Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

ОТБАСЫ ТАТУЛЫҚ

ШАМАЛҒАН БЕКЕТІНДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ

Тәрбие сағаты
<<Отбасы - тіршіліктің тірегі>>

Дайындаған: Пирманова М.Ж

2021 жыл
Тақырыбы: <<Отбасы - тіршіліктің тірегі>>
Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сынып сағаты
Әдісі: әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,Презентация отбасы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге,
Алақанға ұрайық.
Психологиялық сәт. <<Еркелету>> жылулық шеңбері. (ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту)
- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер - бұл әлемдеі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
ІІ. Мұғалімнің сөзі.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмірбосқа тек.
Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана.
Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке - тірек,
ана - жүрек,
бала - тілек.
Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үштағаны іспеттес.
- Балалар, біз неліктен бүгін отбасы туралы сөз қозғамақпыз?
- (оқушылардың жауабы тыңдалады)
- қыркүйектің екінші жексенбісінде қандай мереке аталатын болады?
- Отбасы күні мерекесі.
Ой-қозғау.
1. Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан тұтасыздар? Соларды атап өтсеңіздер.
Топтастыру.
Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып, бақытты өмір сүруі үшін қандай болуларың керек?
Отбасы тірек сызбасын толтыру.
ОТБАСЫ
ТАТУЛЫҚ
МЕЙІРІМ
ЖАҚСЫ
ЖАМАН
ҰРЫСУ
БАҚЫТТЫ
СЫЙЛАСТЫҚ
СЫЙЛАМАУ
Мақал - сөздің мәйегі.
Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың
Сыйламасаң, жан қинарсың.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
Мұғалімнің сөзі.
Әке, Ана - үш-ақ әріп тіршілік,
Үш әріптен үлбірейді гүлшығып...
Баланың ыстық-суығына күймейтін,
жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.
Бүгін ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді.
Біз бақытты жанұямыз:

Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы татулық
Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық-бір ел-бір тағдыр туралы
Сабақтың қорытынды сәті
Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу
Отбасындағы қарым-қатынас
Сен отбасында кімсің
Жанұям-қорғаным,ата-анам-тірегім!
ОТБАСЫ жақындастырушы
Тәрбие тал бесіктен басталады. 9 сынып
Сабақ ортасы
Пәндер