Сабақ жоспары :: Дене тәрбиесі

Файл қосу

Спортты ал серікке ..


Тақырыбы: Спортты ал серікке ...

Мақсаты: І. Білімділік
Оқушылардың жеке денсаулығы мен
ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру
және дене шынықтыру пәніне қызығушылықтарын
арттыру.
ІІ. Дамытушылық
Оқушыларды тез әрі орнықты қимыл - әрекетке
жаттықтыру, психологиялық процестер
мен адамдық қасиетті дамыту.
ІІІ. Тәрбиелік
Оқушыларды ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы
белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа,
батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Қажетті құрал – жабдықтар: доп, кедергілер, секірме, төсеніш, стол.

Өтілетін орын: спорт зал

Спортты ал серікке ...
(спорттық жарыс)

Барысы: 1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз, марапаттау.
Жарысқа қатысатын 5 а,ә сыныптарынан құралған команда. Әр команданың өз
аттары, өз ұрандары бар.
1. 5а сыныбы – «Жас қыран» командасы
2. 5ә сыныбы – «Сұңқар» командасы.

Жарысты өткізу ережелері:
А) Топты өз орындарына тұрғызу;
Ә) Әділқазылар сайлау.

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі
«Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ, дененің сау
болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы
етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 5а,ә сынып оқушылар арасында
спорттық сайыс өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші: Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз,
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйер де, төреші де өзіңіз.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен
танысайық.
Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Спорттық жарыс ойынының шарттары:
1. Таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады.
2. Мәреге кім бұрын?
3. 3 – ші адам артық.
4. Кім мерген?
5. Допты ойын.
6. Секіртпемен секіру.
7. Кім жылдам?
8. Ептілік
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды
бастаймыз.
Жүргізуші: Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда, - деп, алғашқы ойынымызға
көшейік.

1. «Мәреге кім бұрын?»
Ойын шарты: Мұғалімнің берген бұйрығы бойынша сөре сызығына жүгіріп шығып
жалаушадан айналып, шеңберден өтіп, тура жүгіріп келіп екінші ойыншыға
таяқшаны береді. Ол таяқшаны алысымен сөреден жүгіріп шығып, ойынды
бірінші ойыншы сияқты жалғастырады. Қай команда бұрын бітірсе, сол
команда жеңіске жетеді.
Жүргізуші:Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «3 – ші адам артық»
Ойын шарты: Ортаға 3 стол қойылады. Әрбір командадан 1 ұл, 1 қыздан
шығады. Столды айнала жүріп, ысқырған кезде орындыққа тез отыру керек.
Отырып үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Столды кеміте отырып ойынды
жалғастырамыз.
3. «Кім мерген?»
Ойын шарты: Алдыда тұрған 5 – 6 метр қашықтықтағы шарды жару керек. Ол
үшін алдымен кедергілер арасынан жүгіріп келіп шарды жарады. Қанша шар
жарылса, сонша ұпай жазылу керек.
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.
4. Сайысымыздың келесі бөлімі «Допты ойын»
Ойын шарты: Бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді,
қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады..
5. «Секіртпемен секіру»
Ойын шарты: Белгі бойынша кедергілер арасынан секіріп барып, секіріп
қайтады. Ойыншы сөре сызығына секіріп жетіп екінші ойыншының қолына
секіртпені береді. Ойын солай жалғаса береді. Қай команда бұрын келсе,
жеңімпаз атанады.
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық.
Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
6. «Кім жылдам?»
Ойын шарты: Төсеніштен жүгіріп барып домалау, қайтарда тура қайту.
7. «Ептілік»
Ойын шарты: Екі оқушы допты аяқтарының арасынан түсірмей бір – біріне
беру керек, қайтар жолда допты бастарының арасынан ұстап кедергілер
арасымен келіп ойыншыларға тапсырады. Олай болса балаларсіздерге
сәттілік!

Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымыз
аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.

Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Тұрмағамбет ауылы
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Тасымова Мәншүк

Сыныбы: 5 ә

Сабақтың тақырыбы: Допты кедергілердің арасынан жерге соғып алып жүру

Сабақтың мақсаты: І. Білімділік
Оқушыларға допты кедергілердің
арасынан
жерге соғып алып жүруді үйрету.

ІІ. Дамытушылық
Оқушыларды күш – қуат, ептілік,
шыдамдылық
қасиеттеріне баулу.

ІІІ. Тәрбиелік
Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін
беру,
сенімділік қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, үйрету, көрсету, жаттығу, қайталау.

