Жасанды интеллект жүйесін қолданатын салалар

Қысқа мерзімді жоспары
Қысқа мерзімді жоспары: Бөлім
Жасанды интеллект
Қысқа мерзімді жоспары: Педагогтың аты-жөні
Құлмырзаева Нұрбақыт Оразбекқызы
Қысқа мерзімді жоспары: Күні
Қысқа мерзімді жоспары: Сынып 11 а
Қатысушылар саны
Қатыспағандар саны
Қысқа мерзімді жоспары: Сабақтың тақырыбы:

Жасанды интеллект жүйесін қолданатын салалар

Қысқа мерзімді жоспары: Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11. 3. 4. 2 жасанды интеллектіні өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда қолдану салаларын сипаттау

11. 3. 4. 1 машина оқыту, нейрондық желілер (нейрондар және синапстардың) қағидаттарын түсіндіру

Қысқа мерзімді жоспары: Бағалау критерийі:
Барлық оқушылар:
Қысқа мерзімді жоспары: ЖИ-нің анықтамасын тұжырымдайды.
Қысқа мерзімді жоспары: Көптеген оқушылар:
Қысқа мерзімді жоспары: ЖИ-нің қолдану аймақтарын сипаттайды .
Қысқа мерзімді жоспары: Кейбір оқушылар:
Қысқа мерзімді жоспары: Қолдану салаларына сәйкес ЖИ-нің артықшылығы мен кемшіліктерін ажыратады

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың кезені/ уақыт: Сабақтың басы
Педагогтың әрекеті:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

ҚБ: жұлдыз / 2 балл/

Оқушының әрекеті:

1. Мұғаліммен амандасады.

2. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3. Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4. Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

5. Бағалайды.

Бағалау:

Жұлдыз

2 балл

Ресурстар: Жұмыс дәптері
Сабақтың кезені/ уақыт: Сабақтың ортасы
Педагогтың әрекеті:

Оқулықпен жұмыс

Білу және түсіну

Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы

белгі қойып отырады:

+ - мұны білемін;

- мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;

v - мен үшін бұл жаңа нәрсе;

? - маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.

Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен

сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.

Жұптық жұмыс

Сұрақтарды талқылау:

1. Жасанды интеллектіні қолданатын қандай салаларды атай аласыңдар?

2. Білім беру саласында жасанды интеллекті пайдаланылса, қандай

мәселелерді шешуге болады деп ойлайсыңдар?

3. Жасанды интеллект ойынға не үшін керек?

4. Жасанды интеллектіні экономикада қолданудың қандай артықшылықтары

бар деп ойлайсыңдар?

5. Интеллектуалды жүйелер дамыған жағдайда қандай маман иелері жұмыссыз

қалуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

ДК-мен практикалық жұмыс

1. а) Мәтінді орыс тіліне өздерің аударыңдар.

ә) Мәтінді мәшинелік аударманың көмегімен аударыңдар.

б) Аудармаларды салыстырып, қорытынды жасаңдар.

2. Жасанды интеллекті қолданылатын саланы таңдап, оның сол салада

қолданылу артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңдар. Кестені толтырыңдар.

3. Интернеттің іздеу жүйелерін қолданып, өз қызметінде жасанды интеллектіні

белсенді түрде қолданатын 10 компанияның тізімін жасаңдар.

4. Интернеттің іздеу жүйелерін қолданып, жасанды интеллектіні қолдану

қаншалықты жақсы болса да, оны өз қызметінде қолданудан қасақана бас тартып

отырған 10 компанияның тізімін жасаңдар.

Топтық жұмыс

2-3 топқа бөлініп, берілген сұрақты талқылайды.

- Интеллектуалды жүйелер дамыған жағдайда қандай маман иелері жұмыссыз

қалуы мүмкін?

№1 тапсырма: Жасанды интеллектіні білім беру мен оқыту түрлеріне

қолданудың сипаттамасын салыстыр.

Түйін сөздер:

1. Оқушылардың қалауын ескере отырып оқу материалдарын таңдау,

сұрыптау.

2. Оқушының қалауы мен қызығушылығын ескере отырып оқу жоспарын құру.

3. Оқытатын материалдарды қадағалау және жақсы меңгеруі үшін

қайталауды ұсыну.

4. Оқушының қашықтан емтихан тапсыру кезіндегі әрекетін бақылау.

5. Оқытатын материал оқушының білім деңгейін, тәжірибесін, қабілетін

ескепке ала отырып беріледі. Чат-боттарды пайдалану.

№2 тапсырма: Кестені қалпына келтір.

Түйін сөздер:

- Виртуалды әлемдегі өзгеріс.

- Мінез-құлық реакциясы.

- Ойынщшының әрекеті.

-Шешім қабылдау.

- Қозғалу.

- Нысандарды анимациялару.

№3 тапсырма: Дұрыс жауаптарды белгіле.

Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату

Тапсырмаларды орындату арқылы жаңа сабақ тақырыбы бекітіледі.

1. Жасанды интеллектіні экономикада пайдаланудың қандай артықшылықтары

бар?

2. Деңгейлік тапсырмаларды орында.

А деңгейі. Интернеттің іздеу жүйелерін пайдаланып, өз қызметінде жасанды

интеллектіні белсенді түрде пайдаланатын 10 компанияның тізімін жаса.

В деңгейі. Жасанды интеллект пайдаланылатын саланы таңдап, оның сол салада

қолданылу артықшылықтары мен кемшіліктерін бағала. Кестені толтыр.

С деңгейі. Интернеттің іздеу жүйелерін пайдаланып, жасанды интеллектіні

пайдалану қаншалықты жақсы болса да, оны өз қызметінде пайдаланудан түрлі

себептермен бас тартып отырған 10 компанияның тізімін жаса.

Оқушының әрекеті:

Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды

2- тапсырманы орындайды

3-тапсырманы орындайды

4-тапсырманы орындайды

Бағалау:
Ресурстар: Жұмыс дәптері
Сабақтың кезені/ уақыт: Сабақтың соңы
Педагогтың әрекеті:

1. Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2. Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Оқушының әрекеті: Өзін-өзі бағалау.
Бағалау:
Ресурстар:
Сабақтың кезені/ уақыт: Үй тапсырмасы
Педагогтың әрекеті:

Үйге тапсырма

1. Параграфта көрсетілмеген жасанды интеллектіні қолдану саласын іздеп тап.

2. Google және Yandex компанияларында жасанды интеллектісінің

пайдаланылуына салыстырмалы талдау жаса.

Оқушының әрекеті:
Бағалау:
Ресурстар:

Ұқсас жұмыстар
Жасанды интеллект
ҚОҒАМДАҒЫ ИНФОРМАТИКА
Ақпарат және информатика
Қауіпсіз интернет ережелері
Жердің жасанды серіктері
Қауіпсіздік техникасы. информатика пәнінің міндеттері, анықтамасы
Интерфейстің тәсілдері
Сабақты ұйымдастыру
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары
Информатиканың негізгі түсініктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz