Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары: Ұлттық және отбасылық құндылықтар, фонетика - мәтіннен нақтылау сұрақтарын құрастыру және орфографиялық пен пунктуациялық қателерді түзету

  1. - тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

2- Бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика».

Оқу мақсаты

6. 2. 5. 1 - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

6. 3. 6. 1 - мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау.

Оқу мақсаты: Бағалау критерийі
6. 2. 5. 1 - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;6. 3. 6. 1 - мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау.:

Білім алушы

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады;
  • Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялайды.
Оқу мақсаты: Ойлау дағдыларының деңгейі
6. 2. 5. 1 - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;6. 3. 6. 1 - мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау.: Қолдану
Оқу мақсаты: Орындау уақыты
6. 2. 5. 1 - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;6. 3. 6. 1 - мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау.:
  1. Минут
Оқу мақсаты:

1-тапсырма.

Мәтінге сүйене отырып, негізгі және қосымша ақпаратты көтерілген мәселені анықтауға бағытталған бірнеше нақтылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Ұлттың да, мемлекеттің де ұйытқысы - отбасы. Біз әрқайысымыз бір-бір отбасының өкіліміз. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен өсу-даму бағыты тікелей ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Елімізде отбасы ұғымы абыройлы, асқақ түсінікті ұғым. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың «Бала ата-ананың тағылымы арқылы өседі» деген ұлағатты сөзін әр отбасы бойтұмарына айналдыруы керек.

Отбасы - ең алғаш баланың қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік орта. Отбасы баланың тұлғалық қасиетіне негізін қалайды. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасының жылуы мен берекесі ананың ақылы мен парасатында. Болашақ ұлт тұлғаларының ұжданы мен келбеті ананың жүрегі мен әкенің қамқорлығында. Отбасы атқарар маңызды шаруаның үлкені - ұлтжанды елінің патриотты азаматын тәрбиелеу. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі - ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.

Қазақ халқында отбасы - киелі орын, қасиетті ұғым болып табылады. Отбасы- тек ошақ қасы ғана емес, ол ең алдымен отанның ошағы. Отбасы жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

Негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар
Қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар
Көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар
Негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар: 1
Қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар:
Көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар:
Негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар: 2
Қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар:
Көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар:

2-тапсырма. Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді және редакциялай отырып қайта жазады.

Ынтымақты отбасы

(Өсиет әңгіме)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүрүпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым болып бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруді елді таңқалдырады. Оларда ұрұс - керіс дау - жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ - ғарасын білгісі келіп, ауылға келеді.

Ауыл тап таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патша отпасының қалайша бақытты тату тәті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ауыл ақсақалына келіп, отбасының татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет "сүйіспеншілік", жүз рет "кешірім", жүз рет "бірлік" деп қағазға жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң ғалып
- Осы - ақ па
Иә, - деді ақсақал - Барлық жақсылық, барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады, - деді де сәл ойланып, және "шыдамдылық" деген сөзді қосып қойды.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып: Жаһандану мен шет тілдерді үйрену - мәтіннен нақтылау сұрақтары құрастыру және интеллектуалды карта құру
Жаңартылған бағдарламаға сәйкес 7-сынып физикасының бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары (оқу-әдістемелік құрал)
2-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу пәнінің тоқсандық жиынтық бағалауы үшін әдістемелік ұсыныстар
5-сыныпқа арналған Информатика пәнінің тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
2-сыныпқа арналған Жаратылыстану пәнінің тоқсандық жиынтық бағалау әдістемелік ұсыныстары
Бастауыш сынып оқушыларының мазмұндама мен шығарма жұмыстарындағы қателерді түзету әдістемесі
2-сыныпқа арналған Дүниетану пәнінің тоқсандық жиынтық бағалауы бойынша әдістемелік ұсыныстар
Менің жанұям: Отбасылық тәрбие, ата-ана рөлі және ұлттық құндылықтар
11-сынып Қазақ тілі: Қазіргі қоғам - миграция және зияткерлік миграция (шешендік сөздер) бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары мен бағалау критерийлері
2-сыныптың Жаратылыстану пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz