Металдардың оттегімен және сумен әрекеттесуі мен коррозияға әсер ететін факторлар

8. 2. 4. 1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8. 2. 4. 2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;
8. 2. 4. 3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;
Барлық оқушылар:
- кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын біледі;
- белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттай алады;
- металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеп, анықтайды;
Оқушылардың басым бөлігі:
- металдар коррозиясының туындауына әсер етуші факторларды анықтай алады;
Кейбір оқушылар:
- металдардың оттекпен, салқын, ыстық сумен немесе бумен химиялық реакция теңдеулерін құрастыра алады.
-кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын біледі
- металдарды кернеу қатарына сәйкес оттегімен және сумен реакция теңдеуін құрастыра алады
- металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін факторларды анықтайды;
Сабақтың басы
(6мин)
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
1. Ширату: « Айырмашылығы неде? » әдісі
Оқушыларға екі-екіден суреттер көрсетіледі. Суреттердің арасындағы айырмашылықты табу керек. Жауаптарын дəлелдеп отырады.
Сұрақ
- неге біршама уақыт өте келе металдан жасалған заттар осындай өзгерістерге ұшырайды?
-тарихи мұражайларға барған кезде, біз түрлі металл экспонаттарын кездестіре аламыз. Біздің қазіргі уақытқа дейін олар қалай сақталған?
Белсенді және орташа белсенді металдар ауадағы оттекпен, сумен белсенді емес металдарға қарағанда тез әрекеттесіп, тотығады.
Болжау стратегиясы арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақтың тақырыбы: “ Металдардың оттегімен және сумен әрекеттесуі”
Сабақтың ортасы
(36мин)
(20мин)
(9мин)
(7мин)
2. “Ирек “әдісі
Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі. 3 топқа жаңа тақырыпбойынша мәтін бөлініп беріледі. Әр топ басқа топ оқушыларына, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады.
1-топ. Металдардың оттекпен әрекеттесуі
2-топ. Металдардың сумен әрекеттесуі
3-топ. Металдардың коррозияға ұшырауы
Топтар бірін-бірі “Басбармақ” әдісі арқылы бағалайды.
3. «Ойлан, бөліс, жұптас » әдісі бойынша төменде берілген элементтердің оттекпен және сумен реакция теңдеулерін жүргізіп, теңестіріңдер
Na+O2=
Cu+H2O=
Ca+O2=
Ca+H2O=
Hg+H2O=
Mg+O2=
Al+O2=
Дескриптор
Білім алушы
-Металдардың оттекпен және сумен реакция теңдеулерін жазып, теңестіре алады .
ҚБ: мадақтау арқылы бағалау
4. Топтық жұмыс :«Металл коррозиясының туындауына әсер ететін факторларды зерттеу»
Мұғалім оқушыларға алдын - ала дайындалған (тәжірибені) сынауықтарды қарауды ұсынады (видеоролик) :
Сынауық №1: темір шеге + дистилденген су;
Сынауық №2: темір шеге + құбыр суы;
Сынауық №3: темір шеге + сұйық май және қайнатылған су;
Сынауық №4: темір шеге + тұз ерітіндісі (натрий хлориді) ;
Сынауық №5: темір шеге + сілті ерітіндісі;
Сынауық №6: темір шеге + қышқыл ерітіндісі.
Оқушылар бақылау нәтижесін жазу және жұмыс парағына қорытынды құрастыруы керек.
Дескриптор
− коррозияға әсер етуші факторларды ажыратады;
− коррозияның зиянды әсерін анықтайды;
− коррозияны болдырмау әдісіне мысал келтіреді.
ҚБ: Шапалақ әдісі арқылы бағалау
Оқулық
Видеоролик
Сабақтың соңы
(3мин)
Бағалау
"Ашық микрофон" әдісі