 6 сағат.
10 класқа арналған «Математикадан стандартты емес есептерді шешу »
таңдау курсының күнтізбелік жоспары
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№
урока
11 класқа арналған «Математикадан стандартты емес есептерді шешу»
таңдау курсының күнтізбелік жоспары