Сабақтың құрал – жабдығы: кедергілер, доп, ысқырық

Сабақтың өтілу уақыты: 45 минут.

Өтілетін орны: спорт зал.

|Р/с|Сабақтың өтілу барысы |Уақыты |Әдістемелік нұсқаулар |
| | | | |
|І. |Ұйымдастыру бөлімі: |3 минут | |
|1 |Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт | |Оқушылардың дене сабағы|
| |қабылдау. Салемдесу. Түгендеу. | |формаларын тексеру. |
| |Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын | | |
|2 |түсіндіру. | | |
| |Бұрылу әдістерін қайталау: | | |
| |Оңға! | |Тек сол жақпен бұрылу |
| |Солға! | |керек. |
| |Кері айнал! | | |
|ІІ | |15 минут | |
|1 |Дайындық бөлімі: | |Қолды тік ұста! |
| |Айнала жүру және жүгіру: | | |
| |- екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен | |Кеудені, қолды тік |
| |жүреміз; | |ұста! |
| |- екі қол желкеде, өкшемен жүреміз; | |Ара қашықтықты сақта. |
| |- екі қол алдыда, жартылай отырып | | |
| |жүреміз; | |Екі қол белде. |
| |- екі қол тізеде, толық отырып | |Екі қол артта. |
| |жүреміз; | | |
|2 |- жай жүгіру; | | |
| |- оң және сол жақ иықпен жүгіру; | | |
| |- өкшені артқа лақтырып жүгіреміз; | | |
| |- жай жүріс, тынысты қалпына келтіру.| |Жаттығуды бір орында |
| |Орнында тұрып жалпы дамыту | |қозғалмай орындау. |
| |жаттығулары: | |Көзді жұмбай! |
| |Б.Қ: аяқ иық деңгейінде, қолымыз | |Санақтан қалмай. |
| |белде, басымызды 1 – 4 оңға, 5 – 8 | | |
| |солға қарай айналдырамыз; | |Шынтақты бүкпей. |
| |Б.Қ: екі қол иықта, 1 – 2 алға, 3 – 4| | |
| |артқа айналдырамыз; | |Қолды тік ұста |
| |Б.Қ: екі қол жанда, алақан жұмулы, 1 | | |
|ІІІ|– 4 алға, 5 – 8 артқа қарай |25 минут | |
| |айналдырамыз; | | |
| |Б.Қ: екі қол алдыда, 1 – отыр, 2 – | |Оқушыларға қауіпсіздік |
| |тұр, 3 – 4 қайталаймыз. | |ережелерін ескерту және|
| | | |есте сақтау. |
| |Негізгі бөлім: | | |
| |1.Оқушыларға допты кедергілердің | |Допты оң және сол |
| |арасынан алып жүрудің әдістерін | |қолмен де алып жүруге |
| |үйрету. Допты әдеттегі ыршытып алып | |болады. Допты алып |
| |жүру кезінде баскетболшының екі аяғы | |жүргенде адымды кең |
| |аздап бүгілген, денесі сәл еңкейген, | |ашып, баяу жүгіруге де |
| |допты алып жүретін қолы шынтақтан | |болады. |
| |бүгілген қалыпта болады. Допты алақан| | |
| |және саусақтардың ұшымен жерге итере | | |
| |ұрып ыршытады. Допты алып жүру | | |
|ІV |ойынщының қозғалу бағытымен |2 минут | |
|1 |байланыстыра жүргізіледі. | | |
|2 |2.Оқушыларды екі топқа бөліп, | | |
|3 |кедергілер арасынан допты жерге соғып| |Тынысын қалпына |
| |алып жүру арқылы жарыстырамын. | |келтіру. |
| | | |Кемшілігін айту. |
| |Қорытынды бөлім: | |Үйге: Допты |
| |Оқушыларды сапқа тұрғызу; | |кедергілердің арасынан |
| |Оқушыларды бағалау; | |жерге соғып алып жүруді|
| |Сабақты аяқтау. | |үйрену |

Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Тұрмағамбет ауылы
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Тасымова Мәншүк


Ұқсас жұмыстар
Спорттық жарыс
Тақырып - Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсатын түсіндіру
Өмірмен байланысын жақсарту
Әңгіме кім туралы
Спортты-математикалық эстафета
Интернат қоймасы. 3 сынып
Жүйрік болсаң, озып көр сайыс
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Жүргізуші - велосипедпен кедергілердің арасымен жүру
Пәндер